Тексерілді: Н. Набиев Қысқа мерзімді жоспар



Дата05.04.2023
өлшемі120,35 Kb.
#79758
түріСабақ
Байланысты:
3кл әдебиет 29апта


Тексерілді: Н.Набиев
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 7-сабақ

Бөлім:

Су - тіршілік көзі

Мұғалімнің аты-жөні

Санаева А.А

Күні: 13.04.2022ж




Сынып: 3 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жаңбыр. Жаңбыр жауды. Нөсер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма үзіндісін басқа нұсқасымен салыстыра алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: берілген тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында «Ізгі тілек» әдісі қолданылады.
«Санау» әдісімен оқушыларды топқа бөледі.
Өткен тақырыпқа шолу және оқу материалын жариялау «Сұрақтар ілмегі» әдісімен жүреді:
- Өткен сабақта қандай шығарма оқыдық?
-Шығарманы кім мазмұндайды?
-Өткен тақырыпқа қатысты бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.
-Шығарма авторы кім еді?
-Ал, бүгінгі сабақта жаңбыр жайлы шығармалар оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз.

Шеңберде оң жағындағы балаға тілек айтады.

Топқа бірігеді.


Шығарманы мазмұндайды.


Сұрақтар қойып, жауап береді.
Мақал-мәтелдер айтады, мағынасын түсіндіреді.

«Бас бармақ» әдісі.




Жаңа білім
15 мин

2 мин
8минн


Бекіту
15 мин

(Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
А) Топта ақылдасып, жаңбырға қатысты 5 сөз ойластырыңдар.
Ә) Өлеңдерді мәнерлеп оқыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Тақырыпқа сай қандай өлеңдер білесің?


Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.


(Т) 2- тапсырмада дәптермен жұмыс жүреді.
-Екі өлеңді салыстырыңдар. Өлең жолдарын тауып оқыңдар.

-Өлең жолдарын қарасөзге айналдырып жазыңдар.
1. Жаңбырға қатысты.
Үлгі: Жаңбыр себелеп жауды.
2. Бұлтқа қатысты.
Үлгі: Бұлт аспанды қаптады.
3. Тамшыға қатысты.
4. Шыққа қатысты.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Құраған сөйлемдерді пайдаланып, «Жаңбыр жауды» атты мәтін құрастыр.

- Тапсырмалар орындайды.
Билеп сергиді.

Топқа берілген тапсырманы орындайды.



Дескриптор:
- Жаңбырға қатысты 5 сөз ойластырады-2балл.
Өлеңдерді мәнерлеп оқиды-2балл.
Дескриптор:
Екі өлеңді салыстырады, өлең жолдарын тауып оқиды-2балл.
Өлең жолдарын қарасөзге айналдырып жазады-4балл.

оқулық

оқулық
дәптер





Кері байланыс
5 мин

Кері байланысты «Менің күнделігім» әдісі арқылы береді.
Оқу тапсырмасы: бір өлеңді жаттау.

Түсінгенін жазады.
Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.




Тексерілді: Н.Набиев
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 8-сабақk



Бөлім:

Су - тіршілік көзі

Мұғалімнің аты-жөні

Санаева А.А

Күні: 13.04.2022ж




Сынып: 3 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жаңбырдың пайдасы. Ақ жаңбыр

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма үзіндісін басқа нұсқасымен салыстыра алады.
Көптеген оқушылар: шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу және оқу материалын жариялау:
-Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмаса,
Жасынсыз болмас.
- Ал бүгінгі сабақта жаңбырдың пайдасы туралы мәтінді оқитын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Жаттығу жасайды.

Мәтінді мазмұндайды

Тақырыпты ашады.


Сұрақтарға жауап береді.





«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!






Жаңа білім
15 мин

5 мин

Бекіту
15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.
А) «Ақ жаңбыр» атты мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар.
Ә) Сөздік жұмысы:
- Бұйымтай – өтініш.
Б) Сұрақ-жауап:
-Шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер айт.


Сергіту сәтінде «Ақ жауын» күйін тыңдайды.


(Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі жүзеге асырылады.
-Мәтінге сүйеніп, қимыл-әрекеттерді сәйкестендір және дауыстап оқыңдар.

- Сызбадағы ретпен мәтіндегі сөздерді пайдаланып, мысал әңгімені талдап айтыңдар. Кейіпкерлерін сипаттаңдар.

- Жаңылтпашты оқыңдар. Жаңылтпашты жатқа айтуға жаттығыңдар.
Шалғы саптап,
Шөп шап.
Шөп шапсаң, көп шап.
Көп шапсаң, шапшаң шап,
Шапшаң шапсаң,
Шаршап жат.
- Жаңбырдың пайдасы туралы әңгімелеңдер.



- Мәтінді түсініп оқиды.
Сұрақтар қояды, жауап береді.

Билеп сергиді.


-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:
- Мәтінді түсініп оқиды -1балл.
- Сұрақтар қояды, жауап береді -2балл.
Сөздікті жаттайды-1балл.


Дескриптор:
- Мәтінге сүйеніп, қимыл-әрекеттерді сәйкестендіреді -1балл.
Мысал әңгімені талдап, кейіпкерлерін сипаттайды-1балл.
-Жаңылтпашты жатқа айтады-1балл.
-Жаңбырдың пайдасы туралы әңгімелейді-3балл.

Оқулық



Кері байланыс
2 мин

Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.

Сабаққа кері байланыс жасайды.

ҚБ қойылады.




Тексерілді: Н.Набиев
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 9-сабақ

Бөлім:

Су - тіршілік көзі

Мұғалімнің аты-жөні

Санаева А.А

Күні: 16.04.2022ж




Сынып: 3 Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көлде. Көл жағасында

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептеріне мәтіннен дәлелдер келтіре алады.
Көптеген оқушылар: шығарма бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Топқа бөлу «Санау» әдісімен жүреді.
Өткен тақырыпқа шолу, жаңа оқу материалын жариялау:
- Мәтінді мазмұндау.
- Бір-біріңе мәтін мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар қойыңдар және жауап беріңдер.
- Жаңбырға қатысты мақал-мәтелдер айтып, маңынасын ашыңдар.
-Табиғатта жаңбыр суынан басқа қандай су көздерін атай аласыңдар?
-Олай болса, бүгінгі сабақта көл туралы шығармаларды оқитын боламыз.

Жаттығу жасайды.

Топқа бірігеді.


Мәтінді тізбектей мазмұндайды
Сұрақтарға жауап береді.

«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!






Жаңа білім
15 мин

2 мин

Бекіту
15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Рөлдік ойын» әдісімен орындалады.
А) Сөздік жұмысы:
Раң – шөптің аты.
Кілең – барлығы, түгелдей.
Қоғажай – орман ішінде, тоғайда өсетін шипалы
өсімдік.
Талма түс – күннің төбеге келген кезі. - Тиісті жерінде кідіріс жасап, өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Ә) «Көл жағасында», «Көлде» шығармаларын түсініп оқуға жаттығыңдар.
Б) Автор туралы мәлімет:
Ғабит Мүсірепов (1902–1985) Солтүстік
Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қазіргі
Ғ. Мүсірепов атындағы ауылда туған.
Ана жайында жазылған әңгімелерінде
ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем
сипатталған.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Қандай көлдерді білесіңдер? Олар қайда орналасқан?


Сергіту сәтінде қазақ күйіне билейді.


(Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
А) Суретпен жұмыс.
- Суретке қараңдар. Өлең мен әңгіменің байланысын анықтаңдар. Айырмашылығын табыңдар.
Ә) Кестемен жұмыс.
Мәтіндерге сүйеніп, кестені толтырыңдар.

- Кестедегі тіркестерді пайдаланып, «Көлде» деген мәтін құрастыр.
1. Көл жағасындағы өсімдіктер.
2. Көлдегі тіршілік.
3. Көлдің пайдасы.

- Өлеңді түсініп оқиды.

Билеп сергиді.


-Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:
- Сөздікті жазып, жаттайды-1балл.
Өлеңді, мәтінді мәнерлеп оқиды-2балл.
Автор туралы әңгімелейді-1балл.


Дескриптор:
- Өлең мен әңгіменің байланысын анықтайды-2балл.
- Мәтіндерге сүйеніп, кестені толтырады-2балл.
- Кестедегі тіркестерді пайдаланып, «Көлде» деген мәтін құрастырады-2балл.

Оқулық



Кері байланыс
5 мин

Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді.
Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.
Оқу тапсырмасы: өлеңді жаттау.

Сабақтан түйген ой-пікірін айтады.

ҚБ қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет