Тексерген: Мұхашева. Р. Д



Дата15.11.2023
өлшемі13,23 Mb.
#122561

Жасанды және синтетикалық талшықтар
Орындаған: Окасова Аклима Хим-Био 21-1
Тексерген: Мұхашева.Р.Д
1.Жасанды
талшық
Жасанды талшықтардың қасиеттері
Текстильді өндірісте өндірілетін жасанды талшықтарға вискозды, полинозды, мысты-аммиакты, ацеатты, триацетатты талшықтарды жатқызады.
Вискозды, мысты-аммиакты және полинозды талшықтардың қасиеттері ацетатты және триацетаттылардан ажыратылады, бұл олардың химиялық құрылымына байланысты.
Вискозды, мысты-аммиакты және полинозды талшықтар гидрацеллюлозадан (регенерацияланған целлюлозадан), ацетатты және триацетатты талшықтар – целлюлоза эфирі мен сірке қышқылынан тұрады.
Өндісте сығынды операциясын қолдана отырып, жоғары төзімділігі бар, бірақ аз ғана созылатын талшықтарды алуға болады. Вискозды, мысты-аммиакты және полинозды талшықтардың үйкеліп бітуге төзімділіге жоғары көрсеткіштермен сипатталды, ол табиғи жібектің үйкеліп тозуынан да жоғары.
Химиялық талшықтар
Жасанды талшық:
Табиғи органикалық материалдар: ағаш, мақта, целлюлозасы, әртүрлі химиялық заттармен - ацетон, сіркесу, азот, күкіртқышқылымен арнайы өндеу арқылы алады. Мұндай талшықтарға нитро - жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады.
Синтетикалық:
Мұнай таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауыл шаруашылық және целлюлоза - қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын өндеу арқылы алады. Бұл заттардан жоғары молекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан т.б) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады.
Ацетатты және триацетатты талшықтардың үйкеліп тозуға деген төзімділігінің салыстырмалы төмен көрсеткіштермен сипатталады: бұл көрсеткіш онда 3-8 есе вискозды талшықтан гөрі төмен. Ацетатты және триацетатты талшықтарды үйкеліп тозатын бұйымдарды жасауда қолданылатын астарлы және басқадай маталардың өндірісінде пайдалану орынсыз.
Ылғал күйінде жасандыталшықтардың барлық түрлері өз беріктігін жоғалтады, бұл олардың басты кемшілігі болып табылады. Мысалы, вискозды және мысты-аммиакты талшықтар ылғал күйінде 55-60%-ға жыртысқа беріктігін төмендетеді, ал ацетатты және триацетатты -25-40%-ға (құрғақ күйдегі беріктікке қарағанда). Бұл жағдайда мұндай талшықты бұйымдардың дефрмацияға тұрақтылығы азаяды, мәселен, ылғал күйдегі бұйымдарды пайдаланғанда немесе кір жуылғанда.
Жасанды талшықтың маңызды қасиеттерінің бірі оның созылу кезіндеге ұзаруы болып табылады. Белгілі бір жүктеме кезінде талшықтардың жалпы ұзаруы иілгіш, эластикалық, және пластикалықтардан құралады.
    • Талшықтардың иілгіш ұзаруы жүктемені алып тастағаннан кейін бірден жоқ болса, эластикалық – жай, уақыт өте, ал пластикалық қалдықты болып қалады, яғни жүктемені алып тастағаннан кейін қала береді, жоғалмайды.
    • Бұйымдарды қолданғанда иілгіш және пластикалық ұзару елеулі маңызға ие, себебі олар негізінде бұйымның форма тұрақтылығын, оның мыжылмай қалуын анықтайды. Алайда мата мен бұйымды жасау процесстері кезінде пластикалық ұзарудың да маңызы бар.
    • Вискозды және мысты-аммиакты талшықтардың жалпы ұзаруы кең шектерде өзгереді: 10-нан 30%-ға дейін. Талшықтардың бұл түрлеріндегі ұзарулар толықтай көп емес. Ацетатты және триацетатты талшықтың иілгіш ұзаруы вискозды талшыққа қарағанда 2 есе жоғары, бұл ацетатты және триацетатты талшықтардан жасалынған бұйымдардың аз мыжылып қалудың бір себепкері болады.

Жасанды талшықтардың физика-механикалық қасиеттерінің бір маңыздысы көп реттік қайталанатын жүктемелердің әрекетіне олардың төзімділігі болып табылады. Мұндай төзімділік талшықтардың эластикалық қасиеттерінің, яғни қайтымды ұзарулардың шамасының арқасында пайда болады. Шамасы мен бағытына қарай қарай өзгеретін көпреттік деформациялардың әрекетіне вискозды талшықтардың төзімділігі талшықтың жұқалығына және формалануының жағдайларына байланысты. Вискозды бұйымдардың қасиеттеріне элементарлы талшықтың жіңішкелігі де әсер етеді. Элементерлы талшық неғұрлым жұқа болған сайынтүрліше деформацияларға төзімділігі артып, талшықтар мен олардан жасалынатын бұйымдар жұмсақ болады. Ацетатты және триацетатты талшықтардың көпреттік иілгіш жүктемелерге төзімділігі вискозды талшықтарға қарағанда төмен. Гидрацеллюлозды талшықтың гигроскопиялық қасиеті 12-13% тең, ацетатты – 6-8%, триацетатты – 3,2-4%. Ацетатты және триацетатты талшықтарвискозды талшыққа қарағанда суда аз бөртіп кетеді екен. Суда ацетатты талшық 21-22% дейін ылғал сіңіреді, ал вискозды тура сол жағдайларда 55-70%, сондықтан да ацетатты талшық пен одан жасалынатын бұйымдарды кептірудің ұзақтығы вискозды талшық пен одан жасалынатын бұйымдардан гөрі 3-4 есе аз. Триацетатты талшық ацетатты талшыққа қарағанда ылғалды аз сіңіреді.
Синтетикалық талшық
Капрон
Нейлон-полиамидті талшықтар тобына жататын синтетикалық талшық. Ол беріктігімен, серпімділігімен, тозуға төзімділігімен ерекшеленеді. Басқа синтетикалық талшықтар сияқты, Нейлон микроорганизмдердің әсеріне төзімді, бірақ сонымен бірге жарыққа төзімділігі төмен, электрленеді.
Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет