Тақырыбы: Еңбегімен еленген жан Мақсаты: Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету. Ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау.
Барысы: Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қымбатты оқушылар! Бүгін мектебімізде «Еңбегімен еленген жан» тақырыбында ауылымыздың ардагерлерімен кездесу кеші! Балалар, Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл - парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Ал бүгін бізге қонаққа
Асанбаева Мереке – ардагер ұстаз.
Ахметова Гүлдариха – ардагер ұстаз.
Батырбекова Гүлбағила – зейнеткер.
Қазымбеков Темірбек - ақсақалдар төрағасы.
Жарықбасова Кенжегүл - еңбек ардагері.
Сәрсенбайұлы Рысбек – еңбек ардагері
ауылымыздың еңбек ардагерлері мен ардагер ұстаздарымыз келіп отыр. Қош келдіңіздер.
Оқушылар мен келген қонақтардың бір сәтке назарларын видеороликке аудару. Еңбекпен жеткен жеңіс туралы видео көрсетіледі.
Жүргізуші: Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленеді. Осы «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақыттың кілті еңбекте» деген мақалдардың мағынасы қалай, оны алдарыңызда отырған мына оқушыларға қалай түсіндірер едіңіздер? Өздеріңіздің еңбек жолдарыңыздан мысалдар келтіре отырып айтып кетсеңіздер.
Ардагерлерге сөз беріледі. Ардагерлерге сұрақтар қойылады. 1. Балалық шақтан есіңізде ең қуанышты қандай оқиға бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
4. Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға қандай?
5. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің ішінде «осы менің жолымды жалғастырады» деп ерекшелейтініңіз бар ма?
6. Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
7. Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?
8.Балаңызды, немерелеріңізді үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?
9.Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?
10. Балаға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып алған дұрыс па?
11. Сіздердің кезіңіздегі мектеп тәртібі мен қазіргі заманның мекетп ережесінде, тәртібінде айырмашылық бар ма?
12. Сіздердің ойыңызша, «оқушылар сенбілігі» дегеніміз не? Ол да еңбек түріне жата ма? Сіздердің кездеріңізде оқушылар қандай еңбекпен айналысатын еді?
Жүргізуші: Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда Құрметпен қол жаямыз батаңызға «Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер Айналар өмірі үлгі, аты аңызға. «Батаменен ер көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
Құрметті қонақтар, аталар-әжелер, бүгінгі сіздермен өткен өнеге мен үлгіге толы кездесу кеші өз мәресіне жеткен екен. Оқушылар бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген қонақтарымызбен естелікке суретке түсуге шақырамын. Ал, сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Алтын уақыттарыңызды аялап келгендеріңіз үшін мың алғыс айтамыз!