“Тас дәуірі”
Орындаған : Оразбек Маржан
Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең.Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.
Бұл дәуірде алғашқы адамдар тастан жасалған қаруларды өмірде, күнделікті тіршілікте қолданған . Сонымен қатар еңбек құралдарын жасаған .Олар : шапқылар , қырғыштар ,үшкір тастар және т.б.
Тас дәуірі ғылымда 3 кезеңнен тұрады .
Олар :1) Палеолит - ежелгі тас ғасыры б.з.д 2 млн жылдан -б.з.д 12 мыңжылдықты қамтиды .
2) Мезолит - орта тас ғасыры б.з.д 12-5 мыңжылдықты қамтиды .
3) Неолит - жаңа тас ғасыры б.з.д 5 мыңж -2 мыңж дейін созылды .
Палеолит негізінен өзі 3 кезеңге бөлінеді .
Оның алғашқысы ерте немесе төменгі палеолит- Олдувай кезеңі б.з.д 2 млн - б.з.д 800 мыңж. дейін
Келесі Ашель кезеңі б.з.д 800 мыңж -б.з.д 140 мың жылға дейін .
Ал орта палеолит кезеңі ол -мустье мәдениеті б.з.д 140 мыңж - 40 мыңж дейін .
Және де айта кетсек кейінгі немесе жоғарғы палеолит кезеңі бар .Ол б.з.д 40 мыңж - б.з.д 12 мыңжылдыққа дейін жалғасады
Алғашқы қауымдық өмір- адамзат қоғамының осы дұниедегі алғашқы қадамы болып есептелінеді .Оның өзі жер бетінде адамның пайда болуымен және құрылғының құрылуымен ,сондай ақ мемлекеттің шығуымен аяқталады. Алғашқы қауымдық өмірде негізгі тұлға -адам болды .