Сөзсайыс: Мәшһүр ЖҮсіп ақан сері



Дата11.04.2022
өлшемі37,5 Kb.
#30644
Байланысты:
Мәшһүр Жүсіп Көпеев СӨЗСАЙЫС


СӨЗСАЙЫС: Мәшһүр ЖҮСІП - АҚАН сері

Сәкен Сейфуллин Көкшетау өңірінде өз шығармаларын жазумен, Ақан сері өлеңдерін тірнектеп жинаумен ғана шектелмей, атақты сазгер, айтулы ақынның жазба айтыстарына да көңіл аударыпты. Өзі құрастырған жинақта


ол былай деп жазыпты: «Ақан серінің Сүйіндік-Қаржас Мәшһур Жүсіппен айтысқаны қағаз жүзінде болыпты. Айтыстарының тақырыбы Көкшетаудағы Абылай ханның ұрпақтарын және Сүйіндік-Қаржас Шорман ұрпағын мақтау болған. Айтысқан заманы 1888-1896 жылдар дейді.

Бұл өлеңді Махмет Құрманқұлұлы деген кісі «1912 жылы Ақанның өз аузынан жазып алып едім, бірақ ол жазбам


жоғалып қалып, мынау өлеңдер тек жадымда қалғаны дейді. Біразы ұмытылған дейді».
Ал халық әдебиетін жинаушы, насихаттаушы Ғаббас Омарұлы Елеусізов «Ақан сері мен Мәшһүр Жүсіптің Шыңғыс сұлтанның оны мақтаған айтыс өлеңдері» деп қайырады.
Біз сол екі нұсқаны салыстыра отырып, кеміс жерлерін толықтыруға трыстық.

Мәшһүр ЖҮСІП:


Ғиззатлу, уа құрметлу жаздым сөзді,
Бек артық көрдім сізде дана көзді.
Өзімнің қадари-хал білгенімше,
Сөйлейін бек мадақлап енді сізді.
Өзгеден затың абзал, сәруар гүлім,
Ашылды сізді көріп менің тілім.
Сөйлейін енді кімге сізден артық,
Бар болса тіл мен жаққа сөйлер жерім.
Нұрың бар асып тұрған басқа жаннан,
Нәсілің болған сіздің Абылай ханнан,
Сипатың, салтанатың, болған тегің
Ұқсайсың періштеге атқан таңнан.
 Құдайым тауып қосқан жарыңызды
Түзеткен бұл жалғанда барыңызды.
Атаң хан, анаң ханым, өзің сұлтан,
Дегдарым осындайда таны бізді.
Сағымнан пайда болған арғы тегің,
Мақтауға қалай келмес менің ебім,
Дәріптеудің түрлерін айтсамдағы,
Тіл байлығым жетпей тұр, кемеңгерім.
АҚАН сері:
Төрелер тегің асқан барша жаннан,
Асыл боп бір шыққан ер мұсылманнан.
Шежіреде арғы затың тарайды екен,
Сағымнан пайда болған Шыңғыс ханнан.
Төреге мейман болдық сәлем беріп,
Мүбәрәк шатланамыз жүзің көріп,
Алланың артық берген даражасын,
Азырақ мадақлайын хатқа теріп.
Махмет пен Қозыке, Қоқыш, Жәкенің бар,
Біріңе хан, бірің сұлтан, бәрің берік.
Болғанда бірің болат, бірің балға,
Бірің бал, бірің шекер, бірің алма.
Бірің тұйғын, бірің сұңқар, бірің лашын,
Неғылып теңгересің жалпы жанға!
Мал, бағың тәңрі берген бәрі тегіс,
Не берсін бұдан артық бір адамға?
Жұртына екі патша қатын жүріп,
Шүршіт тарту беріпті Уәли ханға.
Патша да дүбәранин берген сыйын,
Қағазбен хатың шыққан мұсылманға.
Қаржастың ақындары жеткізбепті,
Үш жүзге әмір шашқан Абылайға.
Қоқыш-ау, тәңрі берсе қонар бағың,
Баласы ханзаданың арғымағым!
Туасың қай тегіңнен жаман болып,
Болаттай тастан қайтпас екі жағың!
Әуелде, ақыры да Шыңғыс болып,
 Үзілмей келе жатыр алтын тағың.
Көріп ем нағашы атаң салтанатын,
Көп нөкер қасына ерген жамағатын.
Қасында інісі мен балалары,
Құдай артық жаратқан қолғанатын.
Сағынай қажы асына барған шақта,
Жұртқа ашып сөйлеп едім хикаятын.
Керейге құлагермен барған кезім,
Бақытына Мұса мырза түскен көзім.
Жиылған алты дуан ұрулары
Көтерген бастарына айтқан сөзін.

Мәшһүр ЖҮСҮП:


Мақтауға не жөні бар сотқар балға?
Бұл сөзің пәртиә емес шекер-балға.
Сөзіңді арғымақ деп мақтау қылып,
Төреңді теңеймісің хайуан малға?
Жеткізіп айта алмайсың, білімің шолақ,
Оқытар ем тіліңді үш жыл бұрап.
Бұл жерде қайтарам деп қаға алмайсың,
Қайта өзің жығыларсың жарға құлап.
Хан болған Абылайдай үлгілім-ай!
Бес мейрам баласына белгілім-ай!
Жеті атаң жеті руға хан боп өткен,
Бәйге алған оза шауып дүлділім-ай!

АҚАН сері:


Мақтауда жөні осылай асыл заттың,
Үлгісін көріп алдың біздің хаттың.
Біздің хат сіздің елге жөн көрсетіп,
Мақтауын хан Абылай жаңа таптың.
Иншалла, ұстаз болдым құрбым саған,
Сыйлайсың көрмесек те бізді тамам,
Сіздерге сөз тәртібін көрсеткен соң,
Әдепсіз жауап жаздың нешік маған?
Балғадай әмір еткен Абылай хан
 Соғылған сом темірдей әртүрлі жан.
Бақ дүкені құрылған заманында,
Тілі тентек тыйылған Уәли ханнан.
Ханнан тыю көрмеген жан бар ма екен,
Баласы үш алаштың дін-мұсылман?
Шөрекеңдей мақтадым үлгіліңді,
Мұса мырза – данышпан бұлбұлыңды,
Орта жүздің ішінде төре-қара,
Асылың мен мадақлап белгіліңді.
Төрелердің айтқаны күліп келді,
Асылын біздің сөздің біліп келді.
Оның заты адам ба, айуан ба,
Қоқыш төрең бір дүлділ мініп келді.
Мысал қылған сөзіме ақылың жетпей,
Тексеріп өлеңменен сұрайсын мән.
Шыңғысхан, Уәлихан бәрі мағзұм,
Арғымақ, балға, төске пәтуа пәрман.
Пәтуаға да болмай ма тоқтарыңыз?
Бізге деген қаңғып тұр оқтарыңыз.
Сілтеудің мағанасын білмегеннен,
Тимей ме өз басыңа шоқпарыңыз?
Жалғыз боп, құрбым, өзің жығылсаң да,
Сияз қылмай болмас-ау тоқтарыңыз!

https://www.zharar.com/index.php?do=shorttexts&action=item&id=49803 сайтынан алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет