Тақырыбы: Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы



Дата21.12.2022
өлшемі2,52 Mb.
#58617
Байланысты:
Презентация на тему Е.Пугачев бастаған көтеріліс

Тақырыбы: Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

  • Тақырыбы: Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
  • Соғыстың алғышарттары, себептері: Ресейдегі И.Болотников, С.Разин, К.Булавин, Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының бір-бірінен ерекшеліктері болса да, саяси бағыты жағынан бәрі де басыбайлыққа қарсы бағытталған бұқаралық қозғалыстар еді. Әсіресе Еділ мен Жайық бойындағы бірқатар езілген халықтар- башқұрт, татар, қазақтар 1773-1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына белсене атсалысты. Орта жүз, Кіші жүз қазақтары белсене араласқан бұл соғыс патша үкіметіне қарсы қақтығыстар ішінде ерекше орын алады.

Дегенмен де, сұлтандардың көпшілігі Е.И.Пугачев көпшілігі Е.И.Пугачев көтерілісін қолдауға келгенде берік те, тұрақты шешім қабылдай алмайды. Олардың ішінен Пугачевті Қобда және Елек өзендері маңында көшіп жүрген Досалы сұлтан мен оның бауырлары ғана мойындады және ол өзінің баласын екі жүздей жасақпен Пугачевке аманат ретінде жіберді.

  • Дегенмен де, сұлтандардың көпшілігі Е.И.Пугачев көпшілігі Е.И.Пугачев көтерілісін қолдауға келгенде берік те, тұрақты шешім қабылдай алмайды. Олардың ішінен Пугачевті Қобда және Елек өзендері маңында көшіп жүрген Досалы сұлтан мен оның бауырлары ғана мойындады және ол өзінің баласын екі жүздей жасақпен Пугачевке аманат ретінде жіберді.

Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуын үш кезенге бөлген:

  • Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуын үш кезенге бөлген:
  • 1-кезең: 1773 жылдың қыркүйек айы мен 1774 жылдың наурыз айының аралығын қамтыған;
  • 2-кезең: 1774 жылдың наурызы мен күз айларының соңғы апталарын қамтыған;
  • 3-кезең: 1775 жылдың қыркүйек айынан 1776 жылдың ақпан айына дейін созылған.

1773 жылғы қараша айының 17-сінен 18-іне қараған түнінде Нұралының арнайы өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Осы айдың 18-інде Пугачевтің хатшылары мазмұны бізге дейін жеткен қазақтарға арналған үндеуді құрастырды. Нұралы ханға арналған осы үндеуде шаруалар соғысының жетекшісі Кіші жүз сұлтандарынан көмекке қол жіберуді, өзінің «таққа отыруын» қолдауды талап етті. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі ханның соғысқа қатысушыларға көмек беруге асықпауына себепші болды. 2- Екатерина қазақ ханы Нұралыға арнайы« грамота» жіберіп, Пугачевті өзіне жолатпауды талап етті.

  • 1773 жылғы қараша айының 17-сінен 18-іне қараған түнінде Нұралының арнайы өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты. Осы айдың 18-інде Пугачевтің хатшылары мазмұны бізге дейін жеткен қазақтарға арналған үндеуді құрастырды. Нұралы ханға арналған осы үндеуде шаруалар соғысының жетекшісі Кіші жүз сұлтандарынан көмекке қол жіберуді, өзінің «таққа отыруын» қолдауды талап етті. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі ханның соғысқа қатысушыларға көмек беруге асықпауына себепші болды. 2- Екатерина қазақ ханы Нұралыға арнайы« грамота» жіберіп, Пугачевті өзіне жолатпауды талап етті.

Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандардың бұл соғысты қолдауы тіпті Нұралы ханның өкілі Зәбір молданың Пугачевке арнайы сыйлық табыс етуі, Абылай тұқымдарының да шаруалар соғысына үміт артуы, патша үкіметінің билігін әлсіретуді көздеуден туған еді.

  • Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандардың бұл соғысты қолдауы тіпті Нұралы ханның өкілі Зәбір молданың Пугачевке арнайы сыйлық табыс етуі, Абылай тұқымдарының да шаруалар соғысына үміт артуы, патша үкіметінің билігін әлсіретуді көздеуден туған еді.

Орынбор қаласынан қоршауда сәтсіздікке ұшыраған Пугачев күштері Троицк бекінісіне қарай шегінуге мәжбүр болды. Енді шаруалар соғысы Орта жүзді де кеңірек шарпыды. Пугачевтің қазақтың старшын, сұлтандарына жолдаған үндеуі қазақ руларының соғысты қолдауын туғызды. Көкшетау өңіріндегі қонысында жүрген Абылай ханға бұл манифестердің жетпеуі де мүмкін. Белгілі би Дәуітбай Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдады. Алайда Пугачевтв қолдаған шаруалар топтарының арасында бірлік болмады.

  • Орынбор қаласынан қоршауда сәтсіздікке ұшыраған Пугачев күштері Троицк бекінісіне қарай шегінуге мәжбүр болды. Енді шаруалар соғысы Орта жүзді де кеңірек шарпыды. Пугачевтің қазақтың старшын, сұлтандарына жолдаған үндеуі қазақ руларының соғысты қолдауын туғызды. Көкшетау өңіріндегі қонысында жүрген Абылай ханға бұл манифестердің жетпеуі де мүмкін. Белгілі би Дәуітбай Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдады. Алайда Пугачевтв қолдаған шаруалар топтарының арасында бірлік болмады.

Торғай өзенінің төменгі бойында шоғырланған старшындар Құдайменді мен Тайыр басқарған шаруалар патшаның жазалаушы топтармен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелді.

  • Торғай өзенінің төменгі бойында шоғырланған старшындар Құдайменді мен Тайыр басқарған шаруалар патшаның жазалаушы топтармен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелді.
  • Өткен жылдардағыдай патша үкіметіне қарсы күреске қарауыл, кенжеғалы, қыпшақ, керей және басқа рулар атсалысты. Осы рулардан құралған қарулы топтардың белсенділігі Пресногорьск, Петропавл, Верхнеозерный бекіністері маңайындағы оқиғаларда көзге түсті. 1774 жылдың күзінде генерал Деколонгтың Петербургке, граф Панинге жолдаған хатында соғысқа қатысушылардың күш алып кеткендігі соншалық, бекіністердегі гарнизондар күшімен қазақтардың толқуын басу мүмкін емес деп қынжыла хабарлады.

Қорытындылай келе, азаттық үшін күрескен халық, өздерінің арман-мұраттары жолында табандылық танытатын азаматтарды өзінің ортасынан шығармайынша жеңіске жете алмайтынын түсінді.

  • Қорытындылай келе, азаттық үшін күрескен халық, өздерінің арман-мұраттары жолында табандылық танытатын азаматтарды өзінің ортасынан шығармайынша жеңіске жете алмайтынын түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет