Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
«Алаш» қозғалысы және ұлттық
мемлекет құру идеясы
СРСП
БОПМӘ -104
Орындаған: Карбозова Дильназ
Тексерген: Калыбаева Айнур
2023-2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет құру идеясы
Жоспар:
1. Алаш қозғалысының бастамасы
2.Алаш көсемі және оның басты мақсаты
3.Алаш идеясы
1.Алаш қозғалысының бастамасы
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті.
2.Алаш көсемі және оның басты мақсаты
Әлихан Бөкейхан - 20 ғасырдың басындағы қазақтың «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алаш-Орда ұлттық автономиясының халықтық кеңесінің (үкіметінің) төрағасы.
Әлихан 1866 жылы 5 наурызда, қазақтар отарлық езгі мен қысымға ұшырап, көшпелілер үшін дәстүрлі қауымдық-рулық қатынастардың ыдырау процесін бастан өткерген, жерді иелену мен пайдалану формалары, бұрынғы құндылық бағдары ауыса бастаған кезде дүниеге келді. Бұл заманда көшпеліілердің құндылығы жоғала бастады, ал жаңа құндылықтар әлі қалыптаспаған еді.
Бұл кезде отаршыл биліктің саясаты қазақ даласына тереңірек ене бастады, нәтижесінде ханның басқару институтының бұрынғы құрылымдары жойылды, қазақтардың өз жерлеріндегі төл мәдениеті және олардың тәуелсіз этникалық топ ретінде өмір сүруі жойылып кету қаупіне ұшырады.
Осы сәтте жас Әлихан отаршыл биліктің әрекеттеріне сыни көзқарас қалыптастырады.
«Қазақтар петициясының» негізгі бастамашысы және басты авторы Әлихан Бөкейхан болды, ол қазақтардың бейбіт саяси талаптарын Ресей патшасына пошта арқылы жіберуді дереу ұйымдастырды, ол туралы ол өзінің «Дала өлкесіндегі сайлау» очеркінде толығырақ жазады.
Әлихан Бөкейхан бұл талаптарды Санкт-Петербургтегі «Отанның ұлы» және Омбыда өзі редакциялаған «Ертіс» газетінде жариялайды.
«Қазақтар петициясының» төртінші абзацында көрсетілгендей, «қазақтар иеленген жерді олардың меншігі ретінде тануға» қол жеткізу керек болды. Әлихан Бөкейхан аумағы жоқ мемлекет болмайды деген өзінің тұжырымына берік сенімді еді.
Әлихан Бөкейхан қазақтарды тұтас ел ретінде көргісі келді. Ол ұсынған Алаш атауы оларды біріктіру үшін өте сәтті идея болды.
3.Алаш идеясы
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы әсірешіл ұраншыл қазақтың ойы емес, жалпыадамзаттық құндылық этикасын сақтай отырып, отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шақыру болатын. Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Тарих - күрес алаңы» кітабында Алаш идеясы жайында: «Қазақ ұлтшылдығының өзекті жібі, діңгекті ойы «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық» сияқты мазмұндағы ұран болған жоқ. Ол елім деген қазақтың оқыған азаматының надандық пен отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шығару, өзгемен тең ету жолындағы қызметке әзірлігін білдіретін шешімі және осы мақсат үшін күреске шақырған үндеуі болатын», – дейді. Және сондай-ақ «Қазақ ұлтшылдығының концептуалдық деңгейде және жалпыадамзаттық құндылықтар арнасында қалыптасып, оны ұлт зиялыларының сенім және күрес қаруы дәрежесіне жеткізу ісінде Әлихан Бөкейхан жетекші рөл атқарды» дегенді де М. Қойгелді зерттеулерінде жиі келтіріп отырады.
«Әлихан Бөкейхан жай қатардағы ұлт азаттық қозғалысысының белсенді тұлғасы емес. Ол – жаңа мазмұн, сипаттағы қазақ азаттық қозғалысының негізін қалаушы көш бастаушысы, лидері.
Қолданылған әдебиеттер мен сайттар: history.kz; kk.m.wikipedia.org;
Достарыңызбен бөлісу: |