I. Кіріспе:
Тұнба пайда болуы
II. Негізгі бөлім:
Тұнбаның түзілу шарттары
Тұздық эффект
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тұнба пайда болуы, ерігіштік көбейтіндісінің ережесіне сәйкес, тұнбаға түсетін иондардың ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) сол температурада тұнбаға түсетін қосылыстың ерігіштік көбейтіндісінен жоғары болуы қажет. Сол кезде тұнба толық түседі. Тұнба қатты зат күйінде түседі, бұл тек екі ионнан ғана құралмайды, себебі бұл күрделі процесс. Барлық уақытта да белгілі бір периоды бар құбылыс, реагенттердің ерітінділерінің бір-бірімен араласқанынан бастап, түзілетін тұнбаның ең алғашқы түйіршіктерінің пайда болғанына дейін. Мұндай майда бөлшектердің пайда болуын – түйіршік түзілу процессі дейді. Пайда болған түйіршіктердің тұнбаға түсу жылдамдығы көптеген жағдайларға тәуелді болады, сондықтан ол өзгеріп отырады. Ондай жағдайлар: әрекеттесін бөлшектердің табиғаты мен концентрациясы, бөгде заттардың концентрациясы, температура және т.б..
Гравиметриялық анализде тұнбаны екі түрге бөледі: 1. Тұнушы форма – ерітіндіні лайықты реагентпен әрекеттестіргендегі ерітіндіде тұнбаға түскен зат; 2. Тұнбаның гравиметриялық формасы (салмақтық күйі) – ерітіндіден арнайы операциялармен бөлінген, өлшену түрінде алынған тұнба (анализ кезiнде ең соңғы нәтиже алу үшiн өлшенетiн қосылыс).
Ионның тұнбаға түсу толықтығы – тұнбаға түсірілетін қосылыстың ерігіштігіне, тұндырғыштың мөлшеріне, оның диссоциациялану дәрежесіне, гидролизденуіне, ерітіндінің рН-ң мәніне және т.б. факторларға байланысты болады.
Тұнбалардың көпшілігі лезде тұнбаға түседі, енді біреулерінің түзілуі өте баяу жүреді. Тұнбаға түсу жылдамдықтарына байланысты кристалды немесе аморфты тұнбалар түседі. Кристалды тұнбалар түскен кезде ең бірінші пайда болған түйіршіктердің беткі қабатына келесі түйіршіктер жиналады, ал аморфты тұнбалар түскенде түйіршіктердің механикалық қосылысы, өздерінің салмағы арқылы тұнба болып астына жиналады. Басқа сөзбен айтқанда ең алғашқы пайда болған коллоидты ерітіндінің ұю (коогуляция) процесі жүреді.
Тұнбаның түзілу шарттары:
1. Әр түрлі ерітінділерден тұнбаға түсіру. С – бұл кезде өте аз. 2. Өте тез араластыра отырып, аздап тұнбаға түсіргіш ерітіндіні құю. 3. рН өте аз болған жағдайда тұнбаның толық түсуі мүмкін. Көптеген тұнбалар рН аз кезде ерігіш келеді, демек өте қышқыл ортада, сондықтан тұнбаның пайда болу жылдамдығы аз болады. 4. Ыстық ерітіндіден тұнбаға түсіру. S - тұнбаның ерігіштігі, t – ұлғайған сайын артады, себебі, S ұлғайған сайын ерітіндінің аса қанықтығы азайады. 5. Тұнбаға түсетін ерітіндінің ескіруі. Тұнбаның жетілуі ерітіндіні қыздырғанда немесе көп тұрған кезде пайда болады. Тұнбаның түзілуі жалпы беттік ауданының азайуына және бөлшектердің орташа мөлшерлерінің үлкеюіне әкеліп соғады.
Ерітіндегі иондардың концентрациялары 10-5 – 10-6 моль/л аспағанда немесе тұнбаның ерігіштігі S < 10-5 моль/л аспаған жағдайда шартты түрде тұнба толық түсті деп есептеуге болады. Егер тұнба құрамында қышқылдық қасиеті бар катион немесе негіздік қасиеті бар анион болса, мұндай тұнбалардың ерігіштігі рН шамасына тәуелді. Құрамында қышқылдық катионы бар тұнба ерігіштігі рН кеміген сайын кемиді. Ал негіздік анионы бар тұнбалардың ерігіштігі рН кеміген сайын артады. Егер ерітіндіге комплекс түзуші реагент енгізсе, тұнба еруі мүмкін. Тұндырғыштың концентрациясын арттырғанда катионның концентрациясы кемиді, яғни тұну толық жүреді.
Тұзды эффект – бөгде күшті электролит қатысында тұнбаның ерігіштігінің артуы. Тұз эффектісі-бұл ерітіндінің иондық күшінің жоғарылауынан туындаған ерігіштіктің жоғарылауы, әдетте ерітіндідегі электролит концентрациясының жоғарылауымен байқалады. Күшті электролиттердің иондары аз еритін қосылыс түзетін иондардың айналасында "иондық атмосфера" түзеді. Нәтижесінде тұнбаға қосылмаған бос иондардың концентрациясы төмендейді, бұл тұнбаның еруі нәтижесінде осындай иондардың жаңа бөлігінің пайда болуына әкеледі.
Шөгінділердің ерігіштігі тұнба құрамында аттас ионы жоқ бөгде электролиттердің қатысуымен ұлғаюы мүмкін. Мысалы, егер натрий нитратының ерітіндісі AgCl тұнбасына қосылса, онда Ag+ және Cl иондары Na+ және NO3 - иондарының қабықшаларымен қоршалған . Бұл Ag+ және Cl иондарының өзара әрекеттесуіне және күміс хлоридінің толық шөгуіне жол бермейді. Ag+ және Cl-белсенділігінің төмендеуі байқалады, соның салдарынан олардың белсенді концентрацияларының көбейтіндісі азаяды және тұнбаның еруі байқалады. Байқалған құбылыс тұз эффектісі деп аталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жанбеков Х.Н., Кожагулова Ж.Р. Аналитикалық химия. 1 бөлім. 2008. Алматы