Тақырыбы: Қазақ фольклорындағы Ақтөбе топырағы ізі. Ақтөбе аймағындағы ақын-жырау поэзиясы үлгілері (хy-хіх ғғ). ХХ ғасырдағы Ақтөбе аймағының қаламгерлері Орындаған



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі2,62 Mb.
#135668
  1   2   3   4
Байланысты:
ұ.руханият 15 апта


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
ТАҚЫРЫБЫ:
Қазақ фольклорындағы Ақтөбе топырағы ізі. Ақтөбе аймағындағы
ақын-жырау поэзиясы үлгілері (ХY-ХІХ ғғ).
ХХ ғасырдағы Ақтөбе аймағының қаламгерлері
Орындаған: Болатбекова Алина
АҚТАН КЕРЕЙҰЛЫ
(1850 , қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы — 1912, сонда, Шибұлақ мекені) — қазақтың халық ақыны, жырау, жыршы. Байұлы тайпасы Адай руының Жеменей бөлімінен шыққан.
Шығармалары — өмір мәні туралы филос., ақыл-нақылдық терме, толғаулар (“ Аяғына қан түссе”, “Біріншіден не жаман” т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар (“Той бастар”, “Бата”). Ақтан адамгершілік пен адалдықты (“Біразырақ сөйлейін”, “Замана жайында”,“Тыңдасаңыз сөзімді”, “Қайыспас бұлан нар едім”) өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды (“Ерлік жыры”) жырлаған. “Қырымның қырық батыры” аталатын ерлік дастандардың бірқатары Атырау, Қарақалпақ аймағына Ақтан арқылы тараған. Қашаған, Нұрпейіс сынды ақындар бұл жырларды Ақтаннан үйренген. Ақтан жырлары ойнақы, ойлы да отты бейнелі сөздерге бай. Қазақстан, Орта Азия өңірлеріндегі жыршы, термешілер ақын жырларын “Ақтан сазы” дейтін өзіндік әуенмен орындайды.
Қазақтың әйгілі күйші-композиторы.
Жалпы, Қазанғап — эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы "Ноғайлы босқыны" деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып, "Жұртта қалған", "Окоп" деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп, "Қызыл керуен" деп бебеулейді. Ал "Майда қоңыр", "Учитель", "Өтті-ау дүние", "Көкіл" сияқты күйлері өмірдің мәні мен сөні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазанғаптың күйшілік болмыеына ден қойғанда, оны да XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлемінде көрініс тапқан антиутопиялық ағымның, кертолғау сарынының, зар заман тақырыбының аса дарынды өкілі деп таныған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет