Тақырыбы:Қазақстан



Дата03.04.2023
өлшемі16,13 Kb.
#78598
Байланысты:
эссе Кожина Айман


Эссе
Тақырыбы:Қазақстан


Қазақстан -тәуелсіз,тату, берекелі, ынтымақты және бірлікті елдердің қатарынан екені мәлім. Жері әлемге кеңдігімен танымал және топырағы өте құнарлы, әртүрлі шипалы өсімдіктерге бай, көптеген шипалы әрі қасиетті мекендерге толы екенін шүбәсіз айта аламыз. Ал халқы өте қонақжай, бауырмашыл және қамқор болып келеді. Кез келген үйіне келген адамды жылы лебізбен қарсы алып, оған соңғы сақтап қойған етін асып, ұлттық тағамдармен, қымыз және шұбатпен дастархан жайып қонақ етеді.Сонымен қатар Қазақстанның өзге елдерден ерекшелігінің бірі ол адамдардың өте бауырмал, қамқор, әдепті, мейірімді және адамгершіл болуында. Негізгі халқымыздың осындай көрініс беруіне, ертеден ата-бабаларымыздың өмір сүру бейнесі мен тұрмыс-тіршілігі, әдеп-ғұрпы, мәдениеті әсер етті деп санаймын. Тартхқа көз жүгіртсек,жалпы біздің ата бабаларымыз өте өнерлі, әнші, биші, күйші, жыршы, ақын әрі жазушы, әрі батыр, әрі қаһарман болғанын айқын көре аламыз. Расымен де, біздің елімізден көптеген әлемге танымал болған ата-әжелерімізбен аға-апаларымыз бар. Мәселен, Абай Құнанбаев атамыздың шеберлікпен жазған ән жинақтары, қара сөздері, ғибратты әңгімелері барлық әлемге танылды. Тіпті қазіргі таңда Париж қаласында Абай атамызға арнап музей ашылған болатын. Тағы да керемет әйгілі суретші - Әбілхан Қастеев. Оның керемет туындылары адамның назарын аудартпай қоймай, жүргін баурап алатындай болды.Бұл сүретші менің туған жерім Ақтөбе қаласында туылған еді. Ендігі кезекте өз туған жерім туралы айтатын болсам, Ақтөбе-өте шырайлы, тату халқы бар, қоғамы тыныш, таза әрі мәдениетті және дарынды жастарға толы қала.Ақтөбе қаласында көптеген әсем жерлер жетерлік және де қасиетті мекендерде бар. Мәселен,Есет батыр атындағы кесене де адамдар арнайы ниетпен дұға жасау үшін барып жатады. Сонымен қатар біздің қаладан еліміздің тәуелсіздігін сақтау үшін жанын берген батыр аға-апаларымыз аға-апаларымыз шыққан. Мысалы:Әлия Молдағұлова және т.б. Қазіргі таңда еліміздің осылай тыныш, тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүруі осы ата-бабаларымыздың батырлықпен жерді қорғап, қасық қаны қалғанша шайқасып, берілмей, батылдық көрсетуінің арқасында екені сөзсіз түсінікті. Тәуелсіздік ол бізге көктен берілген асыл қазынамыз десек те қателеспейміз. Қазір тәуелсіз Қазақстан елінің жағдайы күннен күнге даму үстінде. Еліміз өзге елдерден қалыспай, ішкі және сыртқы саясатты, экономиканы, мәдениетті,денсаулық және білім саласы мен қоғамды заманауи түрде жан- жақты көркейтіп жатыр. Жастарымыз индивидуалды түрде жаңа технологиялар және жаңа методикалар арқылы терең білім алуда. Бұл кезегінде еліміздің болашағына үлкен септігін тигізері анық. Менің ойымша Қазақстан бұрыңғы уақытпен салыстырғанда біршама деңгейде дамыды және әлі де даму үстінде деп ойлаймын. Қорытындылай келе, Қазақстан-көпұлтты да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі.Осындай еңсесі іргелі, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің азаматы екенімді мақтаныш санаймын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет