Тақырыбы: Python тіліндегі негізгі операциялар Орындаған



Дата20.10.2023
өлшемі65,56 Kb.
#119997


Alikhan Bokeikhan University

Тақырыбы:  Python тіліндегі негізгі операциялар

Орындаған:Назаров.Ә.Б
Группа:ВТ-301
Тексерген:Жапарова.Б.К

Семей 2023
Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды. Тілдің кеңейткіштері: .py, .pyw, .pyc, .pyo, .pyd болып келеді. Python тілін әзірлеу голланд институтының қызметкері Гвидо ван Россуммен 1980 жылдың соңында басталған. Ол оны бос уақытында жаза бастаған. 1991 жылыдың 20 ақпанында алғашқы мәтіндерін жаңалықтар топтамасында жарыққа шығара бастады. Python тілі бастапқыдан объектіге бағытталған бағдарламалау тілі ретінде жобаланды. Автор бағдарламаны 1970-жылдардағы танымал британ комедиялық Монти Пайтон Ұшатын циркі телешоуының құрметіне атаған. Көбі оны жыланның атымен байланыстырады. Бағдарламаның python.org сайтында (2.5 нұсқасына дейін) жыланның басы бейнеленген. Python әзірлеушісінің негізгі мақсаты - оны қолданушыға қызықты етіп жасау болды. Оны атауынан да байқауға болады. Оның бұл мақсаты бағдарламаны үйретуді ойын түрінде ұйымдастырып, ақпараттық материалдармен жабдықтағандығында. Бұл тілге деген қолданушылардың жақсы сын пікірлерінен Гвидоның дизайнерлік құрылымының да ұтымды болғанын дәлелдейді [13]. 2008 жылдың 3 желтоқсанында ұзақ тестілеуден кейін Python 3000 (немесе Python 3.0) бірінші нұсқасы шыққан. Python 3000 бағдарламалау тілінде Python ескі нұсқаларымен сәйкестікті максимум сақтауға тырыса отырып, архитектурасы бойынша кемшіліктерді жойған. Қазіргі күні (Python 3.x және 2.x) екі даму бұтақтары да қолданып келе жатыр. Python тілінің негізгі және аралық нұсқаларының уақыты: Python 1.0-Қаңтар 1994; Python 1.5 - 31 желтоқсан 1997; Python 1.6-5 қыркүйек 2000; Python 2.0 - 16 қазан 2000; Python 2.1 - 17 сәуір 2001; Python 2.2 - 21 желтоқсан 2001; Python 2.3-29 шілде, 2003; Python 2.4 - 30 қараша 2004; Python 2.5-19 қыркүйек, 2006; Python 2.6-1 қазан, 2008; Python 2.7-3 шілде, 2010; Python 3.0-3 желтоқсан, 2008; Python 3.1-27 маусым 2009; Python 3.2-20 ақпан, 2011; Python 3.3-29 қыркүйек, 2012; Python 3.4-16 наурыз, 2014. Python тіліне басқа тілдердің ықпалы. Python тілінің кешірек шыққандықтан оған көптеген тілдердің ықпалы болды. Мысалы келесі тілдердің: ABC -- операторларды топтаудың шегіністері, жоғары деңгейлі деректер құрылымы. (Python тілі шындығында келегенде, ABC ОББ тілін жобалауда кеткен қателіктерді түзету үшін құрылған тіл болатын); Modula-3 -- бумалары, модульдері; С, C++ -- біршама синтаксистік конструкциялары; Smalltalk -- объектіге бағытталған программалау; Lisp -- (lambda, map, reduce, filter и другие) функционалды программалаудың айрықша белгілерін; Fortran -- массивтер, кешенді арифметика; Miranda -- тізімдік өрнектер; Java -- logging, unittest, threading модульдерін, xml.sax стандартты библиотекасын, finally және except-тің ескерпелерді өңдеудегі біріктірілген қолданылуын; Icon -- генераторларын [14]. Python тілінің басым бөлігі (мысалы, бастапқы кодтың байт-компиляциясы) бұрынырақта басқа бағдарламалау тілдерінде іске асырылатын. 2. Python тілінің мүмкіндіктері Python тілін бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген мүмкіндіктері бар. Олар келесілер: xmlhtml файлдарымен жұмыс жасау; http сұраныстар жасау; GUI (графикалық интерфейс) Веб-сценарийлер құру; FTP-мен жұмыс жасау; Кескіндермен, аудио және видеомен жұмыс жасау; Робототехникада қолдану; Математикалық және ғылыми есептеулерді бағдарламалау және т.б. Соған орай python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады [15]. Тілін жүктеу және орнату. Python 3 бағдарламасын өз компьютеріңізге жүктеуді қарастырамыз. Ол тегін және еш тіркелусіз орындалады. Windows жүйесіне Python тілін орнату Алдымен оны ресми сайттан жүктеп алу керек. Басқа сайттардан көшіру қауіпті, яғни вирустық программалар болуы мүмкін.
