Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. "Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. "Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді. Ағылшын социологі Г.Спенсер Ағылшын социологі Г.Спенсер "әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
«Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыруды сипаттайды. Ал сол стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін «институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер, принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек.
Батыс социологтарының тұжырымдауынша (Липсет, Блау, Ланберг т.б.), әлеуметтік институттар адамдардың, бұқараның тіршілікте қайталанып тұратын іс-әрекеті мен қызметін, дәстүрі мен дағдыларын, мінез-қылық нормаларын саналы түрде реттеп, тұрақтандырады, жаңартып отырады
Әлеуметтік институттардың 5 негізгі түрі бар:
Отбасы және неке институты ( бала туу, өсуі )
Саяси институттар және мемлекет ( қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп )
Экономикалық институттар және өндіріс (тұрмыстық құрал – жабдықтар өндіру)
Білім беру, ғылыми және мәдени институттар ( білім беру, өскелең ұрпақты әлеметтендіру және кадрлар даярлау)
Дін институтты ( рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер)
Әлеуметтік институттар қызметтің саласына және функциясына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
А) Реляциялық—қоғамның ролдік құрылымын әр түрлі категория бойынша анықтау; жынысынан, жасынан бастап, қызмет түріне, қабілетіне қарай.Б) Релятивтік—жеке адамдардың іс-әрекетін қоғамдағы нормалардан асып кетпейтіндей шекарасын анықтау.В) Интегративтік--әлеуметтік қоғамдастықтың мүддесіне жауап беретін әлеуметтік рольдермен байланысты.
Әлеуметтік институттар дамуының 2 факторы бар: эндогамдық, яғни ішкі фактор; экзогамдық, яғни сыртқы фактор, отбасының бұзылуы, екеуінің біреуінің сатып кетуі немесе ата-анасының араласуы. Әлеуметтік институттың өзгеруіне ішкі және сыртқы фактор ретінде экономика, саясат, мәдениет әсер етеді.