Назар Абыз - көріпкел, әулие. Ұзақ жасап, білгір де әділетті, даналық қасиеттері үшін көзі тірісінде абыз атанған. Ұзын қыпшақтың тілеулі руына жататын әжіқабай атасынан шыққан. Рулас Тілеулі батырмен достық қарым-қатынаста болған, ел ішінде дау-дамайларды бірге шешкен. Батыр қалмаққа шапқан бір жорығында олжаға түскен қызды Н.а-ға әкеп берген. Абыз елді бірлікке шақырып, жетім-жесірлерге қамқор болып, ұрланған малды көрегендікпен тауып, ат тұяғы жетер жерде ұрлық-карлық тыйылған. Әулие Қызбелдегі жайлаудан Жыланшық бойындағы қыстауына қайта көшіп келе жатқан жолда кенеттен қатты ауырып, қайтыс болды да, өз өсиеті бойынша Қызбел тауының етегіне, Қоңыраулы өзнің бойына жерленеді. Абыз мазарын жергілікті халықәлі күнге кие тұтып, құрбандық шалып, басына түнеп тұрады.
Мақалаға сілтеме: