Тексерген: Нургул Серікқызы



Pdf көрінісі
Дата23.05.2022
өлшемі0,63 Mb.
#35341
түріРеферат
Байланысты:
рефера озин ози тану



РЕФЕРАТ
Орындаған: Бахытбек Нуршырақ 
Тексерген: Нургул Серікқызы 
Ж.Мусин атындағы жоғарғы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжі 


Тұлға дегеніміз жеке адам,тіршілік иесі,қоғамның бір мүшесі. 
Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олар-дың 
арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың 
субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде 
қарастырылады.Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұр-
ғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға 
болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала 
отырып, әлеуметтенеді.Тәрбиенің екі жақты сипаты болады: тәрбиешіден 
тәрбиеле-нушіге дейінгі тікелей байланыс - міндетті саналатын әрекет. 
Тәрбие-шінің қолында кері байланыстан алынатын мәлімет неғұрлым көп 
болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл 
заңдылық мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің және тәрбие 
нәтижелерінің арасындағы байланыстың болуын қарастырады. 
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-же-тілуі, оның 
жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және 
шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғам-дық-саяси 
көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық 
өзгерістердің өзара байланысу үдерісі. 
«Жеке адам», «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «дара-лық» 
түсінігімен толықтырылады. Даралық түсінігі бір адамды екін-шісінен 
айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық 
қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқ-самайтын өзіндік 
ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен 
темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және 
қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді. 
Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психолог-гиялық өзіндік 
ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, 
интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді. 
Өз өміріңіздің жауапкершілігін сезініңіз 
Егер кінәнің бәрін сырттан іздесең, өзіңе қалай сенбексің? Өзгені айыптап 
өзіңді құрбандық деңгейіне түсіресің. Осындай қақпан ойдан құтылуға 
тырысу керек. Өз тағдырың үшін жауапкершілігіңді өзің көтер. 
Кешірімді бол 
Өмірдегі сүрінген, жаза басқан қателіктеріңді мойындап, сол үшін өзіңді 
кешіруге дайын бол. Сәтсіздік үшін өзіңді кінәлай берме, тек оларды жабулы 
қазан күйінде қалдырмай, сабақ алуға тырысқан абзал. Ендігәрі 
қайталамайтындай. Жолың неліктен болмағанын түсінесің. Сол қателіктерді 
болдырмау үшін олардың себеп-салдарын байыптау керек. 


Өзіңді қалай кешіруге болады?
Өзіңді кешіру ұзақ уақыт алатын үдеріс. Бірақ, кешіруге талпынысты 
тоқтатуға болмайды. Дәтің жетпей тұрған іске бел шеше кіріскенде, өзіңе 
алғыс айтуды әдеттенген абзал. Қателік жасамаудың бір ғана жолы бар – 
ештеңе жасамау. Олай өмір сүру мүмкін емес. 
Өткен шағың үшін қорланба 
Өткен өмірің туралы көп дауласуға болады. Бірақ, оны бәрібір өзгерте 
алмайсың. Бұрыс әрекеттеріңді жоқ қылуға, айтқан ауыр сөз бен оқиғаларды 
түп тамырымен жұлып тастауға келмейді. Ол – енді тарих. Кеткен ағаттықтар 
үшін өзіңді кінәлау еш нәтиже бермейді. Жаныңдағы жара жазылмаса, 
бүгінгі өміріңде де алдыңнан шығып, маза таптырмайды. Тек сенімсіздік 
сыйлайды. 
Өткен шағын өзгерте алмағаны үшін көп адам өзін қауқарсыз сезінеді. Бұл 
үлкен қателік. Өткенді өзгерту мүмкін емес. Ол рас. Сізде бір мүмкіндік бар: 
бүгінгі өмірді өзгертуге болады. Ал сенім жойылса, өзіңді де жоғалтып 
аласың. Өткенін түзей алмаған жан жалпы өмірге ие болу мүмкін емес деп 
келте қайырады. Ең басты қателік – осы. Әр адам өз келешегін өзгертуге 
қауқарлы. Тек ниет пен сенім керек. 
Жүрегіңді тыңда 
Өзіңе сен деген сөз – өз түйсігің мен жүрегіңе сенім арту. Жан дүниеңді 
тыңдасаң, соның кеңесіне құлақ ассаң, тура жолға түсесің. Тек нәпсінің 
жетегінде кетпе. Өзіңнің «Меніңді» тыңдай алу үшін айтарлықтай қайсарлық 
қажет. Өйткені, ақыл мен өзімшілдік кері бағытқа сүйрейді. Дұрыс таңдау 
жасай білу үшін де көп қуат-күш сарп етіледі. Сенім керек. Өзіңнің жан 
дүниеңе сен. Жүрек таңдауын қабылда. 
Жүректі тыңдауға мына нәрселер көмектеседі: 
– есті әрі ұтымды ақыл; 
– медитация жасай білу; 
– жағдайды жылдамдатпау, ағынмен ағу; 
– түйсікке сену; 
– шығармашылық ыңғай таныту; 
– тәннің берген белгілерін тыңдау; 
– ішкі ойдың жетегіне ілесу; 


Өзгенің ақыл-кеңесіне қарамастан, өзіңе сену 
Өзгенің ақылына ден қоятын адам – өзіне сенбейтін жан. Бұл сенімсіздіктің 
бір белгісі. Өзгеден ақыл сұрайтын адамдарды көптеп кездестіреміз. Тағдыр 
шешетін сауалдар кезінде ақыл-кеңес тыңдаған жөн, әрине. Бірақ соңғы сөз 
өзіңнің жүрегіңмен саралануы қажет. Мұны әдет еткен адам адаспайды. 
Өз өміріңнің иесі бол 
Өзің біліп қимылдап үйрену керек. Өзгенің тілін алған сайын өзіңнен 
алыстай бересің. Өзіңді тығырыққа түсіре бересің. 
– Өзіңнің ұстазыңнан асып кете алмайсың; 
– Өзгенің сені басқаруына мұқтаж боласың; 
– Ұстазыңмен бір деңгейге шыға алмайсың 
Ешбір ұстаз сенің киген етігіңді киіп жүрмейді. Өзін сенің орныңа қоя 
алмайды. Осыны естен шығармау керек! 
Ақылсыздыққа ерік беру – жеке тұлға ретінде қалыптасудың кепілі"
Марк Твен


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет