Статья посвящается роли К. И. Сатпаева в открытии богатств недр Казахстана, развитии науки и производительных сил, являющиеся основой



Pdf көрінісі
Дата21.03.2017
өлшемі121,74 Kb.
#10069

М. Бакенов, Қаз. Ұлт. Ғыл. Акад. мүше-корресп., проф., ҚазҰТУ

ҚАНЫШ СƏТБАЕВ – XX ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА

Статья  посвящается  роли  К.И. Сатпаева  в  открытии  богатств  недр

Казахстана, развитии  науки  и  производительных  сил, являющиеся  основой

независимости республики.

The article is devoted to the K. Satpaev’s discovery of nations wealth of Kazakhstan,

nations and industrial power development, which is a basis of the independency of RK.

Мəңгі тарихта қалатын оқиға – Юнесконың шешімімен 1999 жыл Қаныш Сəтбаев

жылы деп жариялануы. Осылайша дүниежүзіне аты əйгілі біртуар ғұлама ғалымның өз

отанына, халқына, əлемге  жəне  білім  мен  ғылымды  дамытуға  сіңірген  зор  еңбегі

бағаланып отыр. Артына асыл мұра қалдырған абзал жан Қаныш Сəтбаевтың жарқын да

сүйкімді бейнесі оның жаратылысына тəн табиғи нəрсе.  Уақыт 

өткен 

сайын


Республика  ғылым  Академиясының  іргетасын  қалаған  оның  тұңғыш  Президенті,

қазақстандағы ғылым дəрежесін дүниежүзілік деңгейге көтерген батыр тұлға – Қаныш

Сəтбаевтың қадірлі есімі жақұттай жарқырап ел есінде мəңгі қалады.

Атақты геолог-ғалым ақырғы деміне дейін жер қойнауындағы үнсіз тұнба боп жатқан

сан  алуан  қазба  байлықтарды  əр  жақты  зерттеп-игеру, оларды  халықтың  игілігіне  толық

пайдалану, асыл қазыналардың ғаламат бай кен көздерін табу, əсіресе болашағы зор мұнай,

алтын, түсті  жəне  сирек  кездесетін  металдардың  кен  орындарын  ашу  сияқты  күрделі

проблемаларды  шешу  үшін  еңбектенді. Қаныш  Сəтбаевтың  көп  жылдар  бойы

жасаған  геологиялық  барлау  жəне  ғылыми  зерттеу  еңбегі  нəтижесінде  мыс  рудасының

орасан  зор  қорының  біраз  көлемді  орынға  жиналғаны  анықталды. Сөйтіп  географиялық

картада  дүниежүзілік  ірі  мыс  кен  орны – алып  Жезқазған  пайда  болды. Осы

Жезқазған-Ұлытау  өңіріндегі  қазба  байлықтарды  жан-жақты  зерттеуге  арналған  еңбегі

үшін  Қ.Сəтбаевқа  Мемлекеттік  сыйлық  берілді, ал  Жезқазған  кен  көзін  ашқаны  үшін

Ленин  орденімен  марапатталды. Еліміздегі  түсті  металлургия  өндірісін  дамытуға  қосқан

бұл  ғаламат  кен  орнының  үлесі  орасан  зор  еді.  Дəуірлік  мəні  бар  Жезқазған  руда

құрамында мыстан  басқа  рений, осмий  сияқты  сирек  кездесетін  қымбат  элементтер

кездеседі. Осы  мол  байлықты ысырапқа  салмай  пайдалану қажет екендігін, ал ол

үшін  жаңа  технологиялық  əдістерді  ойлап  табу  керектігін  Қанекең  үнемі  айтумен

болды, оның жолдарын да көрсетті. Өкінішке орай, бұл проблема əлі де толық шешілмей

отыр. Шеттен  келген  инвесторлар  сүттің  каймағын  сыпырғандай  аса  бай  рудаларды

өндірумен  шұғылдануда, сол  себепті  құрамы  нашар  руданың  қоры  көбейіп  шикізаттың

сапасы  өте нашарлап  кетті. Руда  өндірудің  қалыптасқан  технологиясын  бұзып, кері

тəсілмен  жұмыс істеу өнеркəсіптің келешек өмірінің қысқаруына əкеп  соғатыны  белгілі.

Сондықтан 

инвесторлармен 

жасалған 

келісімдер 

мен 


оларға 

берілген


лицензиялардың  шарттары,  жер  қойнауын  қорғау  туралы  заң  іс  жүзінде  орындалуға

тиіс. Міне  осыған  байланысты  кен  орындарын  жан-жақты  зерттеу-барлау, минералды

шикізат қорын молайту жəне руда өндіру əдістерін үнемі жақсартып отыру қажет.

Осы  талаптардың  орындалуын  үкімет  тарапынан  тікелей  тексеріп  отыру  өзекті

мəселенің  бірі  болып  табылады. Сондай-ақ  басқару  жүйелерінің  құрылымы  мен

жұмысын жақсартуға ерекше мəн беру керек.

Талантты  ғалым  Қаныш  Сəтбаевтың  тікелей  жетекшілігімен  мұнай  мен  газ  кен

орындарын  мұқият  жəне  кең  көлемде  зерттеу  жұмыстары  да  жүргізілді.  Ол  қазақ

даласының  пайдалы  қазыналарға бай екенін,  əсіресе  Маңғыстау түбегінде мұнай мен

газдың  мол  қорларын  іздеу  керектігін  айтып  бірнеше  мақалалар  жазды. Оның

басқаруымен  жасалған  жоспарлар  мен  жобалар  да  осыны  дəлелдеп  отырды. Жұртқа

белгілі  кейінгі  жылдары  Маңғыстауда  Жетібай, Өзен  жəне  тағы  басқа  ірі  мұнай



кен орындары табылды. Осы мұнай кен көздерін ашушылар ішінде Қ.И.Сəтбаев есімі жоқ

бола тұрса да 40-50 жылдардағы Қанекеңнің мақалалары, болжамдары оның еңбегінің зор

екендігін  көрсетеді. Қаныш  Имантайұлының  ұсынысы  бойынша  жəне  оның  тікелей

басшылығымен  Гурьевте (қазіргі  Атырауда) жүргізілген  бүкілодақтық  кеңесте

мұнай  өндіруді  арттыру  жəне  мұнай  мен  газдың  жаңа  кен  орындарын  іздестіру

проблемалары  қаралды. Бұл  жаңа істі ғылыми түрде жүргізу үшін  Атырауда мұнай жəне

табиғи тұздар ғылыми-зерттеу институты құрылды. Жаңашыл ғалым Қаныш Сəтбаев

жергілікті мекендерді газбен үнемі қамтамасыз ету үшін Кендірлік кен орны мен Майкөбе

бассейнінің  энергетикалық  көмірлерін  игеру  мəселесін  көтерді, зауыт  салып  олардың

бензин, керосин, тыңайтқыштар, медициналық препараттар жəне басқадай жасанды заттар

алу  мүмкіншілігін  көрсетті. Сонымен  бірге  осы  Майкөбе,  Борлы,  Сарыадыр  жəне

тағы  басқа  кен  орындарындағы  көмірді  жер  астында  өртеу  арқылы  көптеген  қала

тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге болатындығын айтты. Қанекеңнің бұл ойларын

жүзеге  асырудың  зор  маңызын  айтпаса  да  болады. Батыс  Қазақстанның  табиғи  жəне

ілеспе газын пайдалану, Атырау мұнай өндеу зауыты мен Ақтөбе химия комбинатын

жергілікті шикізат базасына өркендету туралы бірнеше мақалалар жазды.

Қаныш  Сəтбаевтың  анықтауы  бойынша  энергетикалық  ресурстар  катарына

көмірден басқа мұнай жəне газ, су мен жел қуаты, күн энергиясы жатады. Ол бұларды

халық  игілігіне  əсіресе  электроэнергия, көмір, газ  жетіспей  жатқан  жерлерде

пайдалану  мүмкіншілігін  көрсетті. Сондықтан  республикада  жергілікті  газды

қолдануды, осы  газбен  жұмыс  істейтін  электростанциялар  салуды  қолға  алған

дұрыс. Егер  осы  мəселе  шешілсе  көмір, смала, тағы  басқа  отын  түрлеріне  деген

қажеттілік  азаяды  жəне  өте  апатты  атомэлектростанцияларының  жұмысын  тоқтатуға

мүмкіндік  туады. Ал, осындай  бірнеше  атомэлектростанцияларын  салу  республикамызда

белгіленіп отырғаны көпке мəлім.

Қаныш  Сəтбаевтың  ғылыми  көрегенділігі  мен  ұйымдастыру  қабілетінің  бір

көрінісі - Ұлы  Отан  соғысының  сұрапыл  жылдарында  отанды  қорғауға  өте  қажет

болған  стратегиялық  маңызы  зор  марганец  рудасының  ірі  кен  орнын  табу, жедел

зерттеу, іске қосу жəне тез арада Оралдағы металлургиялық зауыттарға жөнелтуі. Бұл

кезде  Никополь  марганец  кен  орнының  жау  қолында  қалуына  байланысты  еліміз

осы қажетті шикізаттан қол үзіп қалған еді. Осының орнын толтыру үшін Қанекең,

өзі тапқан Жезді марганец кен орнын зерттеп-игеру үшін тыным таппай жұмыс істеді,

ақыры  Магнитогорск  ферро-марганец  зауытын  шикізатпен  қамтамасыз  етті. Осы

зор  еңбектің  нəтижесінде  өндіріс  орындарының  жұмысын  қорғаныс  жəне  жеңіс

мүддесіне жұмылдыруға мүмкіндік туды.

Өндіріс  мұқтажын  жақсы  білетін  Қ.Сəтбаев  ғылым  жетістіктерін

өнеркəсіпке  кеңінен  жəне  толық  енгізуге  бар  күшін  салып  еңбек  етті. Күрделі

өндіргіш  күштерін  өркендетуге  қажет  көптеген  кен  орындарын  жан-жақты  зерттеу,

оларды 

жедел 


іске 

қосу 


нəтижесіндс 

жаңа 


металлургиялық 

зауыттар,

электростанциялар, су қоймаларын, каналдар салуда Қаныш аға үлкен рөл атқарды.

Қаныш Сəтбаев басқарған академия геологтары өндіріс ұжымдары мен бірлесе

отырып  елімізде  бірінші  болып  комплексті  металлогендік  болжамдар  картасын

жасады.  Бұл  еңбектің  маңыздылығы  –  республика  территориясын  жаңа  геологиялық

тұрғыдан  тергеуге, қазба  байлықтардың  жер  қыртысындағы  қалыптасу  заңдарын

ашып,  олардың  кен  орындарын  анықтауға, минералдық  шикізат  қорын

мо лайтуғ а,  сөйтіп  ғылыми  ұсыныстардың  тиімділігін  арттыруға  мүмкіншілік

туғызды.  Геология  ғылымына, оның  жаңа  саласы  металлогенияны  дамытуға  қосқан

зор  үлесі  үшін  Қаныш  Сəтбаев  бастаған  бір  топ  ғалым-геологтарға  жоғары

дəрежелі  Лениндік  сыйлық  берілді. Қаныш  ағаның  көмегімен  металлогениялық

карталар  Орта  Азия  республикаларында  да  жасалды. Олар  геологиялық  барлау

жұмыстарының жемісті болуына игілікті əсер етіп келді.



Аса  маңызды  пайдалы  қазба  кенорындарын  табу-зерттеу, Қаратау  қойнауы

мен  Алтай  алыбындағы  түсті  металлургия  өнеркəсіп  аудандарын  дамыту,

Маңғыстаудағы  аса  бай  мұнай  ресурстарын  ашу  жəне  өндіру, Солтүстік  пен

Оңтүстік  жəне  Орталық  Қазақстанның  индустриялық  даму  мүмкіншілігін  ұлғайту,

жер  астындағы  су  қоймаларын  іздестіру  сияқты  проблемалардың  шешілуі

Қанекеңнің  еңбегімен  тығыз  байланысты.  Бұдан  біз  өндіріспен  тығыз  байланыс

жасау  арқылы  ғылымның  өндіргіш  күштерге  айналатынын  көреміз. Сөйтіп  Қанекең

ғылымға  өзінің  лайықты  зор  үлесін  қосты. Қазақ  ғылым  Академиясының  негізін

қалаған  тұңғыш  Президенті, қазақтан шыққан  тұңғыш  академик Қаныш Сəтбаев

өз  халқына  үлкен  абырой  мен  қуаныш  əкелді. Қазақстандағы  ғылым  жетістіктерін

дүниежүзіне танытты.

Қ.И.Сəтбаевтің  тікелей  қатысуымен  геология  жəне  жер  қойнауын  қорғау

министрлігі  құрылды.  Бұрын  бытырап  жатқан  барлық  геологиялық  барлау

жұмыстарды 

бір 

жерге 


шоғырландыруға, геологиялық 

барлау 


ісіндегі

бытыраңқылықты  тоқтатуға, жер  қойнауындағы алуан түрлі байлықтарды жан-жақты,

əрі  жоспарлы  түрде  зерттеуге  мүмкіндік  туды. Қанекеңнің  басшылығымен

жүргізілген  жұмыстар  нəтижесінде  геологиялық  карталар  жасалды, оларға  сүйене

отырып жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың талай кеніштері  ашылды, ал  оларды

зерттеу, барлау  анағұрлым  озық  əдістермен  жүргізілді. Бұл  бағытта  қазір  де  көп

жұмыс істеу керек, əсіресе  экономикалық  дағдарыстан шығу  кезеңінде. Қанекең  біз

алдағы  болашағымызды  ойлауымыз  керек  дейтін.  Себебі  бір  кезде  қазақ  жерін

иемденген  ағылшындар, геологиялық  барлау  жұмыстарын  өрістеткен  жоқ,

керісінше оған бөгет болды. Сондықтан биржалық алып-сатушыларға тəн көбік көзділіктен

аулақ болғанымыз жөн деуші еді.

Қ.И.Сəтбаев  ғылымның барлық саласында  жас мамандарды  дайындауды  ең  бір

бас  мəселе  деп  есептеді. Оларды  тəрбиелеп  өсіруге  өзі  де  тікелей  қатысты.

Қанекеңнің  қамқорлығы  арқасында  ғылым  академиясының  жанында  бірнеше

ғылыми-зерттеу  институттары, табиғи  жəне  минералогия  музейлері, жоғары  маман

ғылыми  кадрларды  дайындайтын  аспирантура  мен  докторантура  құрылды, онда

көптеген  қабілетті  ғылым  докторлары  мен  ғылым  кандидаттары  дайындалды.  Ал,

республикада  жоқ  ғылыми  мамандарды  дайындау  үшін  талантты, болашағынан

үміт  күтуге  болатын  жастар  Мəскеу  мен  Санкт-Петербургке  аспирантура  мен

докторантураға  жіберілді.  Олардың  білімін  шыңдап  жоғары  көтере  берулеріне

мүмкіндік жасалды. Осылайша Қанекең ғылыми кадрлардың сапа жағынан өсуіне

ерекше  көңіл  бөлетін, өзінің  теңдесі  жоқ  педагогикалық  өнерімен  жастарға  əкелік

қамқорлық  көрсететін. Олармен  жиі  кездесіп, үлкен  ықыласпен  тыңдап, жұмыс

бағытымен танысып, ақыл-өсиетін айтатын, қолдан келген  көмегін аямайтын. Қаныш

аға  уақытының  тығыздығына  қарамастан  аспиранттармен  бірге  инженер, мектеп

оқушыларымен  жəне  студент  жастармен  де  жиі  араласатын, кейбіреулеріне  тіпті  өз

қалтасынан материалдық көмек көрсететін. Жастардың ой-арманын түсіне білетін. Оларды

адамгершілікке, сыпайлыққа, еңбек сүйгіштікке, отанын жəне халқын сүюге тəрбиелейтін.

Қ.Сəтбаев мектебінен көптеген жас мамандар мен ғалымдар өмірге жолдама алды,

олардың ішінен көптеген ғылым докторлары, өнеркəсіп басшылары, мемлекет жəне қоғам

қайраткерлері  шықты. Қанекеңнің  Орта  Азия геолог  кадрларын дайындауға  да көп  көңіл

бөлгені белгілі. Қаныш  Имантайұлының  қатысуымен  қалыптасқан  осындай  байланыстар

бүгінге дейін жемісті түрде жалғастырылуда.

Қаныш  Сəтбаев  техниканың  əртүрлі  салаларынан  инженерлер  дайындайтын

Қазақ тау-кен-металлургия институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық техникалық университет)

ұйымдастыруға  белсене  қатысты, мұны  ұйымдастыру  үшін  ВСХИ, СССР  ауыр

өнеркəсіп  халық  комиссариатында,  жоғары  білім  беру  басқармасында  мəселе

қойды, оны  ұтымды  шешуге  тікелей  қатысты. Институт  өзінің  тұңғыш  инженерлерін

шығарғанда  Қанекең  мемлекеттік  емтихан  комиссиясын  басқарды. Институтты


бітірген  жас  мамандарға  тілек  білдіріп  жемісті  ақ  жол тіледі.  Одан  кейінгі  жылдарда  да

осы  жұмысын  жалғастырып  өнеркəсіпке  инженер  кадрларын  дайындауға  тікелей

қатысты. Академик  Сəтбаевтың  қамқорлығымен  құрылған  бұл  институттың  мыңдаған

түлектері еліміздің  барлық  аймақтарында  жəне  шет  елдерде  айтарлықтай  еңбек  етіп

жүр. Олар зор мақтанышпен, үлкен  ризалықпен  Қ.И.Сəтбаевті өздерінің камқоршысы,

ұстазы  деп  санайды. Ғылым  мүддесін  қатты  қорғайтын  Қазақстанда  бұрын  болмаған

ғылымның жаңа салалары мен бағыттарының (металлогения, геотехнология, астрофизика,

ядролық  физика, радиогеология, өнер  зерттеу, химия-металлургия, биология,

эксперименттік  хирургия, зоология, ботаника, археология, физика-математика,

кибернетика, т.б.) іргесін  қалауға  ат  салысты, олардың  кадрларын  даярлады, жаңадан

құрылған іргелі үлкен ғылыми-зерттеу институттарының материалдық-техникалық жəне

рухани  базасын  жасауға  талмай  еңбек  жасады. Айрықша  жаратылған  ғұлама  ғалым

Қ.И.Сəтбаев өзінің есімімен, ақыл-парасатымен келесі ұрпақтарды да өмірге, еңбекке, өз

халқын жан-тəнімен сүюге, оған адал қызмет атқаруға үйрете бермек.

Халық  арасында  данышпан  деп  аталған  ұшан-теңіз  ойлы  Қ.И.Сəтбаев  шын

мəнісінде азаматымыздың энциклопедиялық білімпаз ғалымы болды. Мұхтар Əуезов

тауып  айтқандай "ол  химикпен  де, биологпен  де, физикпен  де, медикпен  де, жəне

тарихшымен  де,  тілші  əдебиетшімен  де,  өздерінің  ғылыми  тілінде  сөйлесе  білетін".

Сондықтан  сан  алуан  талантты, тіпті  шет  елдерде  де  даңққа  бөленген  Қаныш  Сəтбаев

ХХ-ғасырдағы Ломоносовтық типтес ғалымдардың өкілі деп саналады.

Алыстан аңғарып болжайтын Қаныш Имантайұлының ұйымдастыруы жəне тікелей

басшылығымен  Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Гурьев (Атырау) қалаларында

өткізілген  ғылыми  сессиялардың  өнеркəсіп  пен  ғылымның  өркендеуіне  тигізген  əсері

ойдағыдай жемісті болды. Сөйтіп ғылымның тікелей өндіргіш күш екендігі байқалды.

Халықтың  жақсы  қасиеттерін  бойына  сіңірген  халық  поэзиясын, əн –

мəдениетін көп білетін Қаныш аға тек жалғыз геология ғылымына ғана емес, сондай-ақ

көркем  əдебиет  пен  көркем  өнерге  де, мəдениет  пен  тарихқа  да  жəрдемші  болды,

олардың  дамуына  өз  үлесін  қосты. Мұхтар  Əуезовтің "Абай" романы  жарық  көргенде,

оның тек қана ғажайып көркем дəуірлік əдеби шығарма емес, сонымен бірге баға жеткісіз

ғылыми еңбек туындысы екенін айтып жоғары баға берген Қаныш Сəтбаев болатын.

Мұхтар  Əуезовте  Қанекеңе  ерекше  ілтипатын  білдіретін. Оны  Əуезовтың ''Қаныш

ағаға ердім  де, геолог  боп  кете  жаздадым  емес пе?" - деген  сөзінен  байқауға  болады.

Белгілі  ғалым  Ақжан  Машанов  өзінің  Əл-Фараби  мұрасын  зерттеуіне  тікелей

көмектескен Қаныш Сəтбаев деп мақтанышпен айтушы еді. Қанекеңнің қамқорлығы

арқасында  батыр  Едіге  туралы  халық  эпосы  жарық  көрді  жəне  Мұрын  Жыраудың

(Сенгирбаевтан) қырық  қырым  батырлары  туралы  өлең-ертегілері  жазылып  алынды.

Белгілі этнограф, əрі композитор А.В.Затаевич өз халқының музыкалық фольклорын өте

жақсы білетін, əрі ақын Қаныш Сəтбаевтан 25 əн жазып алған көрінеді. Оның айтуынша

əнқұмар  да  білгіш  жас  қазақ  инженері  Қаныш  Сəтбаев "Жинаққа  əуен  мен  саз

саласында  бірсыпыра  өте  бағалы  хабарлама  жасап  қана  қоймай, сонымен  бірге  əн

мəтіндерін  беріп, олардың  орысша  аудармасын  жасаған  тамаша  білгір. Баянауыл

əндерінің  жақсы  орындаушысы". Қанекеңнің  қазақ  əндері  жер  картасында  кездесетін

қара, сұрғылт, ақ, сары, қызыл  түсті  топырақтар  сияқты  кұлпыра  құбылып  тұрады, ал

оларды білу тұнып тұрған тұтас бір дүниеге есік ашқандай дегені оның өзінің ауқымы кең

белгілі публицист екенін көрсетеді.

Тұла  бойын  талант  кернеген  Қаныш  Имантайұлы  ұлттық  ауыз  əдебиеті,  театр-

музыка,  кино,  əн жəне  би  өнерлеріне  қатысты  зерттеулер  жүргізді,  мақалалар  жазды,

олардың көне негізі мен гүлденуі туралы пайдалы пікірлер айтты. Оның əн туралы

толғаулары, балет  жəне  хор  туралы  озық  ойлары, əзіл-сықақ  жөніндегі  тұжырымы,

ұлттық аңшылық туралы айтқан салмақты ойлары осы күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Қаныш ағаның табиғи ақыл-ойы, көп қырлы дарындылығы білімнің жəне мəдениеттің


барлық  салаларының  дамуына  ықпалын  тигізді. Қанекеңнің  өнерге  құмарлығы,

музыкалық  кабілеті, əншілігі, домбырашылығы, ақындығы  кездейсоқ  нəрсе  емес,

ол  жас  шағында  табиғаты  көркем  Баянауыл  саясында  атақты  ақын  Сұлтанмахмұт

Торайғыровпен  сырласқан, аүылына  жиі  келіп  жүрген  халық  құрмет  тұтатын  ақын

жəне  ғалым  Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев  пен  атақты  ақын-композитор  Жаяу  Мұса

Байжановтың əндерін, əңгімелерін қаныға тыңдаушы еді. Халықты аузына каратқан

белгілі  білгіштердің  қызықты  ұзақ  əңгімелерінің  жас  Қаныштың  таза  да  сүйкімді

бейнесінің, ішкі дүниесімен ой-өрісінің қалыптасуына көп əсері болғаны күмəнсіз.

Нағыз  шынайы  талант ты  Қ.И. Сəтбаев  Сарыарқада  жиі  кездесетін

қазақтың  көне  мəдениет  ескерткіштерін  зерттеп, аса  құнды  мəліметтерге  бай

маңызды  мақалалар  жазды. Осы  алуан  түрлі  мұраларды,  ерте  замандағы  су

құбырларын, кен  шығарған  орындарды, тоғандарды, ғимараттарды, тас мүсіндерді

қия жартастардағы жазуларды, жер-су аттарын жəне халық аузындағы аңыз-өлеңдерді

тиянақты  зерттеу  арқылы  көне  дəуірден  келе  жатқан  қазақ халқының материалдық

жəне  рухани  мəдениетінің  өте  жоғары  болғанын  дəлелдеді. Бұл  да  Қанекеңнің  өз

халқын  жан-тəнімен  беріле  сүйгендігінің  бір  белгісі  еді. Кейінгі  жылдары  Қазақстан

археологтары  тапқап  ертедегі  қару-жарақ  пен  бұйымдар  көне  дəуірде  бұл

жерлерде тау-кен ісінің өріс алғанын, оны мекендеген біздің ата-тегіміздің сол кезде

алтын  мен  мыс  өндірісінің  айқын  куəсі  болып  отыр.  А

Л

Қаныш  ағаның  ғылыми



болжауларының  дұрыстығын  жуырда  Есік  қаласында  табылған "алтын  адам" мен  мұз

ішінде  сақталған (Шығыс  Қазақстан) алтын  бұйымдардан  көруге  болады.

Даналығымен  өз  халқын  жəне  өз  елін  барша  əлемге  жан  жақты  танытқан  Қаныш

Сəтбаев  газет-журнал  беттерінде  біліммен  ғылымды  насихаттап, ғылымның  енді

тікелей өндіргіш күш екенін  айтып көптеген  мақалалар  жазды. Ғылымның  бəрінен де

хабардар  академик  Қ.И.Сəтбаев  ғылым  мен  өндірістің  ынтымақтастығын  одан  əрі

нығайта  беруге,  республика  өндіргіш  күштерін,  экономика мен  мəдениетін  дамытуға

адал  ниетімен  айтарлықтай  еңбек  істеді. Осындай  білім  мен  ғылым

жаңалықтарымен  насихаттау  үшін  құрылған "Білім" қоғамының  көрнекті

ұйымдастырушыларының бірі Қанекең  болатын. Осыған  байланысты  ғылым  мен

өнер, мəдениет  жəне  тарихтың  іргелі  проблемаларына  негізделген  баяндамалар

жасайтын. Ұлы  адам  өзінің  кішіпейілдік  қалпында  көпшілік  алдында  тұрып  ел

тағдыры, заман  тілегіне  байланысты  мəні  зор  мəселелер  қозғап, олар  туралы  аса

бағалы пікірлер айтатын.

Қанекең  тек  ой-өрісі  ғаламат  үлкен  ғалым  ғана  емес, сонымен  бірге  көрнекті

мемлекет жəне қоғам кайраткері болды.

Депутат  Қ.И.Сəтбаев  ССРО  Жоғарғы  Кеңесінің  сессияларында  елдің  саяси

жəне  шаруашылық  өмірі  туралы, жалпы  жəне  толық  қарусыздану, атом  энергиясын

бейбітшілік  мақсатқа  қолдану, бейбітшілікті  нығайту, халықтың  хал-ахуалын  жақсарту

туралы  өзекті  мəселелер  көтеретін. Қаныш  аға  өзінің  сайлаушыларымен,

жұмысшылармен, диқандармен  жəне  басқа  да  адамдармен  жиі  кездесетін, жергілікті

жерлердегі  мектеп, балалар  бақшасын  салуға  ат  салысатын, қарапайым  жұртқа

мейлінше  сүйемел  болатын, мейірімді  ақ  ниетімен  олардың  хал-ахуалын  жақсартуға,

емделуіне, зейнетақы  жəне  үй  алуларына  тікелей  көмектесетін. Өз  халқын  жан-

тəнімен  сүйген  ұлы  ғалым  өзінің  барлық  саналы  өмірін, бойындағы  жігерін, ақыл-

ойын, білім-қабілетін халық үшін, адамзат үшін сарп етті.

1999  жылдың  көктемінде  қазақ  елі,  бүкіл  əлем  халықтары  артына  өшпес  із

қалдырған ғалым академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың туғанына 100 жыл мерекесін

жаппай атап өтті. Қаныш ағаның ғажайып  табиғатынан жəне  халқына  деген  шексіз

махаббатынан  туған  қарапайымдылығы, кең  пейілділігі, қамқорлығы, біліммен

ғылымды  дамытуға  қосқан  зор  үлесі  жəне  осы  ұлы  тұлғаның  бейнесі  біздің  ұрпақтың,

оның  шəкірттерінің  жүрегінде  мəңгі  сақталмақ. Ұлы  ғалымның  ғажайып  бейнесі  қала



мен тамаша тау-тас аттарында, көшелер мен мектептерде, институттарда, алып кен-

металлургия  комбинаты, ғарыштағы  планета  мен  жердегі  гүл  аттарында  зор

таланттың айғағы ретінде нұр шашып тұрмақ.

Қанекеңдей  ұл  туған  байтақ  қазақ  даласы, бесік  жырын  тыңдап, сүтін  еміп  өскен

оның анасы, қазақ елі өзінің данышпан ұлы Қаныш Сəтбаевпен бүкіл əлемге мақтануына

толық болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет