Тақырыбы:«Ана тіршілік бастауы»



Дата19.04.2023
өлшемі20,43 Kb.
#84520
Байланысты:
тәрбре сағаты 02.03


Тақырыбы:«Ана тіршілік бастауы »
Мақсаты: Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .
Білімділігі: Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп,оқушылардың танымына ой түсіру. 
Дамытушылық: Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып,еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу 
Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мател 
Сабақтың түрі: Кездесу сабағы. 

Жүру барысы: 
І.Ұйымдастыру
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дан тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. 
Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға 
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық. 
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды 
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды 
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым, 
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. 
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды. 
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды 
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, 
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым. 
Адамды дүниеге әкелетін,өмірге сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдңрет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз 
Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң. 
Шырылдап жерге түскеннен – ақ, сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол кім? Ол – анаң. 
Сен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол кім? Ол – анаң. 
Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы кім? Ол – анаң. 
Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін кім? Ол – анаң. 
Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға кім? Ол – анаң. 
Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегіміз келеді. Сіздерге балалық жүректерімізден мыңда бір алғыс. 
Ана сөзін ауызына алмайтын адам баласы жоққа тән.Аналар қоғам өмірінеде алатын орны бөлек.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған оқушыларымыздың өлеңдеріне кезек берейік. 
Сен білесіңбе? 
Топтарға сұрақтар қойылады. 
І топ 
1. Балдан тәтті не? (Бала) 
2. Тәрбие мен білім ордасы (Мектеп) 
3. Үйлегі алтын қазық кім? (Ана) 
4. Бес асылды атаңдар (Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым) 
5. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (достық) 
ІІ топ 
1. 18 жасқа толмаған адам (Бала) 
2. Қара жаңырақ иесі кім? (Кенже ұл) 
3. Үш арсызды атаңдар? (Ұйқы,тамақ,күлкі) 
4. Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра) 
5. Үйде кім,елде кім қадірлі? (Үйде халық,қарт,бала қадірлі,елде хан,әкім,ұстаз қадірлі) 

Алтын анам жасымнан аялаған 
Мен үшін игілікті аямаған 
Сабақтан шаршап үйге келгенімде 
Бал сөзі жаным деген сая маған 

Мақалдың жалғасын тап... 
І топ 
1. Ата – бәйтерек 
Бала жапырақ 
2. Ана тілін білмеген 
Ана сүтін татпаған 
3. Ұлы бар үйде қуат бар, 
Қызы бар үйде шуақ бар 
4. Әкеге қарап ұл өсер 
Шешеге қарап қыз өсер 
5. Ананың көңілі балада, 
Баланың көңілі далада. 
6. Анаңа ауыр сөз айтпа! 
Атыңа ауыр жүк артпа! 
7. Ата көрген оқ жонар, 
Ана көрген тон пішер 
ІІ топ 
1. Балалы үй базар, 
Баласыз үй қу мазар 
2. Ана алдында — құрмет, 
Ата алдында — қызмет. 
3. Ананың сүті—бал, 
Баланың тілі — бал. 
4. Бала жақсы болса – қуаныш, жаман болса – күйініш 
5. Анаңа ауыр сөз айтпа! 
Атыңа ауыр жүк артпа! 
6. Отан елдің – анасы, 
Ел – ердің анасы 
7. Отан үшін күрес 
Ерге тиген үлес 

Ата – анаға айтқан рахметің 
Елден алған алғысың 
Ата – анаңды сыйламағаның 
Елден алған қарғысың 

«Сәйкестендіру» 
Екі топқа берілетін тапсырма сәйкестендіру кестесі 
Отбасының қорғаны кім? 5 Ана 
Үйдегі алтын қазық кім? 1 Ұстаз,ата – ана 
Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім? 6 Қонақ,қарт адам,бала 
Үйде кімдер қадірлі? 3 Ата – ана,ұстаз,дос 
Қоғамда кімдер қадірлі? 2 Әке 
Адамға ақыл беретін кім? 4 Ана 
Құрметтейік,о адамдар,аналарды, 
Бізді өмірге әкелген даналарды 
Себебі ана деген асыл жан ғой 
Ойлауменен істейік әр қадамды 
Егер мен... 
Әр топтағы оқушылар берілген сөйлемдегі ойды аяқтайды. 
• Егер мен анамның қөңілін қалдырсам, онда... 
• Егер мен жаман баға алып қалсам, онда анама... 
• Егер мен кітабымды жыртып алсам, онда апайыма... 
• Егер мен үй тапсырмасын орындамай келсем, онда апайыма... 

Аналарды ардақтайық мәңгілік, 
Сіздер үшін жыр жазамын ән қылып, 
Барлық ана қамқор болған балаға 
Құрметтемей аналарды болар ма?! 

Енді сөз кезегін сынып жетекшіміз Айнагуль Талғатқызына береміз. 
Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық, 
Екі ортаға алтыннан жол салайық. 
Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен 
Рахмет айтып біздер де қоштасайық! 
Аналарды құрметтейміз,елейміз, 
Аспандағы ай мен күнге теңейміз 
О,аналар,сіздерді үлгі тұтып 
Бақытпенен денсаулықты тілейміз. 

Қорытынды. 
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді.Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс.Анасы бар адам бақытты. 
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресене жетті.


Тақырыбы: 1001 мақал, 101 жұмбақ
Мақсаты: 1.Білімділік:
Мақал-мəтел,жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем,
ұтымды сөйлеуге үйретіп, олардағы негізгі ойды білдіру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың тіл байлығын арттырып,ойлау қабілетін
дамыту.
3.Тəрбиелік:Адамгершілікке,адалдыққа тəрбиелеу.Ата-
бабала-
рымыздың өсиетін қадір тұтуға,мақал-
мəтел,жұмбақ,шешендік
өнер арқылы өз елінің тарихын білу,əдет-ғұрып, салт-
дəстүрді
сыйлауға баулу.
Міндеті: Оқушыларды мақал – мəтел, жұмбақтар айту
арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге
үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ əдебиетін құрметтеуге, өз
тілін мақтан ете білуге тəрбиелеу. өз ойларын əдеби тілде
жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
Əдіс-тəсілдер: Сайыс түрінде.
Көрнекілік құралдар: Плакаттар,түрлі түсті қарындаштар,
нақыл сөздер
Жоспары:
1. Ойынды ашу
2. Топқа бөлу(қағаздарға номер жазып)
3. Мақалшылар сайысы
4. Жұмбақшылар сайысы
5. Кім көп біледі сайысы
6. Сөзжұмбақ шешу
7. Қорытынды
1-Жүргізуші: 1001 мақал, 101 жұмбақ Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл қазына, ақыл ой даналығы мен тапқырлығы. Мақал келелі ой, кең мазмұнды
1


жасаудың тамаша үлгісі. Халық тапқырлығымен айтқанда «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Кең болсаң, кем болмайсың».
2-Жүргізуші: Жанұмыз-сәніміз Отбасымыз – әніміз Біз бастайық сайысты Қош келіпсіз бәріңіз.
Біз 1 бөлімімізді бастамыз. Бірінші айналымда сіздер мен айтқан мақал-мәтелдерді жалғастыруларыңыз керек.
1-No топ
1. Ине көзінен сынады,..... (шешен сөзінен сынады) 2. Тіл қылыштан......(өткір) 3. Тіл тас жарады,
Тас жармаса......(бас жарады) 4. Шешеннің тілі –......... (Шебердің бізі)
5. Қызыл тіл жанның мияты,.... (Аброй – ердің қуаты.)
No2 - топ
1. Айта білмесең мақалдың мәні болмайды,...... (Жасай білмесең астың дәмі болмайды)
2. Сөйлей – сөйлей шешен боласың,...
(Көре - көре көсем боласың)
3. Аузы жаман елді былғар,... (Аяғы жаман төрді былғар)
4. Мақал атасы сөз,...
(Мата атасы бөз)
5. Батыр туса ел ырысы,... (Жаңбыр жауса жер ырысы)
2


3-топ
1. Жақсының сөзі ақыл шақырады,.... (Жаманның сөзі ашу шақырады).
2. Нақыл қайдан шығады ой болмаса,.... (Киіз қайдан шығады қой болмаса.)
3. Жақсыдан үйрен,....
(Жаманнан жирен).
4. Беліңнің мықтысы бір басыңа....
(Еліңнің мықтысы бір ғасырға.) 5.Жақсы бала-сүйік.... (Жаман бала-күйік)
Жүргізуші: Жұмбақтар сайысын бастаймыз. Әр топқа кезектеп кезек жұмбақ жасырамыз кім көп табады сол жеңеді.
Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. ЖУА
Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр. ҚЫЗЫЛША
Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті. ҚАРБЫЗ
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп ҚАРБЫЗ
Ағайынды бәрі: шықса – көк,
3


Түссе – сары, ЖАПЫРАҚТАР
Қабат-қабат қаттама
Ақлың болса аттама КІТАП
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. ҚАРЫНДАШ
Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған
Уақытты өлшеп, санап, Таппады бір тағат.
Бұл не сонда?...
Тырс-тырс тамады, Сайға қарай ағады.
Жаңбыр жауып басылды, Аспан шадай ашылды, Қызыл, сары, жасылды Көкте бір зат асылды
БОР
САҒАТ
ЖАҢБЫР
КЕМПІРҚОСАҚ
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады. САБЫН
4


1-Жүргізуші : Тақырыптарымыз бойынша мақал мәтел айтуларыныз керек яғни кім көп айтады сайысы...
Мысалы :Еңбек тобы болса еңбекке тақысты айту керек
2-Жүргізуші: Соңғы бөлім ол сөзжұмбақ шешу сайысы. Сөзжұмбақты дұрыс шешіп, әрі көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Сөзжұмбақ тапсырмалары: мақал Оқу құралды ҚАЛАМ
Мұғалім ҰСТАЗ
Біздің ұлтымыз ҚАЗАҚ
Есеп шығаратын пән МАТЕМАТИКА Ешкі төлі ЛАҚ
Екінші сөз жұмбақ; ЖҰМБАҚ жыл мезгілі ЖАЗ
Аспандағы бейне БҰЛТ
Жыл мезгілі КӨКТЕМ
Баланың сүікті тәтті тағамы, әрі мұзда БАЛМҰЗДАҚ Тәтті жеміс АЛМА
Қыстың сәні ҚЫС
Үшінші сөз жұмбақ МӘТЕЛ Білім ордасы МЕКТЕП Таңмен отатын құс ӘТЕШ Мектеп мүлкі ПАРТА
Қандай мемлекетте тұрамыз ЕГЕМЕНДІ
5

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет