Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті
Базарбаева Күнарай Шингисқызына .Базарбаева Күнарай Алматы қаласындағы Алматы қаласындағы интеллектуалдық дамуында кемістігі бар балаларға арналған №2 арнайы(түзету) балабақша-бөбекжайынан 03.10.2022-03.12.2022 жыл аралығында үздіксіз (психологиялық-педагогикалық) практикадан практикадан өтті.Практика басында Күнарайға “Ақбота” топшасы бекітілді.Өзіне бөлінген “Ақбота”топшасында аз уақыт аралығында танысып,үйренісіп кетті.. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті.Күнарай өз ісіне өте жауапты студенттердің бірі.Ортасында белсенді,барлығына көмек қолын созып жүреді. Күнарай практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді, әр тапсырманы қай бағытта болсын жоғары орындайды.Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Болашақ маман ретінде балалармен жақсы жұмыс жасайды, түсінушілігі мол. Баланың жағдайына қарай әрекет ете біледі. Бала мен тәрбиеші арасындағы байланысты жақсы қалыптастыра білді. Өте мейрімді,ізденіске құмар,өз ісіне жауапты,барлығымен жақсы қарым-қатынаста.Күнарай өзінің бойындағы дефектология мамандығына деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілік сезімдерін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырысты.Мен болашақта Күнарайдан жақсы маман шығады деп кәміл сеніммен айта аламын.