Python бағдарламасының орнатылғанын күту керек. Finish батырмасын басқан соң бағдарлама орнатылды деп есептеу керек. Бұл нұсқада IDLE зірлеу ортасы ендірілген. Дәл қазір алғашқы бағдарлама жазуға болады. Енді алғашқа бағдарламаны кез келген мәтіндік редакторда немесе IDLE әзірлеу ортасында жазуға болады. IDLE әзірлеу ортасы. Алғашқы бағдарлама Python бағдарламасын іске қосқан соң IDLE ортасын ашу керек (Python бағдарламалау тіліндегі әзірлеу ортасы). Сурет 7 IDLE ортасын іске қосу терезесі IDLE ортасы бастапқыда интерактивті режімде ашылады. Кейіннен программаны жазуды бастауға болады. Салт бойынша алғашқы программа "hello world" болады. Python тілінде "hello world" сөз тіркесін жазу үшін тек бір ғана жолдың жазылуы жеткілікті: Python тіліндегі бағдарламаларда қолдану үшін модульдер өзінің шығу тегі бойынша кәдімгі (Python-да жазылған) және басқа бағдарламалау тілінде жазылған кеңейту модульдеріне (әдетте C-да) бөлінеді. Пайдаланушы тұрғысынан олар жылдам әрекетпен ерекшеленуі мүмкін. Стандартты кітапханада модульдің екі нұсқасы бар: Python және C.бұл, мысалы, pickle және cPickle модульдері. Әдетте Python модульдері кеңейту модулдеріне қарағанда икемді. Python модульдері Модуль бастапқы коды бар жеке файл түрінде ресімделеді. Стандартты Модульдер тілдің тиісті интерпретаторын таба алатын каталогта болады. Python модульдерді іздейтін каталогтарға жолды sys айнымалысы мәнінен көруге болады.path: sys.path ['', 'usrlocallibpython23.zip', 'usrlocallibpython2.3', 'usrlocallibpython2.3plat-linu x2', 'usrlocallibpython2.3lib-tk', 'usrlocallibpython2.3lib-dynlo ad', 'usrlocallibpython2.3site-pack ages'] Соңғы Python нұсқаларында модульдерді жинақы сақтау үшін zip-мұрағатына (Javaдағы jar-мұрағаттарға ұқсас) орналастыруға болады. Модульдерді іздеу бағдарламасын іске қосқан кезде, ағымдағы каталогта жүреді. (Стандартты немесе қосымша орнатылған модульдермен аттар қақтығысы болмас үшін өз модульдерін Мұқият атауыңыз керек.) Python бағдарламасына модульді қосу import операторының көмегімен жүзеге асырылады . Оның екі нысаны бар : import және from-import: import os import pre as re from sys import argv, environ from string import * Бірінші пішін көмегімен ағымдағы көріну аймағымен тек модуль объектісіне сілтеме жасайтын атау ғана байланысады, ал екіншісін пайдаланған кезде модуль объектілерінің көрсетілген аттары (немесе қолданылса, барлық аттары * ) ағымдағы көріну аймағымен байланысады. Импорттау кезінде, as арқылы элементтің атын өзгертуге болады. Бірінші жағдайда модуль атаулары кеңістігі бөлек атауда қалады және модульден нақты атауына кіру үшін нүктені қолдану қажет. Екінші жағдайда аттар ағымдағы модульде анықталғандай қолданылады: os.system("dir") digits = re.compile("\d+") print argv[0], environ Модульді қайта импорттау әлдеқайда жылдам жүреді , себебі Модульдер интерпретатормен кэштеледі. Жүктелген модульді reload функциясы арқылы тағы да жүктеуге болады (мысалы, модуль дискіде өзгерсе)(): import mymodule . . . reload(mymodule) Бірақ бұл жағдайда модульдің ескі нұсқасынан сыныптардың даналары болып табылатын барлық объектілер өз мінез-құлқын өзгертпейді. Модульдермен жұмыс істеу кезінде басқа да қырлары бар . Мысалы, модульді импорттау процесін қайта анықтауға болады. Бұл туралы толығырақ түпнұсқа құжаттамадан білуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет