Тақырыбы: аив инфекциясы



Pdf көрінісі
Дата10.04.2023
өлшемі139,86 Kb.
#81377
Байланысты:
Тақырыбы АИВ инфекциясы



Тақырыбы:АИВ инфекциясы
Дайындаған:Еркін Нилуфар
Топ:Тфп-044


Жоспар:
1.Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы.
2.Инфекция көзі,жұғу жолдары.
3.Иммунопатогенезі.
4.ЖИТС-пен ауырудан сақтанудың маңызды 
шаралары.


Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы
Адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның 
организмге әсерінен дамитын дертті жағдай.Инфекция жұқтырған 
адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау 
тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, 
инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады.Ауру үдеген 
жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді 
көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда 
бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы 
мүмкін.Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре 
пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп 
атайды.


Адамның иммунитет тапшылық
вирустық инфекциясы адам
организмінің иммундық жүйесін
зақымдайтын вирустың енуінен
дамитын ауру.Ұзақ уақыт
лимфоциттерде,макрофагтарда,жүйке
тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар
адамның иммуножетіспеушілік
вирусымен шақырылады.


Инфекция көзі
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТСпен ауырған адамдар-
инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері 
байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.
Вирус кездеседі:
көп мөлшерде қанда
спермада
қынап кілегейінде
емшек сүтінде
көз жасында
жұлын сұйығында 
сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.


Жұғу жолдары
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға 
түсуі (әртүрлі инъекциялар 
жасаған кезде т. б. 
жағдайларда);
—анасынан нәрестеге жүғу 
арқылы.


Иммунопатогенезі
Аурудың алғашқы кезеңінде вирус организмнің
иммундық клеткаларын, әсіресе Т-хелперді
зақымдайды. Соның нәтижесінде организмнің ішкі
және сыртқы жауларына қарсы тұру қабілеті
төмендейді.Соның нәтижесінде әртүрлі қатерлі
ісіктермен қауіпті инфекциялардың дамуына
қолайлы жағдай туады.


ЖИТС-пен ауырудан сақтанудың маңызды шаралары 
мыналар:
— әлеуметтік, халықаралық, 
мемлекеттік шаралар;
жеке басты қорғауға 
бағытталған шаралар.


Қорытынды:
Қазақстанда қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен 
мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Олардың 
жұмыс бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар«қатерлі топтарға» (группыриска) 
жататын адамдарды тексеріп, вирус жұққан адамдарды дер 
кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап,дәрігерлік бақылауға алып,вирустың 
әрмен қарай тарауына,яғни басқа адамдарға жұғуына 
мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.


Қолданылған әдебиеттер:
* С.Ә. Әміреев, Ж.Т. Темірбеков,«Эпидемиология», 
Алматы-2000
* Оқу-әдістемелік құрал «Жеке микробиология»
*www.google.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет