№8. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы: Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным және азаматтық, патриоттық тәрбие жүйесі.-2 сағат
Тәжірибелік сабақтың тапсырмасы:
1. Қазіргі мектептегі ғылыми дүниетаным
2.Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.
3.Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы - оқушылар дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші.
4.Қазіргі мектептегі азаматтық тәрбие жүйесі.
5.Қазіргі мектептегі патриоттық тәрбие жүйесі.
6. Азаматтық тәрбие жүйесі мен патриоттық тәрбие жүйесінің ұқсастығы мен айырмашылығын таблица жасап көрсетіңіздер,топта талдаңыздар.
7.Ұлттық тәрбиелік әлеует. Ұлттық мәдениетке ұлттық сана мен құндылық қатынасты қалыптастыру, этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті - ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыты айқындықтарын дәлелдеңіздер.
Берілген жоспар бойынша мұқият дайындалыңыздар,әр сұраққа берілетін жауапты талдаңыздар.
Оқу нәтижелері
Студент: Өтілген материалдар бойынша берілген жаттығуларды жүргізудің жолдарын тәжірибе жүзінде қолданады;
Дәріс мәтінінен алған рухани,мәдени, тәрбиелік құндылықтарды: адамгершілікті,діни,моральдық,тарихи,адамзаттық мәселелерді бағалайды;
Тақырыпқа сәйкес, мәселелерді, сұрақтарды теория және тәжірибе жүзінде шешуді игереді