Тексерген: Кожамкулова Назгуль Сейфулинкы



Дата11.11.2022
өлшемі33,99 Kb.
#49293
түріРеферат
Байланысты:
Педагогикалық қарым-қатынас




РЕФЕРАТ

Пәні: Бастауыш мектеп дидактикасы


Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас

Орындаған:Жеңіснұр Назира


Тексерген: Кожамкулова Назгуль Сейфулинкы

Қарым – қатынас туралы түсiнiк.


Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Адамдар түрлі әлеуметтiк топтардың құрамына кіреді. Адам бір уақытта белгілі жұмыспен айналыса алады, спорт клубының мүшесі бола алады, қоғамдық қызметтер атқара алады, саяси өмірге араласа алады және сонымен қатар отбасындағы әке мен шеше міндеттерін де атқара алады. Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады.
Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл бiр-бiрiне уақыт аралата әсер етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу. Мұндай әрекетте екi адамның немесе бiрiккен әлеуметтiк топтың қарым-қатынасын айтамыз.
Қарым-қатынас туралы ұғым:
1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi.
2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу.
Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары [5]
Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар:
Тұлға диспозициясы – бұл әрекеттiң белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi.
Өмiр салты – бұл адамдардың тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары типтiк болып табылатын өмiр сүру формасы.
Әлеуметтiк институт – бұл адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары.
Фактiлiк қатынас. Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс.
Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк. Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi.
Өркениет Еңбек бөлiнiсiмен қоғамдық өмiрмен әлеуметтiк топта жiктелiнудiң пайда болумен өнеркәсiптi тұтынумен таратуды рационализациялау материалдық өндiрiске ғылымның өмiрiмiздiң барлық салаларына құқықтық нормалардың енумен адамдардың мiнез-құлқын және олардың өзара қатынастарын нормативтiк құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi.
Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа барамыз, бiр ортақ iстi орындаймыз. Кез-келген жағдайда бiз адамен қалсақ та қалмасақ та қарым-қатынасқа түсемiз яғни ата-аналарымызбен, құрдастарымызбен және т.б. Осылайша бiз бiреулердiң жақсы екенiне бейтарап қараймыз , ал бiреулерiн жек көрiп қараймыз. Егер өзiмiздi бақылап көрсек бiздер мынан байқауымызға болады. Өзге адамдармен қатынаса отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынас тәжiрибесi арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады. Ол:
Микроорта – микроортадағы қарым-қатынастың арқасында бiздiң әрқайсымыз анағұрлым кең әлемдi танып нымен қарым-қатынас жасайды басқаша айтқанда макроортаның әсерiн сезiнедi.
Макроорта - өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңдары, қоғамдық нормалары және басқа да осындай жетiстiктерi бар қоғам.
Бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтiп жатқан шағын топ.
Микро және макроорта тоғысатын орын, олар әрекеттесетiн шет болып табылады.
Макроортаның өзiне тән көрiнiстерi.
Алдыңғы және қазiргi ұрпақ бiлiмi мен тәжiрибелерiн адам, дәл осы шағын топтарда отбасында, көшеде т.б. өзiнiң микроортасында меңгередi. Тұлға қоғаммен тiкелей емес өзiнiң арласатын ортасы ғана әрекеттседi.
-микроорта: отбасы, мектеп, көше, өндiрiс және т.б.
-шағын топ: тiкелей қарым-қатынас.
-макроорта: өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы.

    1. Қарым-қатынас функциялары.

 

Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Қарым-қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады.


1. Прогматикалық функция – адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы - бұл адамдық тұлға ретiнде дамуы және қалыптасу процесiнде танылады. Шындығында үлкен мен қарым-қатынас жасамай болмайды.
3. Растау функциясы – бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары. Кез-келген адамдардың қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгiлi бiр жақсы немесе жаман эмоцияналды қатынастарды орнатумен, байланысты тiптi адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады.
5. Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы. – бұл маңыздылардың бiрi. Өз-өзiмен жүргiзiлген диалогтың негiзiнде бiз белгiлi бiр шешiмдер қабылдап маңызды әрекеттерге барамыз. Мұндай iшкi қарым-қатынасты адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады. 

    1. Тұлғааралық қатынаc.

 

Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник «Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес» деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты» деп жазған.


Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.
Адамдар арасындағы қатынастардың қаншалықты айқын байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады:
Қоғамдық қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.);
Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);
Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.
Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.
Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.
Кәсіби маманның коммуникативтік құзіреттілігі сөйлеу қызметі арқылы қалыптасады. Коммуникативтік құзіреттілік - іс-әрекет барысында түрлі коммуникативтік міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып табылады. 

2. Тұлғааралық қарым-қатынас ұғымы. 


Тұлғааралық қатынаc - практик психологтың психодиагностикалық жұмысының пәні ретінде. Практикалық психологтың тұлғааралық қатынас және қарым-қатынас мәселесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қамтиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды.
Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді.
Адами ресурстарды басқаруға көшу бір жағынан теориялық және қолданбалы әлеуметтану, екінші жағынан теориялық және қолданбалы психология, сонымен қоса әлеуметтік психология, еңбек психологиясы мен психодиагностикасы тағы басқа өзара байланысатын адам жағдайындағы ғылымдар жүйесіне негізделетін бөліп айтқан жөн.
Адами ресурстармен басқаруда үш негізгі аспектіге ықпал етіледі:1)Индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайы; 2) Әрекеттің әр саласындағы түлға аралық қатынасы; 3) Субъекттің өзін қоғам мүшесі, профессионал және толыққанды тұлға қалыптастырудағы даму үдерістері. Аталмыш аспектілер алуан түрлі ортада көрініс табады - білім алуда, еңбекте және т.б.
Қазіргі кезде жоғарыда аталған практикалық талаптардың шешуге негізделген түрақты ғылыми базаны құру шарт. Олар өз алдына психологиялық теорияның даму бағыттарын анықтайды, зерттеу әдістерін бағалау және т.б.
Тәжірибеде пайда болатын мәселеледі жүзеге асырудағы ғылыми базаны құру бүрынғы классикалық қатынастармен қатар, құрылымды өзгертуді талап ете отырып, олар төменгі әрекеттерден түрады:
1.Субъект өмір үрдісінің анализі, ол адам дамуының үрдісі, қажеттіліктердің пайда болуы мен оларды қанағаттандыру; қарым - қатынастарды қалыптастыру және дамыту;
2. Әлеуметтік үрдістегі және ірі топтардағы жеке субъектілердің өмір жолдарының интеграцияларын зерттеу - «жеке» және «қоғамдық» сананың қатынасы, үйымдардағы адамдар әрекеті;
3.Сауда үрдісі деп аталатын ортадағы психологиялық жайттарды зерттеу: жеке меншіктердің өзгеруі және үйым конверсиясы және т.б.
Мамандар жүйелеудің көрсеткіштерін психодиагностикалық міндетіне әдістемелердің адекваттылылығын бағалайтын аспектісі ретінде көрсетеді. 
Әр психодиагностың алдында әрдайым әдістермен жұмыста таңдау мәселесі тұрады. Бұл пәннің мәнін нақты түсінуді, зерттейтін, психологиялық ақиқаттың механизмдеріне түсінуді талап етеді. А.А. Бодалев және В.В. Столин әдістерді таңдауда бастапқы есептеу нүктесін зерттеуді ұйымдастырудың негізі деп санайды, себебі зерттейтін психологиялық деңгей жұмысын құрылымдайды (мысалы, «зерттелетін өзара әрекет - интеракция қатысушыларының жеке мінездемелері - әлеуметтік жағдаяттың субъективті бейнеленуі» сызба бойынша). Осыдан келе міндеттерді шешудегі диагностикалау әдістерін таңдауда көрінеді, ол практикалық психологтың алдында тұрады. Төменде көрсеткіштер негізінде анықталған психодиагностика процесіне және мақсаттық тұрғылардың шартталған топтары көрсетілген.
Тұлғааралық қатынасты субъективті қалаулар негізінде диагностикалау. Мұнда мысал ретінде бәріне танымал социометриялық тестті (Moreno J, 1934) және оның модификациясын айтуға болады. Мұнда топтың тікелей бағалау әдісінде кіргізуге болады. (Дорцов А. И., 1984) Бұл әдістемелер тобының кемшіліктеріне әлеуметтік бекітілім әсерінен болатын саналы бағалау, зерттеу процесіне деген қатынас немесе психологиялық қорғаныштың әсерінің салдары түбегейлі өзгеруі жатады (бастысы рационализация және реактивті құрылулар). Мұнда адам санасындағы эмоционалды қатынастың бейнелену мәселесі де жатады.
Ал тұлғааралық қатынасты жанама бағалау әдістемесіне тоқталатын болсақ, мұнда әлеуметтік психологиядағы эмоционалды қатынас заңдылықтарының әсеріне негізделген соның ішінде, вербальды емес мінез-құлық, поралингвистикалық параметрлердің әдістемелік тәсілдері жатады. Бұл әдістемелердің қатарына адам мінез-құлқының прокимикалық заңдылықтарына негізделген ең танымал әдістер кіреді. Мұндағы негізгісі адамның кеңістіктегі орны өзгелермен тұлғааралық қатынасына байланысты болады, арақашықтықта болатын жағдайда таңдалады. Осы топтағы барлық әдістемелерді үш категорияға бөлуге болады:
- нақты жағдаятты бақылау әдістемесі;
- нақты жағдаятты символикалық модельдеу әдістемесі;
- проективті әдістер.
Тұлғааралық қатынысқа әсер ететін жеке-тұлғалық қасиеттерін анықтау негізінде құрылған әдістемелер тобы да жеткілікті. Мұнда қолбасшылық, авторитарлық, сәйкестік, үрейленушілік, тұлғалық құндылықтар және т.б. қасиеттерді өлшейтін тесттер мен шкалалар енеді.
Мамандардың айтуынша тұлғааралық қатынастың субъективті бейнеленуін зерттеу әдістемесінде, тұлғааралық мінез-құлықты түсіну үшін индивидтің мотивациясы мен сыртқы жағдаятты білуі жеткіліксіз. Бұл тұлғаның белсенділігіне байланысты (Джидарьян И.А., 1983; Кон И.С., 1982; МонтьевА.Н., 1975). Сондықтан практикалық психолог психодиагностикалық міндетті шешуде индивидтен тұлғааралық қатынысқа деген субъективті бейнелеуі туралы ақпарат алу керек. Мұнда тематикалық апперцепция әдістемесі жатады. (ТАТ (Murray H, 1943); САТ (Bellak S., Bellak L., 1949) Blacky Pictures (Blum G., 1950); FRI (Howells J., Lickowish J., 1967 және т.б.)
Мұнда тағы басқа вербальды әдістемелер де бар, олар Сакс-Сиднейдің (Полищук А.И., Видренко А.Е., 1980), «Аяқталмаған сөйлемдер», «Балаларға арналған аяқталмаған әңгімелер» Медалайн Томас Сторик (Rabin A., Haworth M., 1960) /4/.
Тұлғааралық қатынасты субъективті бейнелеу тобына жататын әдістемелер практикалық психологтың талабына сай келеді, себебі, адам туралы кең көлемде ақпарат береді, бірақ зерттеу мақсатына көп қолданылмайды, өйткені мәліметтерді интерпретациялауда «көп көлемді» субъективизм басым болады.
Практикалық психологияның қазіргі уақыттағы даму деңгейін саяси психологияның, жаппай комуникация мен жарнама психологияның, мәдени кросс және этникалық психологияның интенсивті дамуынан байқайға болады. Егер бұл жағдайды жалпы жұмыстың негізгі тәсілдері деп қарастырсақ, онда келесілерді ескеруіміз керек:
Біріншіден - практик психологтың әдістер жүйесі нақты міндеттердің спецификасымен беріледі;
Екіншіден бұл жүйеде практикалық психологияның негізгі әдістер тобы қолданылады;
Сонымен қатар, психологиялық сараптама әдістемесі, психоболжам және психологиялық жобалау әдісі, психологиялық басқару әдісі және т.б.
Ю.М. Забродинаның /1/ пікірі бойынша, практикалық міндеттердің шешімі жүзеге асу фазасына көшкенде, нақты әлеуметтік процесстердің ағымымен басқара бастағанда психодиагностика мен психоболжам өзінің тәуелді, көмекші рөліне ауысады. Бұл сәтте ең маңыздысы бізді қызықтырушы факторлардың әрекет механизмінің теориялық білімі. Жағдайлармен нақты басқару барысында әрекет етуші барлық факторлардың, барлық функциясының жүйесін қарастыру қажет.
Психодиагностикалық әдіс - мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.
Психодиагностикалық әдістеме - психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады.
Әдіс және әдістеме ұғымдарының қатынастары арасында төмендегі ерекшелік болады. Мысалы, жалпы психодиагностикалық әдістің тесстерімен қандайда бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен нақты зерттеулер жүргізу барысындағы әңгіме мазмұны арасындағы ерекшеліктер. Осыған ұқсас мысалдарды псиодиагностиканың кез-келген әдісіне келітіруге болады.
Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің интерпритациясыпсиходиагностикалық процедура құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады:
- зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәліметтерді алу тәсілі;
- салыстыруға (сұрақ жауаптары, өзіндік әрекеттер, іс-қимылдар т.б.) және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі;
- психикалық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері;
- мұндай анализдің нәтижелерін интерритациялық мүмкін болатын құсқаларын талдау;
Психодиагностикалық зерттеу әрекеттері нақты зерттеушілердің индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға және бағалауды қажет ететін психодиагностикалық әрекеттер мен олардың үйлесімінен тұрады. Бұл ерекшеліктер мен ақырғы мақсатқа байланысты алуан түрлі психодиагностикалық процедуралар пайдалануы мүмкін.
Яғни зерттелушінің дербес ерекшеліктеріне байланысты пайдаланатын әдістердің информативтілігі өзгеруі әбден мүмкін. Мысалы, ақырғы нәтижелері оларды анықтаудың алуан түрлі бағыттарын қажетсінуі мүмкін. Сол себепті, психодиагностикалық зерттеу процедуралары ақырғы нәтижелердің валидтілігінің, сенімділігінің информативтілігінің септігі болатын әдістерді қолдануды қарастыруы шарт.
Алғашқы мәліметтердің нәтижесі психикалық реттелудің жеке ерекшеліктерін бағалау мақсатында жүргізілетін талдауды қажет етеді. Мұндай интерпритациялар әдістердің базалық концепциясы ретінде таңдап алынған зерттелуші тұлғаға негізделген модель параметрлерін айқындайды. Соңында зерттеушілердің жеке психологиялық ерекшеліктерін алдын-ала бағалары қалыптасады. 
2.1. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері 
Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.
Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.
Сондықтан қазіргі психологияда тұлғааралық қатынас сипатын бағалауға бағытталған психодиагностикалық құралдардың көптеген түрлері бар.
Практикалық психолог тұлғааралық қатынас мәселесімен жұмыс жасағанда түрлі негізде құрылған психодиагностикалық әдістемелер жүйесіне бағдарланады. Ол жекеленгенде былай жіктелуі мүмкін:
а) обьект негізінде (топтар арасындағы қатынас, ішкі топтардың процестері, диадалық қатынастардың диагностикасы);
б) зерттеу шешетін міндеттер негізінде (топтың ұйымшылдығын, сәйкестігін және т.б. анықтау);
в) қолданылған әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктері негізінде (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия және т.б.);
г) тұлғааралық қатынасты диагностикалаудың бастапқы есептеуі негізінде (субьективті қалаулар әдістемесі, қарым-қатынасқа қатысушылардың жеке мінездемесін анықтау әдістемесі,

    1. Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зерттеулер.

Зерттеушілердің көпшілігі сөйлеу саласы ақпаратты жеткізу үшін қолданылса, бейвербалды сала тұлғааралық қарым-қатынастарды талқылау үшін, сезім күйлерін білдіру үшін, ал кейбір жағдайларда сөз арқылы хабар жеткізудің орнына да қолданылатыны туралы пікірді жақтайды. В.А.Лабунская өзінің еңбегінде бейвербалды қарым-қатынастың атқаратын қызметі туралы мәселені жан-жақты қарастырып, вербалды қарым-қатынас түрінің тұлғааралық қатынастар тұрғысынан көп функционалды екенін және оның бірқатар маңызды қызметтерін де атап көрсетеді. Оқытушылар үшін бейвербалды қарым-қатынастардың оқыту үдерісінде алатын орны ерекше. Назар аударатын бір мәселе, әдетте, педагогтың мән бермеуіне қарамастан, бейвербалды қарым-қатынас тәсілдері әрдайым оқу-тәрбие үдерісінде тиісті деңгейде қамтылып отырады.
Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар-намысы биiк студенттерді тәрбиелеу. Ал дәстүрлі педагогикада жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытушы студентті объекті ретінде қабылдап келсе, қазіргі таңда тек субъекті ретінде мән беруді басшылыққа алуда.
Студент субъекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі реттеу және т.с.с. үдерістердің мәні мен маңызын ұғына білсе, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай туындайды..
Студенттің қатынас жасау типтерін зерттеген еңбектерді қарастыра отырып, студенттердің қарым-қатынас жасау қабілетін үш түрге бөліп қарастыруға болатындығын Л.А.Перовская, Ю.М.Лотман, М.И.Рыданов және Б.Ф.Ломовтардың еңбектерінен көреміз:
1) Жалғыздыққа бейім өзімен-өзі жүретін студент. Оны айналасындағы құрдастарымен қарым-қатынас жалықтырады. Ол өзімен-өзі жалғыз қалғанда немесе өзі ұнататын ісімен айналысқанда ғана өзін жайлы сезінеді.
2) Жұптасқан қарым-қатынас түріне бейім студент. Оның жанында сенімді досы немесе құрбысы болуы қажет. Ол доссыз немесе құрбысыз толыққанды өмірді сезіне алмайды.
3) Топтық, ұжымдасқан қарым-қатынас түріне бейім студенттер. Мұндай ұжымдасқан немесе бейімділіктеріне қарай топтасқан студенттерден дұрыс бағыттағы салауатты қарым-қатынастағы ұжымдар да, сондай-ақ, қоғамдағы жағымсыз әрекеттерге баратын топтар да қалыптасуы мүмкін.
Оқыту үдерісінде топ ұжымын қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас орнату – күрделі және жауапты үдеріс. Бұл тұрғыдан, ең бастысы – адамгершілік тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою қажет. Адамгершілік адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни олар: әдептілік, мейірімділік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік құндылықтар шынайы болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да, оқытушы мен студенттің арасында субъективті қатынасты қалыптастырады.
Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысындағы негізгі жұмыс бағыты - студенттердің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Оқыту үдерісінде студенттердің іс-әрекеті мен қылықтарынан адамгершілік қатынасты байқауға болады. Олай болса, біздің түсінігімізше, оқытушылар мен студенттердің басқа адамға деген қатынасын – гуманизм; өз-өзіне деген қатынасын – қадір-қасиет; еңбекке деген қатынасын – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық; ұжымға деген қатынасын – ұжымшылдық; Отанға деген қатынасын – отансүйгіштік, патриотизм; табиғатқа қатынасын – көркемдікті эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабілеті деп ұйғарамыз.
Оқыту үдерісінде қарым-қатынас стильдерін таңдау жолдары – педагогика және психология ғылымдарының ең күрделі мәселелерінің бірі. Педагогикалық қызметте қарым-қатынас барысында кез келген кедергіні жеңуге қарым-қатынас жасаудың дұрыс тәсілдерін таңдау, дәлірек айтқанда, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс стилін таңдау мол мүмкіндіктер береді. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас стилі – әлеуметтік және адамгершілік мазмұнды категория. Ол қоғамның және тәрбиешінің әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын сипаттайды. Қарым-қатынас стилі арқылы бірқатар ерекшеліктер бейнеленеді: педагогтың коммуникативтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері, педагог пен студенттер арасында қалыптасқан тұлғааралық қарым-қатынастың сипаты, педагогтың шығармашылық дербестігі және студенттер ұжымының ерекшеліктері. Ал студенттермен қарым-қатынасты ұтымды ұйымдастыруда педагогикалық стильді дұрыс таңдап алу педагогтың жұмыс ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшеліктер арқылы қарым-қатынастың екі түрін ажыратуға болады:
1. Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас барысында әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешіліп, әлеуметтік өзара әрекеттестік пен қоғамдық қатынастар жүзеге асырылады.
2. Жеке-бағдарлы қарым-қатынас – белгілі бір бірлескен әрекеттерге бағытталған іскерлік қарым-қатынас.
Екінші бөлім «Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың жолдары» деп аталды. Бұл бөлімде оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мазмұны, әдістемесі және оның нәтижесі баяндалды.
Аталған мәселелерді зерттеу өз кезегінде өте өзекті және күрделі болып табылады. Мәселенің күрделілігі және оған деген жаңаша көзқарастар зерттеушіден тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құруды талап етеді. Осыған орай тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері мен эмпирикалық болжамдары айқындалды.
Тәжірибелік-зерттеу кезеңінің мақсаты: Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, оны жүзеге асырудың қазіргі талаптарға сай әдістемелік негізін жасау және оның ұтымдылығын тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеу жұмысының жалпы ғылыми болжамын нақтылау мақсатында бірқатар тәжірибелік-эмпирикалық болжамдар жасалды:
Бірінші эмпирикалық болжам – оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі дайындалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастардың жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізуге болады.
Екінші эмпирикалық болжам – оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалса, онда тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Үшінші эмпирикалық болжам – оқу топтарында тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың әдістемелік нұсқаулары ұсынылса, онда коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы жүзеге асады.
Зерттеу жұмысында оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау үшін жоғары оқу орындарында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға байланысты элективті курсты енгізудің қажеттігі анықталды. Себебі тұлғааралық қарым-қатынас туралы тақырыпшалар психологиялық, әлеуметтік психологиялық және педагогикалық оқу құралдарында болғанымен, «Тұлғааралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы оқыту үдерісіне енгізілмеген. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысының барысында «Тұлғааралық қарым-қатынастар» атты элективті курстың бағдарламасы құрылды .
Тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастырудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру барысында шарттардың жүйесі, мақсаты және оның формалары анықталды.
Тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру туралы теориялық тұжырымдамалар мен мәселені шешу тұрғысындағы әдістемелік ұсыныстар практикалық сипаттағы дәлелділікті талап етеді.
Жүргізілген зерттеудің нәтижелері оқытушылардың басым көпшілігі (әдетте бұл еңбек өтілі көп тәжірибелі оқытушылар) сабақ барысында белгілі бір қимылдарды пайдалануды алдын ала жоспарлайтынын көрсетті. Көптеген оқытушылардың сабаққа бөгде адамдар қатысқан кезде топпен қарым-қатынас жасауда өздерін сенімсіз сезінетіні, кей кезде өктемдіктің белгілері байқалатыны анықталды. Студенттердің оқуға қарым-қатынасына тәлімгерлердің ықпалын күшейту қажет екендігін түсіндіруге болады. Нәтижесінде кейбір тәлімгерлер өздерінің академиялық топ ұжымын біріктіріп, ұйымдастыру қызметін тиісті дәрежеде атқармайды. Мұның себебі тәлімгерлердің бірқатарының психологиялық-педагогикалық шеберлікті тиісті дәрежеде меңгермеуі болып табылады. Бұл жерде тәлімгерлердің педагогикалық-психологиялық даярлығының теориялық деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар оларда топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыратын педагогқа тән практикалық дағдылар мен шеберлігін, болашақ мұғалімдер арасында өзара тығыз байланыс пен ұжымдық қарым-қатынастарды нығайтатын жан-жақты ойластырылған педагогикалық жалпыға міндетті оқу жүйесінің қажеттігі айқын болып отыр.
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру қажеттілігі оқытушының өз пәнін оқыту барысында жеке басының үлгісімен, сонымен қатар пәнді меңгертуде жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерінің жаңа қырларын танытуға қызықтыру арқылы студенттерге зор ықпал ете алуымен байланысты. Осыған орай, студент оқыту үдерісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осындай сабақтастық қатынасқа қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыруымыз қажет.
Бұл мәселені ғалымдарымыз да жан-жақты қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б. ғұлама ойшылдар адамгершілік-имандылық тәрбиесі арқылы адамдар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың біртұтастығын қалыптастыруға болатындығына аса мән берсе, А.С.Макаренко мен Я.А.Коменский тұлғааралық қарым-қатынастың тәрбиелік ықпалына ерекше назар аударған.
Жаңа ғасырда бәсекеге қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске асатыны белгілі. Осындай қабілеттердің дамып, қалыптасуына жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісі шешуші рөл атқарады.
Қазіргі жоғары оқу орындарының оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз ете отырып, студенттердің өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасап, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі тиіс. Студент өзінің танымдық әрекетін ұйымдастырушы ретінде ұсынылған білім мазмұны нұсқаларын таңдау құқығын және өзінің өмірі мен қоршаған орта сапасын арттыру үшін оларды қолдану тәсілдерін пайдалануға ерікті. Сонда ғана оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастардың қалыптасуына жол ашылады.
Әрине, алдағы уақытта осы бағытта педагогикалық үдерісте тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру әлі де болса өзекті мәселелер қатарынан көрініс табады деп ойлаймыз.
Сонымен қорыта келгенде, баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі орасан зор. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет