Тексерген: Перизат Талғатқызы



Pdf көрінісі
Дата18.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#118356


Тірі материя жағдайының
химиялық байланыс
табиғатына тәуелділігі
Тексерген: Перизат Талғатқызы
Орындаған: Ағылман Арайлым
Тобы: 111А
Жалпы медицина


Жоспар:
Терминология
Тірі материя жағдайына химиялық байланыс қалай әсер етеді
Позитивті, нейтралды, негативті факторлар


Тірі материя дегеніміз не?
Тірі материя дегеніміз эволюция барысында жинақталған генетикалық
ақпараттарды бере отырып, өздігінен өркендеуге қабілетті организмдер
жиынтығы. Тірі материяда молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік,
организмдік, популяциялық түрлік және биосфералық - биогеоценоздық
құрылым деңгейлері болады. Физиология алғашқы аталған бес деңгейге
тән тіршілік заңдылықтарын зерттейді.
Молекулалық деңгей
Жасушалық деңгей
Ұлпалық және ағзалық
Популяциялық


Деңгейлер:
Молекулалық деңгейде биологиялық маңызы зор химиялык
қосылыстардың (белоктардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің,
көмірсулардың т.б.) организмнің өсіп-дамуындағы, нәсілдік ақпараттарды
сақтап-қалдыруындағы рөлі мен тірі жасушалардағы зат алмасу,
энергияның түрлену және басқа құбылыстардағы маңызы зерттеледі.
Жасушалық деңгей жасушаның құрылым принципін зерттеп, әр түрлі
мүшелер мен ағзалардағы жасуша аралық физиологиялық-биохимиялық
және құрылымдық-функционалдық, байланыстарды анықтайды.
Ұлпалық және ағзалық деңгей ұлпалар мен мүшелердің құрылысын,
қызметін, әрекет механизімін, табиғатын, эволюция мен жеке даму
зандылықтарын зерттеумен айналысады.


Деңгейлер:
Ағзалық деңгейінде жеке индивидуумда байқалатын үрдістер мен
құбылыстар, олардың түрлі мүшелері қызметіндегі үйлесімдіктің сыры,
әртүрлі экологиялық жайдайға бейімделу механизмдері зертгеледі.
Популяциялық - түрлік деңгей организмдік деңгейден өзінің мерзімдік
және ауқымдық сипатымен ерекшеленеді. Кез келген организм
тіршілігінің ұзақтығы генетикалық бағдарламамен шектеледі. Өзінің өсіп-
даму мүмкіндігін тауысқан соң организм өледі. Популяция тіршілігі
қолайлы жайдайда мерзіммен шектелмей, ұзаққа созылады.


Тарихы:
1891ж Петербургте М.В. Ненцкий бірінші биохимиялық лабораторияны
ашты. Гемнің құрылысын зерттеп, гемоглобин мен хлорофиллдың
ұқсастығын тапты.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында биохимияның жаңа салалары –адам
биохимиясы, медициналық биохимия, жануар, өсімдік, микробтар және
вирустар биохимиясы қалыптасты.
1925ж Харьковте А. В. Палладин бірінші биохимия институтын ашты.
Адамзаттың қазіргі кезеңдегі назары биохимиялық ғылымдар алдына
тіршілік құбылысының мәнін анықтау, органикалық дүние дамуының
биологиялық заңдылықтарын ашу, тіршілік физикасы мен химиясын, зат
алмасу, тұқым қуалаушылық жөнінде бірқатар басты- басты міндеттер
қойып отыр.


Тірі материя қасиеті:
Олар тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі, дамиды және зат алмасу
жүреді. Тірі ағзалар өзін қоршаған сыртқы ортамен тығыз байланысты
және оған бағынышты. Ағзалар айналадағы ауамен тыныс алады, суды
сіңіреді, сыртқы ортаға көмірқышқыл газы мен оттегін бөледі. Тірі
ағзалардың денесі жасушалардан тұрады, тіпті денесі бір ғана жасушадан
тұратын түрлері бар. Жерде тірі ағзалардың 5-6 миллиондай түрі тіршілік
етеді.


Химиялық байланыс тәуелдігі:
Өсімдіктер, жануарлар және ұсақ ағзалар жасушаларының йод химиялық
құрамы ұқсас. Тірі ағзалар жасушаларының құрамына өлі табиғатта
кездесетін 70-ке жуық химиялық элементтер кіреді. Бұл тірі және өлі
табиғаттың ортақ екенін дәлелдейді. Жасушалардағы элементтер
мөлшерінің қатынасы әр түрлі, сондықтан элементтерді бірнеше топтарға
бөледі. Макроэлементтерден: оттегі, көміртегі, сутегі және азоттан біріші
топ түзіледі. Кейде оларды органогендер деп атайды. Олардың
жасушалардағы массасы шамамен 98% және барлық ағза заттардың
негізін құрайды.


Химиялық байланысы:
Мыс, мырыш, фтор, никель, селен, молибден, кобальт, т. б. үшінші топты
құрайды. Олардың жасушадағы мөлшері ете мардымсыз (0,02%),
сондықтан оларды ультрамикроэлементтер дейді. Мөлшері аз болғанмен
олар ағзада маңызды қызмет атқарады. Йод - қалканша без гормоны
тироксиннің негізгі құрамдас бөлігі. Мырыш инсулин гормоны
молекуласының құрамына енеді. Кобальт - В12) витамині
молекуласындағы орталық атом. Бром жүйке жасушаларының қызмет
атқаруы үшін қажет. Мыс кейбір ферменттер мен тасымалдағыш
жасушалар молекулаларының кұрамына енеді, сондай-ақ
шаянтектестердің және ұлулардың тынысалу пигменттерінде болады.
Фтор тіс кіреукесі және т. б. құрамына кіреді.


Қорытынды:
Яғни біздің тірі ағзамыз, қарапайым тілде айтатын болсақ химиялық
элементтермен комплементарлы, себебі жануар жасушасы Менделеев
ашқа барлық дерлік элементтер бар екенін байқадық. Себебі ағза
элементтер, көмірсу оттекпен әрі әртүрл органикалық және
бейорганикалық заттармен өсіп жетіледі.


Қолданылған әдебиеттер тізімі
8-9 сынып биология Атамұра 2018
https://itest.kz/kz/ent/biologiya-2814/6-synyp/lecture/kirispe-tiri-ahzalar-
qasietteri-mangyzy#:~:text
https://ppt-online.org/2298024


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет