Тақырыбы: Білімді алу көзіне қарай топтастыру әдісі



бет1/3
Дата17.12.2023
өлшемі23,17 Kb.
#140337
  1   2   3

Тақырыбы: Білімді алу көзіне қарай топтастыру әдісі (сөздік, көрнекілік, практикалық)
Оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет».
Олай болса оқыту әдістері — оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқыту үрдісінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
Солардың ішінде ең көп тарағаны — білім берудің көздеріне сәйкес (И. Т. Огородников.С. И. Перовский, Е. Я. Голанг):
— сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
— көрнекілік әдістер;
— тежірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с.
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқьпу әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс — сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың…»- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:»Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. үрдістерін) байланысты да әрекет. жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет