Тақырып 5 Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері



Дата25.02.2022
өлшемі45,5 Kb.
#26426

Дәріс 5 Өндірістік жарақат пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері. Жазатайым оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы.

Зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

Қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.

Кәсіптік ауру - қызметкердің өз қызмет міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына табиғи іс-әрекеттер бойынша келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Өндірістік жарақаттану факторларының негізгі түрлері:

1. машина, механизмдер, құралдар, қосымша құралдар;

2. транспорт жабдықтары, автотранспорт, жүк көтеруші қондырғылар;

3. құлаған, жарылған, ұшқан заттар және олардың жарықшалары;

4. үймереттердің немесе оның бөліктерінің құлауы;

5. адамның биіктен құлауы;

6. электр тоғы;

7. термиялық фактор ( күйік);

8. заттар, жүктер қозғалыста болуы;

9. уланған заттар;

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:



  1. Техникалық себептер:

  • машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің болуы мен дұрыс жөнделмегендігінен;

- жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің жеткіліксіздігінен;

- технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;

- технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың болмауынан.

2. Ұйымдастырушылық себептер:

- жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;

- ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының, территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;

- техникалық қауіпсіз ережелерін әкімшілік бұзса;

- жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не істемегендігінен;

- нұсқау кезіндегі кемшіліктер болуынан.

3. Санитарлық-гигиеналық себептер:

- жұмыс бөлмелеріндегі метеорологиялық жағдайлардың қолайсыздығы

- шу мен дірілдің болуы

- санитарлық қызмет көрсету бөлмелерінің жеткіліксіз болуы

4. Психофизиологиялық себептер:

- арақ ішімдіктер мен нашақорлық заттарды қолдану

Өндірістегі жазатайым оқиға дегеніміз өзінің қызмет міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.

Өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында оларды талдау үшін статистикалық, монографиялық және экономикалық әдістерді қолданады.

Статистикалық әдісте жазатайым оқиғаларды зерттеу үшін Н-1 формасындағы актіні пайдаланады. Бұл әдіс бойынша жазатайым оқиғаларды себебі, ауырлығы, жасқа байланысты, мамандық, уақыт және басқа да көрсеткіштер бойынша талдайды.

Өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалардың абсолют саны жарақат деңгейі мен динамикасы жөнінде мәліметті толық бермейді, себебі әр өндірісте жасалған жұмысшы саны әртүрлі. Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер жарақаттың жиілік көрсеткіші Кж және ауырлық коэффициенті Ка қолданылады.

Жарақаттың жиілік коэфициенті:



Кж =
Жиілік көрсеткіші жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетпейді, себебі кейбір өндірістерде ылғи жеңіл жарақат, ал екіншісінде тек ауыр болуы мүмкін. Сондықтан да ауырлық коэффициенті енгізіледі. Ол есеп беру аралығындағы берілетін адамның жарақаттануы себепті қанша жұмыс күнін жоғалтатынын сипаттайды.
Жарақаттың ауырлық коэфициенті:

Ка =

Қауіпсіздік коэфициенті



Kқ = Kж
мұндағы: А-есеп жүргізу уақытындағы жазатайым оқиғалар саны;

В- жұмыскерлердің статистикалық саны;

Д- есеп жүргізу уақытындағы еңбекке қабілетсіз күндердің саны.
Статистикалық әдістердің топтық және топографиялық деп бөлінеді.

Топтық әдісте жазатайым оқиғаларды жасы, жынысы бойынша топтайды.

Топографиялық әдісте жазатайым оқиға болған жерді цехтың, учаскенің, технологиялық жүйеде немесе қондырғыда план бойынша щартты белгілермен көрсетеді. Белгілердің саны жекеленген орындардың қауіптілігін сипаттайды.

Монографиялық әдіс істеп тұрған және жобаланып жатқан жекеленген қондырғыларда, сонымен қатар жазатайым оқиға болған жұмыс орнындағы жағдайды детальды түрде талдау үшін қолданады.

Экономикалық әдіс материалдық шығынға баға беру үшін қолданады.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру

Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шегушi немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмысты ұйымдастырушыға жедел хабарлауға мiндеттi.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:

төраға – кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары;

мүшелері - кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

Арнайы тексеруге мыналар жатады:

1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.

Қатерлі улану жағдайында комиссияның тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Жұмысшы қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тексереді және есепке алады.

Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.

Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.

Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.

Жұмысшылардың кемiнде бiр күн еңбекке жарамдылығын жоғалтуына апарып соққан өндiрiспен байланысты әр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға сәйкес өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы немесе қызметкердiң денсаулығының өзге зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша қажеттi данадағы (әр зақымданушыға бөлек) актiмен ресiмделедi.

Тексерудiң нәтижесiмен келiспеген немесе Н-1 нысанындағы актi уақытылы ресiмделмеген жағдайда зардап шегушi, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi немесе өзге мүдделi адам жұмыс берушiге жазбаша өтiнiш беруге құқылы, ол он күн мерзiмде өтiнiштi қарауға және iстiң мәнi бойынша шешiм қабылдауға мiндеттi.

Тексеру нәтижесi бойынша Н-2 нысанындағы жұмысқа баратын немесе жұмыстан келетiн жолда ұшыраған жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру актiсi төрт данада жасалады, оған тексеру жүргiзген комиссия мүшелерi қол қояды, жұмыс берушi бекiтедi және мөрмен куәландырады.



Н-2 нысанындағы актiнiң бiр данасы еңбекке жарамсыздық парағымен, екiншiсi - тексеру материалымен бiрге еңбектi қорғау қызметiнде сақталады, үшiншiсi - зардап шегушiнiң қолына берiледi, төртiншiсi - қызметкерлердiң өкiлдерiне жiберiледi. Н-2 нысанындағы акт арнайы журналда тiркеледi және бес жыл сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет