Мақсаты: бағалы қағаз нарығын реттеудің нарықтық қатынастарды жүзеге асырудағы маңызын білу
Міндеттері:бағалы қағаз нарығын реттеу түсінігi мен мақсаттарын,
реттеу қағидаларын; өзін-өзі реттеуші ұйымдардың ролін ашып түсіндіру.
Дәріс жоспары: 1.Қор биржасын құру және оның қызмет етуінің міндетте-рі, мақсаттары.
2. Қор биржасының қызметтері.
3. Қор биржасының ұйымдық құрылымы.
4. Бағалы қағазды қор биржасына жіберу механизмі.
Нарықтық экономика жағдайында нақты секторды дамытуда тікелей ин-вестиция аса маңызды рөл атқарады. Бірақ біздің елімізде өндірушілерді қол-дайтын отандық инвесторлар табу өте қиын. Оның негізгі себептерінің бірі – қор нарығының дамымауы. Бұл мәселені шешу үшін нақты эмитенттер мен инвесторлар бір жерде шоғырланып жұмыс жүргізуге жағдай жасап, елдің оң-түстік аудандарында қор биржаларының дамуына мүмкіндік беру қажеттілігі айтылып келеді.
Қор биржасы – бұл Бағалы қағаздың бiрқалыпты айналысы үшiн қажет-тi жағдайлармен қамтамасыз ететiн ұйым. «ҚР-ның Бағалы қағаз нарығы туралы» Заңы бойынша коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор биржасының толық мәнi, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерiнен көрiнедi:
қор нарығында биржалық делдалдардың Бағалы қағазды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
өндiрiстi және ел үкiметiнiң шығыстарын несиелеу және қаржы-ландыру;
Бағалы қағазмен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейiн көрсететiн бағаларды белгiлеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лық дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етедi.
Қор биржасы өз қызметiнде мынадай қағидаларға сүйенедi:
қаншалықты биржадағы мәмiлелердiң ауызша жасалып, кейiннен заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенiмнiң болуы;
сауда-саттық ережелерi мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметi-нiң қор биржасының әкiмшiлiгi және аудиторларымен қатаң түрде реттелуi.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етiлуi нәтижесiнде қор биржасында бағалы қағазды сатуға және сатып алуға итермелейтiн орта қалыптасады. Ондай артық-шылықтарға аталған қағаздардың қадамдары үшiн несиеге деген мүмкiндiк, Бағалы қағаз нарығының жағдайы туралы шолулар жатады.
Қазақстан республикасының қор нарығы роман-герман моделіне жақын болып келеді. Қазақстанның банктері қор нарығын ұйымдастыруының басты бастамалары және де оның басты қатысушылары болып табылады.
Қазақстан Республикасында моноорталықтандырылған биржалық жүйе қа-лыптасты, онда тек бір биржа иелік етеді. Ол еліміздің басты қаржы орталығы – Алматы қаласында орналасқан.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Парламентіне Алматы қала-сын аумақтық қаржылай орталыққа айналдыру мәселелері жөнінде заң жобалар блогының өңделуінің соңғы стадиясы дайындалуда. Алматыда қаржылық орта-лықты қалыптастыруға барлық мүмкіндіктер бар. Бұнда елдің қаржылық инсти-туттарының 85 пайызы шоғырланған, сондықтан да республиканың қор сек-торын ынталандыру қажеттілігі пайда болады. BCG эксперттерінің Алматыда аумақтық қаржылай орталығын құру мүмкіншілігіне баға бере отырып, Қазақ-стан Республикасының негізгі артықшылығын атап кетті, яғни қалыптасқан және жетілдірілген институционалдық инвесторлардың бар болуы (банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары – жақын арадағы инвестициялық қорлары). Айтылған инвесторлардың артықшылықты өтімділіктері бар, бірақ өкілетті ор-гандардың инвестициялық құралдарының талаптарымен шектелген. Осыған байланысты аумақтық қаржылай орталықтың эмитенттерінің негізгі отандық инвесторларға потенциалды түрде қызығушылық арта алатын мақсатты ауди-ториясы болып – Қазақстанның, Украинаның және Ресейдің компаниялары табылады.
Қор биржасы төмендегідей қызметтер атқарады:
1) сауда жүйесін пайдалану және қолдау көрсету;;
2) қор биржасы тізіміне Бағалы қағазы енгізілетін эмитенттерге қойылатын талаптарды анықтау;
3) бағалы қағазмен және қор биржасына айналымға шығарылған басқадай қар-жылық инструменттермен жасалатын мәмілелерді жетілдіру мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйесіне еркін кіруіне мүмкіндік беру;
4) бағалы қағаз және қор биржасына айналымға шығарылған басқадай қаржы-лық инструменттер бойынша жүйелі сауда ұйымдастырып, жүргізу;
5) бағалы қағаз және қор биржасына айналымға шығарылған басқадай қар-жылық инструменттер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не ондай есеп айырысуды жүзеге асыруға қажет ақпарат дайындау;
6) өз мүшелеріне ұйымдастыру, кеңес беру, ақпараттық және басқадай қызмет-тер көрсету;
7) бағалы қағаз және қор биржасына айналымға шығарылған басқадай қар-жылық инструменттер бойынша аналитикалық зерттеу жүргізу;
8) ҚР-ның банк заңдылықтарында анықталған тәртіппен жекеленген банк операцияларын жүзеге асыру;
9) қор биржасының ішкі құжаттарында қаралған басқадай қызметтер.
Бағалы қағазды қор биржасы тізіміне енгізу шарттары мен тәртібі оның ережелеріне сай анықталады.
Өкілетті орган қор биржасына айналымға бағалы қағаз шығаратын эми-тенттерге, сондай-ақ, қор биржасы тізімінің жекеленген түрлеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Эмиссиялық бағалы қағазы қор биржасы тізіміне ен-ген эмитенттер Заңда, өкілетті органның нормативтік-құқықтық актлерінде жә-не қор биржасы тізіміне енген бағалы қағаз мен эмитент туралы ақпаратты ашуға қатысты қор биржасының ережелерінде көрсетілген талаптарды қадаға-лауға міндетті. Егер қойылған талаптарды орындамаса, қор биржасы өз ережелеріне сәйкес қателіктерді жою шараларын қолдануға міндетті.
Бір қор биржасы тізіміне енген бағалы қағаз басқа қор биржасына немесе ҚР территориясында ұйымдастырылған бағалы қағаз нарығына айналымға жіберілмейді.
Бақылау сұрақтары: 1. Қор биржасына анықтама беріңіздер.
2. Қор биржаларының қызметтерін түсіндіріңіз.
3. Бағалы қағазды қор биржасына жіберу механизмі туралы не білесіз?
4. Қор биржасының қызмет ету қағидаларын атаңыз.
5. Қор биржасының ұйымдық құрылымы туралы не білесіз?