Таным теориясы



Дата01.04.2023
өлшемі14,47 Kb.
#78191
Байланысты:
Илтаева Каракат Философия




Таным теориясы

Мен Т.Х.Ғабитов «Философия» атты кітабын оқыған болатынмын. Бұл кітапта таным теориясы туралы түсініктер берілген. Осы теорияның философиядағы орны баяндалған. Ендеше кітап мазмұнына көшейік.


186 бет: Ең алғаш мифологияда қалыптасқан сананың денені басқаратын, құпия бастаудың әрекеті ретінде түсіндіретін көзқарасы кейінірек бүкіл әлемге таралады. Бұл тәнсіз бастаудың ойы мен мақсаты бүкіл табиғат пен қоғамдағы барлық нәрсені басқарады деген көзқарас қалыптасты. Адамның денесі өлі, ол мәңгілік өмір сүретін жанның уақытша абақтысы, ал тәнсіз мәңгі жан Ғаламдағының барлығын басқарады, ол заттарды идеяларға еліктеуге, ал идеяларды заттардың ішіне енуге мәжбүрлейді.
187 бет: Табиғаттың барлығына тән бейнелену өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, мәні жағынан жаңа құбылыс санаға айналатын жаңа сатысына көтеріледі. Санада және бейнеленудің өзге формаларында да жалпы нәрсе, бір материалдық обьектілердің екіншілеріне ықпалы соңғыларында алғашқылары бейнесін туғызады.
188 бет: Жалпы бейнелейтін обьект табиғатына мыналар тәуелді:
1) бейнеленудің физикалық ерекшеліктері.
2) бейнелену бейнеленушіні бүтіндей қайталай алмайды.
3) бейнеленуші обьекттің реттілігі көп немесе аз маз бұрмаланумен қайталанады.
189 бет: Белгі бұл қарым қатынастағы белгілі бір жағдайды білдіретін және мәліметті алу мен таратуға пайдаланылатын сезіммен қабылданатын әрекет. Егер жануарлар жем шөбі көп жерді тапса, ол өзгелеріне белгі береді де барлық тобыр сол жерге жиналады. Егер бір жануар қауіптің жақындағанын сезіп белгі берсе, онда тобыр қорғаныс позициясын ұстанады немесе үркіп қашады. Бірлесу осындай күрделі емес және аз ғана әрекеттермен байланысты болғандықтан, белгілер арқылы қатынасудың көлемі және маңызы, салыстырмалы түрде шамалы.
190 бет: Ежелгі адамдар күнделікті тіршілікте үнемі кездесіп отыратын кәдуілгі байланыстарды меңгере бастады: егер мына зат екіншісінен қаттылау болса, ал ол үшіншісінен қатты болса, демек бірінші зат үшіншісінен қатты,егер мына зат келесісінің ішінде болып, ал ол үшіншісінің ішінде болса, демек, бірінші зат үшіншісінің ішінде орналасқан, берілген қасиеттері бар барлық затты берілген іске қолдануға болады, ал мына заттың берілген қасиеттері бар, демек, оны осы берілген іске қолдануға болады.
Осылайша, ойқорытынды пайда болды, яғни ЛОГИКАЛЫҚ деп аталатын бірнеше белгілі алғышарттарды байланыстыру нәтижесінде жаңа білім алу қалыптасты. Уақыт өте келе логикалық ой қорытындылау беки түсті.
Сонымен, сана өз атрибуттарымен қоса алғанда, сонымен қатар, тіл де қоғамдық еңбек әрекетінің нәтижесінде туындап, жануар тобырының өте ұзақ уақыт бойы адамзат қоғамына айналу үдерісінде қалыптасқан қоғамдық спецификалық құбылыс болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет