Тексерген: сарыбаева айгерім бақытбекқызы



Pdf көрінісі
Дата02.12.2022
өлшемі0,64 Mb.
#54494


1. ҚАЗІРГІ БАТЫС ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 
2. ҚОҒАМ ТОПОЛОГИЯ
3. АШЫҚ ЖӘНЕ ЖАБЫҚ ҚОҒАМДАР
2- КУРС, 7-ТОП, ӨМСИ
СӨЖ - 2
ТЕКСЕРГЕН: САРЫБАЕВА АЙГЕРІМ БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ
ОРЫНДАҒАН: ДУЙСЕНБЕКОВ ЕРКЕБУЛАН 


Қазіргі кезеңдегі Батыс социологтарының көпшілігі М. Вебердің,
не
болмаса П. Сорокиннің социологиялық мектептерінің өкілдері.
“Әлеуметтік стратификация” ұғымының теориялық-әдістемелік
негізін жасауға
елеулі үлес қосқан М.Вебердің, К.Маркстің, П.Сорокиннің,
У.Л.Уорнердің,
Д.Дж.Трейманның, Б.Барбердің еңбектері, Т.Парсонстың
функционалдық
мектебіне жататын әлеуметтанушы ғалымдардың жұмыстары
болып табылады
ҚАЗІРГІ БАТЫС ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 
Әлеуметтік теңсіздік проблемасын қақтығыстар теориясының өкілдері де
назардан тыс қалдырмаған. Әлеуметтік теңсіздік жөніндегі көптеген идеялар
маркстік стратификация мен таптар теориясынан алынған, онда таптық
құрылымның, таптар арасындағы қатынастың, тарихтың қозғаушы күші
ретіндегі таптық күрестің жан-жақты тұжырымдамасы баяндалған. 


Сондықтан да, бұлардың теориялық, методологиялық принциптері осы
ірі социологтардың шеңберінен асып кете алмайды. Дегенмен де, қазіргі
Батыс социологиясында, оның ішінде американдық социологияда, біраз
жаңалықтардың бар екендігі рас. Ол жаңалықтардың көпшілігі әлеуметтік
стратификация деп аталатын теорияның және оның негізгі
критерилеріне, көрсеткіштеріне т. б. мәселелеріне байланысты.
Стратардың белгілері, критерилері мәселесінде социологтардың арасында
біраз дискуссиялар, пікір-таластар туып отыр. Кейбір социологтар
стратаны бір-ақ қана белгі арқылы айыруға болады деп есептейді.
Мысалы қазіргі неміс социологы Р. Дарендорфтың пікірі бойынша
страталардың негізгі көрсеткіші бедел, билік. Ал көпшілік социологтардың
пікірінше страталар көптеген белгілер арқылы ерекшелене алады.
Мысалы, билік, кіріс, табыс, мамандық, білім, мәдениет, мекен, жайы,
корпоративтік мақсаты, т. б. Осы көрсеткіштер, критерилер қосыла
отырып стратаның әлеуметтік, саяси, ішкі, сыртқы пішінін бейнелейді


У. Уорнердің стратификация теориясы 
Стратификация туралы көзқарасы У.Уорнердің “бедел теориясында”
баяндалған. Ол американ қоғамындағы бөліп қаралған страталарды
“әлеуметтік тап” деп атаған. Бірақ бұл біздің тарихи материализмнен білетін
тап емес: маркстік тап меншікке қатысты берілген, ал Уорнер тапты
әлеуметтік беделі бойынша, яғни осы қоғамдағы оның мүшелеріне қатысты
бөледі. Алғашында ол қандай да бір тапқа көзқарас ең алдымен
экономикалық өлшемдермен (өндіріс пен бөліністегі кірістер мен
функциялар) анықталады деп ұйғарған, яғни, түптеп келгенде, маркстікнегізгі тезистерді басшылыққа
алған. Алайда, бірінші кезеңдегі зерттеу
нәтижелері оның болжамдарын теріске шығарды. Ол шамамен бірдей табыс
табатын бір кәсіптің өкілдері “әлеуметтік беделінің” сипаттамасы бойынша
әр түрлі деңгейде болатынын аңғарған. Беделдің адамның қоғамдағы
экономикалық өлшемдерге негізделген жағдайымен қандай да бір байланысы
болғанымен, әлеуметтік бедел сонда да болса бәрінен де күшті адамның
өндіріс пен игілік бөлінісіндегі орнымен емес, оның осы игілікті тұтыну
құрылымымен, яғни өмір салтымен, мінез-құлқымен және, түптеп келгенде,
оның ұстанымдарымен байланысты. “Өмір салтының негізінде жатқан
мұндай тұрақты, қайталанатын мінез-құлықтың негізінде осы әлеуметтік
жиынтықтың мәдениетінде немесе кіші мәдениетінде бекітілген үлгілер
болатыны айқын”. Осылайша эмпирикалық материалдың көмегімен
У.Л.Уорнер іс жүзінде Макс Вебердің “мәртебелік топ” деп сипаттаған
стратасын ашты. Сол кезден бастап ғылыми терминологияда адамның
қоғамдағы көзқарасымен өлшенетін орнын анықтайтын “әлеуметтік
мәртебе” ұғымы берік қалыптасты, оның өлшемін өз кезегінде “әлеуметтік
рөл” деп санау қалыптасты.


Бернард Барбердің стратификация теориясы 
Бернард Барбер мәселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі
тарихи тұрғыдан қарай отырып, батыс қоғамы әлеуметтік
стратификациясының әр түрлі алты өлшемін бөліп қараған:
1. Кәсіп рөлі. Отағасы - барлық қоғамда да өзінің азды-көпті толық
жұмыс уақытын арнайтын “өндіруші” рөлде қоғамға қосатын
функционалдық үлесі тұрғысынан жіктеліп бағаланып келген. Осы сияқты
рөлдер әрқашан олардың функционалдық үлесінің шамасы бойынша әр түрлі
болады және тиісінше сараланып бағаланады, яғни әр түрлі беделге ие
болады. 
2. Билік пен күш-қуат деңгейі бойынша дәрежелеу. Билікті әлеуметтік
жүйелерде мақсатқа жетудің заңды қабілеті деп, ал күш-қуатты оның заңсыз
ұқсастығы деп анықтауға болады. Кез келген қоғамда кейбір рөлдер басқа
рөлдерге қарағанда үлкен билік пен күш-қуатты қамтиды, нәтижесінде
олардың құрылымдары осы өлшем бойынша стратификацияланады. 
3. Кіріс немесе байлық. Қоғамдағы әр түрлі кәсіптік рөлдердің пайда табу
мен байлық жинауға қабілеттері әр түрлі болады, отбасылық байланыстарға
орай мұраға ие болу жолымен байлыққа ие болу мүмкіншіліктері де дәл
осындай әр түрлі. Бұрын да, қазір де ақша бірқатар икемділік процестерінде
үлкен орын алады. Бұл ретте М.Вебердің ізін ала Б.Барбер беделдің, биліктің
және табыстың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін екендігін айтады. Кейбір
рөлдер (мысалы, Рим Папасы) жоғары бедел мен билікке ие, ал табысы - 
төмен, немесе, керісінше, әлеуметтік беделі онша жоғары емес. Бұл орайда
табыс әрқашан да одан әрі дамудың және ақшамен жоғары бағаланатын
рөлдерге қол жеткізу (мысалы, білімді, атақты сатып алу, неғұрлым жоғары
саналатын әлеуметтік топтың өкіліне үйлену және т.б.) құралы болған.


4. Білім беру немесе білім алу. Адамдардың қоғамда оқу-білімге және
білім алуға әрқашан қолдары бірдей жете бермейді, мұның олардың өздеріне
туғаннан берілген әр түрлі рөлдерін атқаруы үшін ғана емес, бір рөлден
екінші рөлге өту мүмкіншілігі үшін де маңызы зор. 
5. Діни немесе салттық тазалық. Қандай да бір қоғамдағы үстемдік ететін
функционалдық маңызды діни идеялар санатына адамдар азды-көпті
дәрежеде жоғары бағаланатын діни немесе салттық тазалыққа ие болуы
мүмкін. 
6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дәрежелеу. Туыстық және
этникалық топтар барлық қоғам үшін және өздері өмір сүретін жергілікті
қауымдастықтардағы өздерінің функцияларын қалай орындайтындықтары
тұрғысында әр түрлі, атап айтқанда олардың кәсіптік беделінен, билік пен
күш-қуаты дәрежесінен, табысы мен байлығы деңгейінен бөлек туыстық
және этникалық топтар ретінде бағаланады. 
Б.Барбер икемділікке қатысты қоғамда үстемдік ететін институцияланған
нормалар жоғарыда тізбеленген алты мағынада стратификациялық
құрылымның өздігінен тәуелсіз өлшемі бола алмайтындықтан, осы қоғамда
жасалып жатқан икемділіктің көлемі мен дәрежесіне маңызды тәуелсіз ықпал
ете алмады деп есептейді. 
Б.Барбер теориясы әлеуметтік стратификацияны геометриялық фигуралар
терминімен сипаттайды, бұл әлеуметтік икемділіктің өтіп жатқан 
процестерін көзге елестетуге және әлеуметтік стратификацияның қазіргі
заманғы батыстық жүйесін түсінікті баяндауға мүмкіндік береді. 


Э. Гидденстің стратификация теориясы 
Ағылшын социологы Э. Гидденс өзінің еңбектерінде
стартификациялаудың төрт негізгі жүйесі бар екендігін көрсетеді. Олар - 
сословиелік, таптық жүйелер. Стратификация дегеніміз - Э. Гидденстің
түсіндіруінде құрылымы бар теңсіздік. Ондай теңсіздік әр-түрлі
топтардың арасында орын алады. Қоғам дегеніміз, осы социологтың
айтуы бойынша, иерархиялық формада құрылған страталардың
жиынтығы. Осы иерахиялық құрылымның басында дәрежесі жоғары
страталар тұрады. Сонымен Э. Гидденс страта деген ұғымды кең
мағынада пайдаланып, оған тапты, сословияны т.б. әлеуметтік топтардыкіргізе береді. Э.
Гидденс тап деген категорияға анықтама береді және
оның түсінігі бойынша, белгілі бір тапқа кіру ол адамның өзінің ісіне,
жігеріне т. б. субъективтік қасиеттеріне байланысты екендігін айтады.
Ал кастаға, сословиеге жату ол адамға байланысты болмаған, адам сол
кастада не сол сословиеде туғандықтан сол топқа жатады. Оның
басқада зерттеулері аз емес. Мысалы, әлеуметтік мобильділік мәселесі
жөнінде. Әлеуметтік мобильділік жоғары қарай және төмен қарай өтіп
отырады. Тік сызық бойынша төменнен жоғары қарай көтерілу барда
және жоғарыдан төмен қарай құлау бар. Осы формалардың ішінде
әсіресе жоғарыдан төмен қарай жылжуды Э. Гидденс терең зерттеген
болатын. Қандай себептерге байланысты, адамдар, топтар жоғарыдан
төмен қарай құлайды, құлдырайды. Британия қоғамындағы осы
кезеңдерде өтіп жатқан процестер Э. Гидденстің зерттеулерінде
социология ғылымына ірі үлестер, жаңалықтар енгізді. Э. Гидденс бұл
мәселелер бойынша көзқарастарымен оның «Социология» деген оқулығы
арқылы танысуға болады


Әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері
Қорытындылай айтқанда стратификация мәселесі бойынша Батыс
социологиясында өте көлемді, терең мағыналы, ғылыми жағынан құнды
зерттеулер аз емес. Бұл зерттеулердің көпшілігі топты айыру мәселесіне көп көңіл
көңіл бөледі. Белгі, критерий деген түсініктер зор маңызды
категориялар. Жинақтай келгенде, тағы да қайталай айтқанда, осы белгілер,
критерилер мынадай көрініс береді: 
1. Кіріс, табыс, шығыс. Осы белгі бойынша топтардың материалдық
жағдайын ажыратуға мөмкіндік туады. 
2. Меншік. Әрине, адамдардың көпшілігінің меншігі болады.
Меншіктің түрлері де аз емес. Мысалы, жеке меншік, мемлекеттік меншік,
ұжымдық меншік, корпорациялық, акционерлік меншік, т. б. Бірақ та,
ресми түрде айтқанда меншіктің екі ғана типі болады. Біріншісі,
мемлекеттік меншік, екіншісі, жеке меншік, яғни мемлекеттік емес
меншік. Осы жеке меншіктің формалары әртөрлі болуы мөмкін. Мысалы,
жеке адамның, тұлғаның меншігі, бірнеше адамның, яғни топтың
меншігі, өлкен топтардың, яғни таптың меншігі, өлкен топтардың,
акционерлік меншігі т. б. Меншік мәселесі өте көрделі мәселе. Бірақ та,
Батыс социологиясында топтың экономикалық статусын белгілейтін
құбылыс меншік емес, кіріс, табыс, шығыс.
3. Билік. Батыс социологиясында бұл категория топтың белгісі
ретінде өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, Р. Дарендорфтың
концепцияларында бедел, билік қазіргі қоғамда жеке адамның, топтық
қоғамдағы орнын, статусын белгілейтін ең басты көрсеткіш. Егерде біз
әкімшілік, мемлекеттік билікті алатын болсақ, оның иелері
чиновниктердің статусының көпшілік елдерде, әсіресе Шығыс елдерінде,
өте жоғары екенін байқаймыз


4. Мамандық. Осы кезеңдегі статистикаға сүйенсек дамыған елдерде
төрт мыңнан астам мамандық бар екен. Ал осы мамандықтар топтарға 
бөлуде өте маңызды роль атқарады. Кейбір кәсіби мамандықтар
болашағы бар, құнды, ал кейбіреулерінің беделі төмендеуде. Бұл мәселе
әрине қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани дамуына байланысты.
Қалай болғанда да, адамдардың көпшілігі өзінің кәсіби мамандығына
байланысты топтасады.
5. Білім. Жеке адамдардың, топтардың статусын, орнын, атқаратын 
функциясын өзгертуге білім аса маңызды роль атқаруда. Жоғарғы
білімі, не арнайы білімі бар адамдардың ой еңбегі саласында орын
алатын кәсіби мамандықтары бар. Ал арнайы білімі жоқ адамдар
тобының статусы төмен, олардың көпшілігі төменгі тапқа, яғни кедей
тапқа жататынын бекерге шығаруға болмайды Жеке адамның, жеке
әлеуметтік топтың мәдениеті қоғамда тиісті орын алуы керек. Өркениетті
елдерде мәдениет жоғары бағаланады. Бұл мағынада, қазіргі елдерде,
мәдениет дегеніміз адамдардың, топтардың, страталардың белгілі бір
стандарттағы әлеуметтік тәртібі, нормасы, жөріс-тұрысы, өмір- салты,
өмір стилі, технологиясы, ғылымды меңгеруі, еңбек мәдениеті, әлеуметтік
қатынастар, адамдардың байланысының, қатынастарының мәдениеті. Бұл 
жерде ұлттық, не болмаса жалпы халықтық мәдениет туралы сөз болып
отыр


2. Қоғам Типологиясы 


Қоғамдардың әртүрлі типологиялары бар.
Олардың біріне сәйкес қоғамдар екі түрге бөлінеді - қарапайымжәне кешен.Мұндай бөлудің критерийлері –
басқару деңгейлерінің саны және әлеуметтік стратификация дәрежесі.
Қарапайым қоғамдарда басшылар мен бағынушыларға, байлар мен кедейлерге бөліну шектеулі және
тұрақсыз болды. Қарапайым тайпалар осындай болған.
Күрделі қоғамдарда табыс деңгейі бойынша бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше басқару деңгейлері,
халықтың бірнеше әлеуметтік қабаттары болады. Стихиялы түрде пайда болған әлеуметтік теңсіздік уақыт өте
келе құқықтық және саяси тұрғыдан бекітілді. Күрделі қоғамдар өте көп – жүздеген мыңнан жүз миллиондаған
адамға дейін.
19 ғасырдың ортасында К.Маркс екі критерийге – өндіріс тәсілі мен меншік формасына негізделген
қоғамдардың типологиясын ұсынды. Бұл екі белгі формацияны құрайды. Адамзат, К.Маркстің айтуы бойынша,
төрт формация – қарабайыр, құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік формациядан өтті, ал бесінші –
болашақта коммунистік келуі керек.
Бұл тәсілдің күші әлеуметтік өзгерістердің қайтымсыздығын мойындау болды, ал әлсіз жақтары қоғам
дамуының материалдық-техникалық факторларын абсолютизациялаудан көрінетін еуроцентризм мен
экономикалық детерминизм болды.
Өркениеттік көзқарас бойынша қоғамдар әртүрлі әлеуметтік-мәдени формациялардың жиынтығы ретінде
қарастырылады. Мұндай көзқарас тарихты еуропалық стандарттарға сәйкес біріктіруге теріс реакция және
жергілікті және аймақтық қоғамдардың бірегейлігін түсінуге ұмтылу салдарынан туындады.


Н.Данилевский, О.Шпенглер, Дж.Тойнби, Л.Гумилев сияқты ойшылдар тарихты біртұтас
сызықтық процесс ретінде түсінуден бас тартты. Олардың көзқарасы бойынша, адамзат
біртұтас даму коды жоқ өзін-өзі қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени формациялар.
Қоғамдардың ең әмбебап типологиясын американ ғалымы Д.Белл «Постиндустриалдық
қоғамның келуі» (1973) кітабында ұсынған. Автор дүниежүзілік тарихты үш кезеңге –
индустриалдылыққа дейінгі (аграрлық), индустриялық және постиндустриалды кезеңге
бөлген. Индустриалды қоғамда негізгі мақсат – билік, индустриалды қоғамда – ақша,
постиндустриалды қоғамда – білім. Индустрияға дейінгі қоғамда діни қызметкерлер,
индустриялық қоғамда бизнесмендер, ал постиндустриалды қоғамда ғалымдар мен
менеджерлер үстемдік етеді. Бір кезеңнен екінші кезеңге өту технологияның, меншіктің,
әлеуметтік институттардың, мәдениеттің, өмір салты мен әлеуметтік құрылымның өзгеруімен
байланысты.
Екі жаһандық процесс индустриалды қоғамның пайда болуына әкелді: индустрияландыру - ірі
машина өндірісін құру және урбанизация - адамдардың қалаларға қоныс аударуы және
қалалық құндылықтардың халықтың барлық топтарына таралуы. Индустриалды қоғам 18
ғасырда қалыптасты.


Постиндустриалды қоғам 20 ғасырдың екінші жартысында ақпарат пен жаңа
технологияларды өндірумен айналысатын мамандарға сұраныстың артуы әсерінен
қалыптаса бастады. Бұл мамандар (ғалымдар, инженерлер, экономистер, программистер)
жетекші қоғамдық күшке айналып, өнеркәсіптік қоғамның өнеркәсіпшілері мен
кәсіпкерлерін алмастыруда.
Д.Белл әзірлеген қоғамдар типологиясы концептуалды түрде американдық ғалым
О.Тоффлердің «Үшінші толқын» (1980) еңбегінде көрсетілген схемасына жақын. «Үшінші
толқын» қоғамында ол ақпараттық қоғамды түсінеді, онда меншіктің негізгі түрі ақпарат
болып табылады; бірінші және екінші толқын қоғамдарында меншіктің негізгі түрлері жер
мен өндіріс құралдары болды. Ақпараттық меншікке көшу революция болып табылады,
өйткені ол материалдық емес және шекараны білмейді.
О.Тоффлер ақпараттық қоғамның әлеуметтік негізін «когнитариатта» (ағылшын тілінен
когниция – білім, когнитивтік қабілет) көреді, яғни. шаруалар мен жұмысшы табы сияқты
бұлшықетті емес, білімді пайдаланатын әлеуметтік топ.
Осы ұстанымдардан О.Тоффлер «Биліктің ауысуы: білім, байлық және билік 21 ғасыр
табалдырығында» (1990) кітабында білімнің, ақпараттың және жаңа күштердің әсерінен
биліктің табиғатын өзгерту идеясын ұстанады. технологиялар. Постиндустриалды қоғамда
оның пікірінше, билік бұрынғыдай байлықпен емес, біліммен айқындалады. Егер байлық
санаулы адамға тиесілі болса, білім әркімдікі болар еді. Бұл тәсіл әлемдік дамудың өте
маңызды үрдісін көрсететін сияқты.


Бүгінгі әлемде байқалып жатқан жаңа құбылыстар мен тенденциялар туралы
дабылға қарамастан, футурологтар адамзаттың бүгіні мен болашағына жалпы
оптимистік көзқарасты ұстанады. Олар «үшінші толқын» тенденцияларына және
олардың әсерінен болып жатқан сапалы өзгерістерге үміт артады.
Жоғарыда айтылғандар Д.Беллдің, О.Тоффлердің және басқа да постиндустриалдық
концепцияларды ұстанушыларының еңбектері М.Вебердің социологиялық
көзқарасына негізделген, олар үшін ұтымдылық принципі осьтік принцип болды
деп болжайды.
Постиндустриалды (ақпараттық) қоғамға қарай қозғалыс мыналармен сипатталады:
- материалдық өндіріс сферасының есебінен қызмет көрсету саласының өсуі;-
өмірдің барлық салаларында ақпараттың үстемдігі;- ақпараттық индустрияда
жұмыспен қамтылғандар санының артуы;- азаматтардың білімі мен біліктілігін
арттыру;-қоғамдық өмірді демократияландыру, жаһандық ауқымдағы демократияға
көшуді ынталандыру;- біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және елдер мен
халықтардың интеграциясын тереңдету.


Жаһандану постиндустриализм дәуіріне енген мемлекеттер мен үшінші әлем елдері арасындағы
алшақтықты айтарлықтай кеңейтті. Соңғысында кедейліктің, кедейліктің және соның салдарынан
наразылық санасының артуы байқалады. Мұндай фон қоғамға жат, маргиналдық мінез-құлықтың әртүрлі
формаларының, соның ішінде экстремизм мен терроризмнің ұясы болып табылады.
Әлеуметтануда индустриалдыға дейінгі қоғамнан индустриалды қоғамға, сосын постиндустриалды
қоғамға өту «модернизация» терминімен сипатталады. Ол қоғамның барлық салаларын қамтитын
әлеуметтік институттар мен өмір салтын түбегейлі өзгертуді қамтиды.
Модернизацияның екі түрі бар - органикалық және бейорганикалық. Біріншісі елдің алдыңғы
эволюциясының бүкіл барысымен дайындалуда. Ол әдетте мәдениет пен қоғамдық санадағы
өзгерістерден басталады. Екіншісі – дамыған елдердің сыртқы шақыруына жауап. Бұл – артта
қалушылықты жою, сыртқы тәуелділікті болдырмау мақсатында қолға алынған дамудың «қуып жету» жолы.
Ресейде дәл осы мақсат Ұлы Петрдің реформалары мен 1930 жылдардағы индустрияландыру арқылы
жүзеге асты.
Бейорганикалық жаңғырту шетелден құрал-жабдықтар мен патенттер сатып алу, шетелдік
технологияларды қарызға алу, мамандарды шақыру, өз азаматтарымызды шетелде оқыту, инвестиция алу
арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік-саяси салаларда да тиісті өзгерістер орын алуда.
Модернизация көбінесе екі түрдің ерекшеліктерін олардың біреуінің элементтерінің басым болуымен
біріктіреді. Осыған байланысты, Ресейдегі және ТМД-дағы қазіргі реформаларды жаңғыртудың қандай
түріне жатқызуға болады деген сұрақ өте күрделі және даулы.


Ашық және жабық қоғам 


“Ашық” және “жабық” қоғам деген ұғымдарды кезінде ағылшын философы Карл Поппер енгізген. Ол
мұны әр түрлі қоғамдардың тарихи-мәдени және саяси жүйелеріне сипаттама беру үшін қолданған.
“Жабық” қоғам — догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән
сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, “ашық” қоғам —
бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын,
өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам. Поппер өркениет тарихында қоғамдық даму
қашанда “жабық” жүйеден “ашық” жүйеге өту арқылы жүзеге асып отырғанын көрсетеді. “Жабық”
жүйелерге өзінің әлеум. және саяси құрылымдары жөнінен әрқилы елдердегі (Спарта, Пруссия,
патшалық Ресей, нацистік Германия) әміршіл-әкімшіл қоғамдар, “Ашық” қоғам үлгісі ретінде көне
дәуірдегі халық кеңесі басқарған Афина мен жаңа замандағы мемлекеттер мысал бола алады.[2]
Демокр. мемлекеттердің түрлері көп болғанымен олардың өзіне тән ортақ белгілері бар. Халық билігі,
теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемл. жүйеде ғана А. қ. өркен жаяды. Қазақстан
мемлекеті де биліктің түп иесі халық болып табылатын демокр. республика әр адамның негізгі құқық
және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған
саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген,
соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады. Қазақстан осындай демокр. принциптер негізінде
құқыӘдеб.: Корнфорт М., Открытая философия и открытое общество, пер. с ағылш., М., 1972; Назарбаев
Н.А., На пороге ХХІ века, А., 1996; Ә. Нысанбаев, Адам және ашық қоғам, А., 1998; Popper K.R., The open
socіety and іta enemіes, 5 ed., v. 1-2, L., 1966. қтық және әлемге ашық мемл. құру үстінде. Бұл принциптер
1995 ж. қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында толық көрініс тапқан.[3]


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет