Татулық достықтың киелі бесігі 1 жүргізуші



Дата21.04.2023
өлшемі20,51 Kb.
#85197
Байланысты:
1 мамыр халыктар достыгы


Татулық - достықтың киелі бесігі
1 - жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жүргізуші
«Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!
2жүргізуші
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
1 - жүргізуші
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
2 - жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе әр ұлттың өкілдерінен шыққан оқушыларды қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші
Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
2 - жүргізуші
Оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берейік.
Ән: «Дос болайық бәріміз!»
1 - жүргізуші
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
2 - жүргізуші
Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
1 - жүргізуші
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.
2 - жүргізуші
Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.
1 - жүргізуші
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе «Ақ көгершін» әніне кезек берейік.
2 - жүргізуші
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.
1 - жүргізуші
Ән: «Туған жер»
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
2 - жүргізуші
Достық, ынтымақ туралы даналық сөздер
1 - оқушы: Ынтымақ - достықтың бірлігі.
2 - оқушы: Ырыс алды - ынтымақ.
3 - оқушы: Достық күші - бірлікте.
4 - оқушы: Достық түбі - береке, береке түбі - мереке.
5 - оқушы: Ел бірлігі - ел теңдігі.
6 - оқушы: Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
1 - жүргізуші
Жүргізушінің қорытынды сөзі: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
2 - жүргізуші
«Татулық достық киелі бесігі» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
Барысы:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобалаңда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Көші - қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік. Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші - қон саясаты», «КСРО - ның 1937 - 1991 жылдар аралығындағы көші - қон» туралы материалды баяндайды.
ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Исмайлов Темірбек ағай. Ендеше, ағай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.

Ұлттық би


І жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.
Орыс биі, орындайтын оқушылар

ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,


Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов

Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.


І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, сөз кезегін кешіміздің қонағына беріледі.

Өзбек биін тамашалаңыздар!


І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,


Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
ІІ жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін 5 топтың оқушыларын шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілі, қала тұрғыны, ардақты анаға сөз кезегін береміз.
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкіліне берейік.
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір - ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»
І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарына беріледі.
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І - ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет