СРСП
Тексеруші: Әзірбайжан Е.
Дайындаған:Едіге Нұрболат
7 топ 1-курс
Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде,оның міндеті басқа ғылымдармен байланысы
Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
1. Кіріспе.
1. Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы.
Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.
Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.
Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру – машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.
2. Зерттеу әдістері.
Спорт физиологиясы – спорттық жаттығу негізінде жүретін, бұлшық ет қызметінде қалыптасатын мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттеуге бағытталған адам физиологиясының арнаулы бөлімі. Ол жаттығу процесін қалыптастыра отырып, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге негізделген.
Спорт физиологиясы дене тәрбиелеу мәдениеті институттары мен университеттерінің дене тәрбдиелдеу факультеттерінде ғылыми ілім есебінде оқытылады. Бұл негізінен енді дамып келе жатқан жас ғылым және педагогикалық ілім.
Спорт физиологиясы - ғылыми және оқулық ілім ретінде ХХ – ғасырдың 30-шы жылдарында қалыптасты. Физиологияның бұл арнаулы бөлімі бойынша алғашқы оқулық пен момнографияны В.Ф. Лесгафт атындағы дене тәрбиелеу мәдениеті институттың \Санк-Петербург\ физиология кафедрасының оқытушысы А.Н. Крестовников жазды. Бұл институттың ең алғашқы кафедрасы еді. Л.А. Орбели оны ұйымдастырып, 1919 жылдың 1927 жылға дейінгі аралықта меңгерді. Ал А.Н. Крестников болса, оны әрі қарай дамытып, 1955 жылға дейінгі жоғарыда айтылған кафедраны басқарды.
Бұл ғылымның дамуына және жетілуіне Е.К. Жуков, Н.В. Зимкин, В.В. Васильева, В.С. Фарфель, Я.Л. Коц т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
Спорт физиологиясының жалпы физиологиядан айырмашылығы – ол тек адамдарға ғана жүргізілетін зерттеулерге негізделеді. Физиологияның классикалық әдістерін адамдарды зерттеуде қолдану мүмкін емес. Сондай-ақ зерттеулер белсенді қозғалыс кезінде жүргізілуі қажет, өйткені оның өзі де жұмысты қиындата түседі. Алынатын мағлұматтар көбірек қызығушылық тудырса да, жарыс кезінде зерттеулерді жүргізу іс жүзінде аса қиын.
Спорт физиологиясының мақсаты мүшелердің, мүшелер жүйесінің және адам ағзасының қимылға дейін, қимыл кезінде және белсенді қимылдан кейінгі функциональды күйін зерттеу болғандықтан, ағзадағы бұлшық ет белсенділігін анықтап, соған сәйкес өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін арнаулы әдістер жасалынуда. Қазіргі кезде осы мақсаттармен эрго өлшеудің 4 түрі пайдаланылады. Олар: электрлік және механикалық велоэргометрлер, тредбан \жүгіретін жол\ степэргометрия. Сондай-ақ қан айналымның, тыныс алу және ағзадағы функциялық ауытқуларды анықтауға мүмкіншілік беретін электрокардиограмма \ЭКГ\, электроэнцофалограмма \ЭЭГ\, электромиография \ЭМГ\ және т.б. әртүрлі жабдықтар қолданылады.
3. Спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.
Физиология спортының денсаулығын сақтай отырып, оның спорттық іс-әрекетінде үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін білімнің негізін құрап, дене тәрбиесі мен спорт ілімінде маңызды орын алады. Спорт физиологиясы негізінен: қимыл әрекеттерін қалыптастыру механизмдерін; машыққандығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді; машыққандығын дамытатын механизмдерді; спортшы ағзасының физиологиялық резервтерін зерттейді.
Келешек бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары спорт физиологиясынан мемлекеттік емтихан тапсырып, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары өз білімдерін жаңартуымен айқындалады. Бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары үшін спорттық әрекеттің физиологиялық заңдылықтарын білу мынадай мақсаттарда қажет:
Машықтанушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу;
Машықтану процесін сапалы құру \құрылысы бойынша қатаң емес\;
Машықтану процесінде зорықтырмау, зорығу қалған жағдайда машықты тоқтату;
Жауапты жарыстарға спортышыларды іріктеудің негізі;
Машықтану процесін жетілдіру үшін спортшы ағзасында машықтану және жарыс кезіндегі қызметтік жағдайды түсіну;
Адам ағзасында машықтану және жарыс кездерінде өтіп жатқан өзгерістерді өз шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, өзінің тапсырмалары мен ұсыныстарын дәлелдеу.
Спорт физиологиясының заңдылықтарын білу бапкерлермен дене тәрбиелеу оқытушыларының өзіндік іскерлігі мен жеке мақсаттардағы көзқарасын кеңейте түседі және ұжымда өзіндік бедел алады.
2: Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері. Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері.
1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері.
Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
І\ бұлшық еттің 1\3 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар \садақпен ату\; 2\ аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 1\2 бөлігіне шейін қатысады. \қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар\; 3\ бұлшық еттердің 1\2 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1\ изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар \жүкті ұстап тұру\; 2\ ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1\ жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді \секіру,\лақтыру; 2\ бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар \ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу\.
ІҮ. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне байланысты: І\ жеңіл; 2\ орта; 3\ сылбыр; 4\ ауыр; 5\ өте ауыр жаттығулар.
Ү\ Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: І\ анаэробты; 2\ аралас; 3\ аэробты.
2.Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетикалық, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері.
Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе. Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал энергия береді. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету субстраттармен тотығу кезінде жүзеге асады. 2\ аэробты жол: Тотығу көмірсулар мен майлардың жасушаларының митохондриясында жүреді де, 2-5 минуттарда максимумына жетіп, 5 кал\кг\сек энергия жұмсалады. Осыған байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі. Анаэробты жаттығуларда энергия 75%-тен 95 %-ке дейін анаэробты жолмен түзіледі. Бұл жаттығуларды орындағанда негізгі физикалық сапа күш пен тездік болып табылады. Аэробты жаттығуларда энергия өнімділіктің аэробты механизмі басым болғандықтан, оның негізгі физикалық сапасы төзімділік болып табылады.
Тотығу кезінде оттегі қолданылатындықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын оттегін пайдалану деңгейімен бағалайды. Егер оттегін пайдалану мөлшерін, оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жеткізсек, онда жаттығудың қарқындылығын салыстырмалы аэробты қуаттың деңгейімен сипаттауға болады. Бұлшық еттердің 50 % -тен көбірегі жұмыс істегенде жоғарғы мөлшерін талап етуін – оттегінің барынша қажеттілігі дейміз. Оның мөлшері машықтанбағандарда 2,5-3,5 л\мин. Болса, машықтанаған адамдарда 5-6 л\мин болады.
Оттегінің барынша қажеттілік мөлшері қан және қан айналымы жүйесінің бұлшық етке оттегін тасымалдауына, сондай-ақ қолдануына байланысты. 18-20 жаста оттегінің барынша қажеттілігінің көлемі өте жоғары болады да, жасы ұлғаюына қарай төмендейді. 70 жастағы адам 20 жастағы оттегі қажеттілігінің 60%-ін ғана құрайды. Сүт қышқылының пайда болуы мен ыдырауы негізінде қалыпқа келу процесі өтетін болғандықтан, жұмыстың қарқындылығын сүт қышқылының деңгейімен анықтауға болады. Ол жүрек етінде энергия көзінде айналып, глюкоза синтезделеді. Жұмыс қарықынын сүт қышқылының деңгейімен анықтау үшін анаэробты алмасудың табалдырығы деген түсінік енгізілген.
Бұл қандағы сүт қышқылының мөлшері 36 мг%-ке жеткендегі жүк қарқындылығының деңгейі болады. Сүт қышқылынығ деңгейі анаэжробюты алмасудан төмен болса, жаттығулардың қарқындылығы аэробты жаттығулар болып саналады. Егер сүт қышқылының деңгейі 37 мг%-тен 80 мг%-ке дейін ауытқыса – бұл аралас жаттығулар, ал 80 мг%-тен жоғары болса анаэробты жаттығулар бөлінеді. Жүктеменің қарқындылығын бағалау үшін жүректің соғу жиілігінің көлемі анықталады да, мынадай себептерге байланысты тексеріледі. Бұл кезде оттегінің қажеттілігі артып, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді де, жүректің соғу жиілігі ұлғаяды. Жүректің соғу жиілігінің көлемі 140 сағ\мин-тен аспаса, олар аэробты жаттығуларда жатады. Егер жүректің соғу жиілігі 175 соғ\мин-тен жоғары болса анаэробты спортты жаттығулар болады.
3. Қимыл бірліктері және дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері.
Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты \стеротипті\ және стандартсыз \ситуациялы\ болып екіге бөлінеді.
Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда белгілі реттілікпен пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде қалыптасады. Стандартсыз жаттығулар қарсыласы мен серігінің әрекеті арқылы сипатталады.
Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы, соған тете үлкен және сылбыр деп бөледі.
Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5-тен 30 сек-ке дейін созылады. 60,100,200,400 м жүгіру. 25,50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10м\с болады да, олар АТф, КФ және 3% глюкоза көмегінің қатысуы мен анаэробтың жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді де, жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190 соғ\мин-ке жетіп, артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180-200 мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.
Субмаксимальды қуат аймағында – жұмыс қарқыны 40 с-тен 3 мин-ке дейін созылады. 400,800,1500 м жүгіру, 100,200,400 м жүзу, 1,2,3 км велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7-9 м\с-ке жетіп, жұмыс ағзаның шеткі мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады. Энергия көбінесе АТФ, КФ және гликолиз арқылы анаэробтық жолмен пайда болады. Түзілген сүт қышқылы қанға өтіп мөлшері 200-200мг\%-ке көтеріліп, сілтілі қышқыл ph 7,0-ге жетеді де, оттегінің қарызы 20-22 л-ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты процестерден басқа 1,0-1,5 мин аэробты процесстерде қосылады. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин, систолалық қысым артады, қан айналысының минөттік көлемі 25-30 л болады. Қандағы қышқыл өнімдерінің шоғырлануы несепке өтеді. Ішкі ортадағы ығысулар шаршауды дамыта түседі. Жасушалардағы және ұлпалардағы, әсіресе орталық жүйке жүйесінде алмасу процестерінің бұзылуына сілтілі қышқылдың ph арқылы күшейеді.
4. Спортшының жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауы кезіндегі кері байланыстың қуат жұмсалуын үнемдеу.
Бұлшық еттерден келетін импульстердің нәтижесінде орталық жүйке жүйесінде тежелу дамиды. Бұлшық еттерде жиналған өнім алмасуы осмостық қысымды көтеріп, қан плазмасының шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл тер бөлінумен бірге қанның қолданылуына әкеп соғады. Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуін оттегін тасымалдау, жүрек-тамыр және т.б. өзгеруінен ферментті жүйелердің белсенділігі төмендеп, алмасу процестері бұзылады.
Үлкен қуат аймағында жұмыс қарқыны 3-5 мин-тен 20-30 мин-ке дейін созылады. 3,5,10 км жүгіру, 1000-1500 м жүзу, 5-10 км шаңғы, коньки және 10-20 км велосипед тебу. Энергияның пайда болуының 70-80%-і аэробты жолмен өтеді де, қалғандары АТФ пен КФ және гликолиздің ыдырауының салдарынан болады. Оттегінің қарызы 12л қанның құрамында эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобин көбейеді. Жүректің соғу жиілігі 3-4 мин-де 180-200 соғ\мин-ке жетіп, жұмыстың соңына дейін осы деңгейде сақталады.
Стандартты жаттығулар сапалы жасалған жұмыспен сипатталады: Бұлар – акробатика, суға секіру, мәнерлеп сырғанау, көркемдік және спорттық гимнастикалар. Атаулы спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылардың көру тепе-теңдік және кинестатикалық анализаторларына ауыртпалық түседі. Энергияның жұмсалуы АТФ және КФ есебінен жүріп, жұмыс динамикалық айналымда атқарылады.
Стандартсыз жаттығуларға спорттың жекелей түрлері \бокс, күрес, семсерлесу\ және спорт ойындары \волейбол, баскетбол, футбол, хоккей\ т.б. қозғалыстар, кростар \марфон, шаңғы тебу\ жатады. Қозғалыстың күрделілігі жағдайдың өзгеруі мен уақыттың жетіспеуіне байланысты өтеді. Қимыл әрекеттерінің ылғи өзгеріп тұруы сезім мүшелері мен ми сыңарлары қабықшасын шаршауға соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |