Тарихи антропологияның қалыптасуы Жаңа бағыттың туындау және ізашарларды іздеу



Дата18.05.2023
өлшемі17,17 Kb.
#94133
Байланысты:
1-семинар тарихи ант


Тарихи антропологияның қалыптасуы
1. Жаңа бағыттың туындау және ізашарларды іздеу.
2. Зерттеушілік парадигмалардың ауысуы және тарихи антропологияның пайда болуы.
Тарих ғылымының соңғы жүз жыл ішіндегі даму барысынан нақты кезеңділікті байқауға болады. XIX ғасырдың соңына қарай әлемдік тарихнамада позитивизм салтанат құрды; ұлы оқиғалар мен ұлы адамдар туралы әңгіме тарихты жазудағы басым пішінге айналды. Мемлекет пен оның билеушілері зерттеушілердің басты назарында болды, саяси тарих үстемдік құрды. Жаңа XX ғасырдың алғашқы онжылдығында Германияда Карл Лампрехт, Францияда Люис Фебр мен Марк Блок, Ұлыбританияда Льюс Нэмир мен Ричард Тоуни бұрынғы, оқиғалық, ранкеандық тарихпен күрес жүргізді. 50-жылдарға қарай «жаңа тарих»: оқиғалар емес, құрылымдар тарихы, экономикалық және әлеуметтік тарих, «ұзақ мерзімді» (Фернан Бродель айтпақшы, la longue duree) тарихы жеңді. Соғыстан кейінгі онжылдықтарда сандық, математикалық тәсілдер (клиометрия) кеңінен таралды. Содан, әлемдік тарихи ғылымда жаңа парадигма берік орныққандай болған соң, тарих бұқараны зерттей отырып, нақты, тірі адамды көзінен таса етіп алды, анонимді болды және жеке жауапкершілікті ұмытты деген мәлімдемелер тарала бастады. Ірі медиевист Жорж Дюбидің куәлік етуінше, 60 жылдары «экономикалық тарих мүмкіндіктерінен» (нақтырақ айтқанда, экономикалық детерминизмнен) көңілі қалған француз ғалымдары сұлбасы Л.Февр мен М.Блок жұмыстарында көрінген ментальдық тарихында ізденуге көшті, оларды сол уақыттаКлод Леви-Строс еңбектері арқасында кеңінен таралған және тарихшыларды да «пішінді сынаққа» шақырған әлеуметтік антропология жетістіктері қызықтырды. Мұның сыртында, отарсыздану француз этнологтарының Африкадан отанына орала салып, өз әдіс-тәсілдерін дәстүрлі, крестьяндық мәдениетті игеруге жұмсауына алып келді; француз тарихшылары жаңа буынының тақырыптары мен тәсілдеріне елеулі ықпал еткен Франция этнологиясы пайда болды. Мұндай бетбұрыстар басқа елдердің, соның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ-тың тарихи ғылымында байқалды. Зерттеушілер мүдделерін әлеуметтік экономикалық құрылымдарды талдаудан бұқара санасын зерттеуге қайта бағдарлауда «Past and Present» журналы маңайына топтасқан Британ тарихшы марксистері (Эдвард П. Томпсон, Э.Хобсбоум және т.б.) айтарлықтай рөл атқарды. Дәстүрлі халықтық мәдениетке қызығушылықтың пайда болуына және кейінірек әлеуметтік мәдени немесе жаңа мәдени тарих атанған бағыттың қалыптасуына британдық әлеуметтік антропологияның әсері болмай қалған жоқ. АҚШ-та Н.З.Дэвис шығармашылығы да сол арнада дамыды. Ғылымдағы басымдықтардың ауысуы 70 жылдардың басынан-ақ тарихшылардың оқиғалар мен саяси тарихты зерттеу мәселесіне «қайта оралуы» жөнінде айта бастауына алып келді, ал 80 жылдардың соңынан бастап ғылыми биография жанры қайтадан сәнге айналды: тарихтағы бірегей және жеке тұлғалық нәрселер қайтадан тарихшылардың назарын өзіне ерекше аударды. Әрине, жүз жыл бұрынғы канондарға толықтай қайта оралу туралы әңгіме жоқ: биографиялар да, саяси да, оқиғалық тарих та ғылымға жаңартылған күйде «оралды», бұған тарихты жазудың көптеген дәстүрлі жанрларын түрлендірген тарихи антропологияның да әсері бар. Бұл тұрғыдан алғанда, тарихи антропология біздің ғылымның ұзақ эволюциясындағы заңды саты ретінде көрініс табады: антропологизация кезеңі тарихнама маятнигі қозғалмайтын құрылымдарды талдаудан тарих драмасындағы нақты актерлер - адамдардың мінез-құлқы мен стратегиясын зерттеуге қарай кері қайту қозғалысты бастаған сәтке тура келді.
3. Ментальдық тарихтан - тарихи антропологияға ("Анналдар" мектебінің дәстүрі).
Тарихи антропология (грек. ἱστορία-сұрау, зерттеу; λνρρωπος-адам; λγγος - " ғылым»). ... Тарихи антропологияның француз нұсқасы тарихи антропологияның пәні ментальдық тарихы болып табылатындығымен ерекшеленеді. Сол кездегі классикалық тарих ғылымын қайта қараудың негізгі - міндеті-сөйлеу, ым-ишарат, адамдардың күнделікті өмірінде көрінетін мінез-құлық құрылымдарын қарастыру. Сонымен қатар, Аннал мектебі антропология мен тарихшылардың тәжірибесі арасындағы тығыз байланысты баса көрсетеді. Л.Февр «ментальдылық» терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген тарихшы ретінде аталады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет