Тақырып: Рухани жаңғыру Орындаған: Бердіхан Айдана



Дата02.06.2023
өлшемі14,87 Kb.
#97748
түріБағдарламасы
Байланысты:
Филос-15


Тақырып:Рухани жаңғыру
Орындаған:Бердіхан Айдана

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.


Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер – БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.
«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық». Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін – кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде.
«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» атты жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы және әртүрлі ұлттардың өкілдері арасынан жоғары жетістіктерге жетіп, отандастарына үлгі боларлық тұлғаларды дүйім жұртқа таныстырады. Осы жобаға енетін 100 жаңа есім қазіргі Қазақстанның бетке ұстар бейнесі ретінде алынады.
«Қазақстанның киелі географиясы» атты жоба еліміздің тарихи-мәдени және символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Бұл жобаға жататын қасиетті орындар – елде туризм индустриясын дамытуға, сөйтіп халықты киелі жерлерге тартуға арналады. Сонымен қатар Елбасы өз мақаласында республикада жаппай спортты дамыту мәселелеріне де көбірек көңіл бөледі. Осы орайда аталған «Туған жер» жобасы елдегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге, азаматтарды өздері тұратын елді мекендерді абаттандырып, өлкені жандандыруға, дамытуға, сөйтіп жалпы қоршаған ортаны қорғауға баулуға бағытталған.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелге таныстыру жүйесін қолға алуды көздейді. Шын мәнісінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті мазмұндық жағынан да, қалыптық жағынан да ілгері дамытуға бағытталған. Осы орайда алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шетелдік қауым назарына ұсынылып, 2017 жылы 17–19 қазан күндері UNESCO-ның Париждегі штаб-пәтерінде онымен таныстыру рәсімі өткен болатын. Осы шара аясында шетелдік көрермен қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарымен танысып, көптеген мәдени іс-шараларды тамашалады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет