Тақырыбы: Пішімдер. Масштабтар. Сызба сызықтары. Сызба қаріптері. Сызбаларға өлшем қою ережелері



Дата01.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#121312
Байланысты:
1 тапсырма


1-тапсырма
Тақырыбы: Пішімдер. Масштабтар. Сызба сызықтары. Сызба қаріптері. Сызбаларға өлшем қою ережелері.
Сұрақнама:
1. А2 пішімнің өлшемі қандай?
2. А4 пішімнің өлшемі қандай?
3. Масштабтың түрлерін атаңдар?
4. Сызбада қолданылатын сызық түрлерін атаңдар?
5. Сызба қаріптерінің өлшемін атаңдар?
6. Өлшем қою ережелерін айтыңдар?

Тапсырма:


1. Сызықтың түрлерін орындаңдар.
2. Сызба қаріптерін орындаңдар.

Жауаптары:


Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.
Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.

Масштаб. Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды (пішімге сыймайды). Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу. Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға болады:


а) кішірейту масштабтары: 1 : 2; 1 : 2,5; 1 : 4; 1 : 5; 1 : 10; 1 : 15; 1 : 20; 1 : 25; 1 : 40; 1 : 50; 1 : 75; 1 : 100; 1 : 200; 1 : 400; 1 : 500; 1 : 800; 1 : 1000;
ә) нақты шама: 1 : 1;
б) үлкейту масштабтары: 2 : 1; 2,5 : 1; 4 : 1; 5 : 1; 10 : 1; 20 : 1; 40 : 1; 50 : 1; 100 : 1.
Мсаштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы, М 1 : 4 – сызбада нәрсе 4 есе кішірейтіліп, ал М 2 : 1 – екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.

Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.


1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Бұл сызықтың сызбада қолданылатын орны көп, соның бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке кесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады.
4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортасына қойылады. Жіңішке нүктелі үзілме сызық, үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3...8мм, ал олардың аралықтары 3...4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады,. Бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 4...6мм болады.
9. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 ... 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8. 20мм-ге тең.

Қаріптер деп сызбалар мен басқа да техникалық құжаттарды орындау кезінде қолданатын әріптер, сандар және шартты белгілердің графикалық нысанын атайды.


МЕСТ 2.304—81 барлық конструкторлық құжаттарда енгізілетін әріптер, сандар және шартты белгілердің кескіндемесін белгілейді. Сызба қаріптері келесі түрде болуы мүмкін: жолдың табанына көлбеусіз және жолдың табанына көлбеу 75° бұрышпен.
Қаріп өлшемі (нөмір) h әріпімен белгіленеді және жол табанына перпендикуляр миллиметрмен өлшенетін жазбаша әріптердің биіктігімен анықталады.
Стандарт сондай-ақ, қаріптің тағы да екі түрін белгілейді:А және Б.
А типті қаріптің әріпі мен санының жуандығы 1/14 h , ал Б типті қаріпте — 1/10 h тең.
Стандартқа сәйкес, қаріптің 10 мөлшерін пайдалануға болады: 1,8; 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. Алайда, 1,8 өлшемді қаріпті пайдалану ұсынылмайды. Машина жасау сызуында сипаты ары қарай қарастырылған 75° бұрышына көлбеу Б (d = 1/10 h) типті сызба қаріпі көбірек тараған.


Сызбаларға өлшемдер түсіру ережелерін МЕСТ 2.307-68 тағайындайды. Сызбада қойылатын өлшемдер саны аз, бірақ заттың пішіні мен өлшемдерін анықтауға жеткілікті болуы қажет. Сызбада әр өлшем тек бір рет қойылады.
Сызбадағы өлшемдер жебешемен тұйықталған өлшем сызықтарымен және өлшем сандарымен (мм немесе градустармен) көрсетіледі.
Шығарылатын және өлшемдік сызықтарды өткізу, өлшемдік сандарды салу. Тік сызықты кесіндінің өлшемін салу кезінде осы кесіндіге параллель өлшемдік сызық жүргізеді (дұрысы сурет контурынан бөлек), ал шығарылатын сызықтарды өлшемдік сызыққа перпендикуляр (1, а сур.) немесе басқа бір бұрышпен жүргізеді (1, б сур.).
Өлшемдік сызықты екі ұшынан пішіндері мен элементтерінің шамалы қатынасы 2, а сур. көрсетілген бағыттамалармен шектейді, және де 2, б. сур. көрсетілген нұсқа дұрысырақ. Бағыттамалар өлшемі бүкіл сызбада шамамен бірдей болуы тиіс.
Бұрыш өлшемін салу кезінде өлшем сызығын орталығы оның биіктігіндегі доға түрінде жүргізеді, ал шығарылатын сызықтарды радиалды жүргізеді (1 в сур.қар,), мұнда шығарылатын сызықтар бағыттамалардың ұштарынан 1...5 мм-ге шығуы керек.
Параллельді өлшемдік сызықтар арасындағы минималды қашықтықтар 7 мм, ал өлшемдік сызық пен контур сызығы арасында—10 мм , мұнда таңдалған қашықтықты бір сызбада тұрақты қылып ұстау керек. Эскиздерді орындау кезінде қашықтықтарды 10 мм теңдеп санап, өлшемдік сызықтарды тор сызығымен (торлы беттің екі торы) жүргізу ұсынылады.
Контурлы, өстік, орталық және шығарылған сызықтарды өлшемдік ретінде қабылдауға болмайды. Өлшемдік сызық сондай-ақ, контурлы, өстік, орталық және шығарылған сызықтардың жалғасы болмауы керек. (3 сур.).



а б в
1-сурет



а б
2-сурет



3-сурет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет