Стилистикалық қате және
оның түрлері
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Стилистикалық қате -
белгілі бір сөйлеу
жағдайына сай келмейтін,
стилистикалық нормадан
ауытқудың салдарынан
болатын қатенің түрі.
Стилистикалық қатенің өзге
қате түрлерінен басты
ерекшелігі - тілдік
талғамсыздықтың көрінісі
болуында.
Тілдік талғам - тілді, сөзді
жұмсап үйрену, жаттығу
арқылы қалыптасатын
қасиет.
Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін
стилистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет.
Стилистикалық емес
қате
Стилистикалық қате
•лексикалық,
•фразеологиялық,
•сөзжасамдық,
•морфологиялық,
•синтаксистік нормалардың
сақталмауынан болатын
ауытқулар
•стильдік тұтастықтың
сақталмауынан,
•сөз және грамматикалық
құрылымдар мен формалардың
сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына
сай болмауынан,
•сөйлеу түрі мен жанрдың формалық
ерекшеліктерін ескермеудің
салдарынан жіберілетін қателер
Стилистикалық сауаттылықтың сатылары мен соған байланысты
болатын стилистикалық қатенің түрлері былайша топтастырылады:
қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің
салдарынан болатын стилистикалық қателер;
тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын
стилистикалық қателер;
функционалды стиль нормаларының сақталмауынан
болатын стилистикалық қателер.
Стилистикалық қателер
1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің
салдарынан болатын қателер:
Қыстырма сөздерді орынсыз қолдану;
a) Бір контексте бір сөздің немесе түбірлес
сөздердің себепсіз қайталануы;
ә) Плеоназм мен тавтологиялық сөз
қолданысының салдарынан сөйлеу тілінің
көріксіз. кедей болуы;
Штамп сөздердің қолданылуы;
Қыстырма сөздерді орынсыз
қолдану;
Әдеби тілге жатпайтын
сөздерді себепсіз қолдану;
Тілдің көріктеу құралдарын керекті жерінде
пайдаланбау.
1) Бояма сөздерге құмар болу;
a) Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау:
ә) Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафо-
ралар мен теңеулердін, бейнелі сөздердің болуы;
2) Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде
ауызекі, кітаби тілге тән лексиканы себепсіз қолдану.
2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын
қателер
3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден
жіберілетін қателер
1) Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану;
2) Ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз
қолдану;
3) Өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану.
4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер
Бұған, әсіресе, жалпы шығарма мазмұнының функционалдық-
стильдік тұтастығына қатысты қателіктер жатады:
• шығарма мазмұнының тақырыпқа не тақырып атауына сәйкес
келмеуі,
• тақырыптың ашылмауы т.б.
Бiлген нәрсенi орынды және ұтымды
жеткiзу, тiл байлығының iшінен тек өзiне
керегiн ғана таңдап алып, ұтымды
пайдалана бiлу, бұл - өнер. Стилистикалық
қателердiң алдын алып, олармен үнемi
күрес жүрriзiп отыру жалпы халықтың
сөйлеу мәдениетi мен стилистикалық
сауаттылығын көтередi. Халықтың тiлдi
қолдана бiлу мәдениетi күллi қоғамның
рухани сауаттылығының көрінісу әрі
өлшемі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы - Алматы:
Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. - 304 б.
2.Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ
тілінің стилистикасы. Алматы: “Дәуір” баспасы, 2005. - 256 б.
3.Сулименко Н.Е. Стилистические ошибки и пути их
устранения. М.-Л., 1966.
Достарыңызбен бөлісу: |