Тақырыбы: Мәдениет семиотикасы



Дата14.03.2023
өлшемі17,57 Kb.
#73962
Байланысты:
культорология 4


Тақырыбы: Мәдениет семиотикасы
Семиотика— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым
Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады
Семиотикалық зерттеулердің алғашқы кеңейтілген бағдарламасы Ч. С. Пирстің еңбектерінде пайда болды; Ч.У. Моррис семиотика идеяларын едәуір дамытып, оны синтактика, семантика және прагматикаға бөлуді енгізді.
Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:

  1. Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;

  2. Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарымқатынасты білдіретін семантика;

  3. Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарымқатынасты білдіретін прагматика.

Таңба— есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы — арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі. Таңба - әлеуметтік хабардың материалдық көрсеткіші
Таңба келесі белгілерге ие:

  • көп мәнді;

  • ассоциативтілік;

  • пәндік бейнені және терең мағынаны салыстыру;

  • болмыстың түрлі салаларында болуы;

  • жиі графикалық суретт болып кездеседі.

Семиотика үш топқа бөлінген:



  1. Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу.

  2. Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер».

  3. Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады.

Таңбалар мен нышандар типологиясы
1.Белгі таңба - заттардың өз бойындағы, одан бөліп алуға болмайтын белгісі (дене қызуының көтерілуі - адам ауруының белгісі);
2.Жазуға дейінгі белгілер - жазу пайда болғанға дейінгі ауызша жеткізілетін хабардың орнына немесе соған қосымша қолданылған түрлі заттардың символикалық мағыналары;
3.Тыныс белгілері - сөздердің сөйлемдегі қызметіне қарай сөз соңынан немесе сөйлемдерден соң қойылатын белгілер;
4.Тілдік таңба;
5.Диакритикалық белгілер - жеке әріп (графема) мағынасының мәнін өзгерту немесе нақтылау үшін қолданылатын белгілер. Олар жол үстінде, астында, кейде жолдың ішінде қолданылады. Мысалы, көне славян тілінде жол үсті. Диакритикалық белгілер «титло» сөзінің қысқартылып жазылуын және кейбір дыбыстардың түсіп қалуын көрсету үшін кең пайдаланылған. Диакритикалық белгілер әріпке жаңа мағына беру үшін қолдануы мүмкін.

«Мәдени код» ұғымы кез келген хабарламаның мағынасын ашу үшін қолданылады. Мәдени код-



  1. әлемнің мәдени суретін түсінудің кілті; санадағы, мінез-құлқындағы стереотиптермен байланысты мәдениеттің мәдени ерекшеліктері;

  2. осы мәдени дәуірдегі тәжірибе, әлем туралы білім, дағдылар, білік беру тәсілі, нақты хабарламаларды қалыптастыру ережесі;

  3. мағынасы бойынша кодтың ең жақын мысалы ретінде ғалымдар көбінесе «тіл» түсінігін келтіреді, өйткені тіл дұрыс және заңды түрде сөйлеуді ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі болып табылады (Ф. Соссюр)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет