Термодинамика заңдары. Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата01.12.2022
өлшемі0,54 Mb.
#54242
  1   2


Термодинамика заңдары. 
Изопроцестер, олардың
медицинада қолданылуы
ОРЫНДАҒАН: ҚҰМАРОВА ШҰҒЫЛА АЙДАРҚЫЗЫ
ГРУППА : 104 А ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА
ТЕКСЕРГЕН: ЖУМАБЕКОВА РАМИЛЯ 
РЫСХАНҚЫЗЫ
МЕББМ « Қазақстан- Ресей медициналық
университеті 
NSEO «Kazakh-Russian medical university»



Мақсаты: Термодинамика заңдары туралы түсінік алу. 
Изопроцестер, олардың медицинада қолданылуын 
анықтау.

Өзектілігі: Термодинамика заңдары, изопроцестердің
медицина ғылымында өзекті екенін баяндау

Міндеті: Термодинамика, термодинамика заңдары 
және изопроцестер туралы анықтама беріп баяндау. 


Термодинамика дегеніміз не? 

Термодинамика - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және 
басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін 
тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған 
нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген 
құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер -
термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде 
жүретін процестер макроскопиялық шамалар, 
мысалға қысым немесе температура арқылы сипатталады 
және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді.


Термодинамика заңдарының
қолданылуы

Термодинамика заңдылықтары жалпы сипатта қолданылады және 
заттардың атомдық деңгейдегі құрылымына тәуелді емес. Сондықтан 
термодинамика ғылым мен техниканың энергетика, қозғалтқыштар,
фазалық ауысу, химиялық реакциялар, секілді көптеген салаларында 
қолданылады.Термодинамиканың физика мен химияның бірқатар 
салаларында, химиялық технология, аэроғарыштық технология, машина 
жасау, жасушалық биология, биомедициналық инженерия секілді 
алуан түрлі салаларда алатын орны ерекше.


Термодинамиканың бірінші заңы 

Термодинамиканың бірінші бастамасы — термодинамикалық
жүйелер үшін керек энергияның сақталу заңы. 

Бірінші заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның
ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы 
жұмысына жұмсалады.

Термодинамиканың бірінші заңының формуласы:


Термодинамиканың екінші заңы 

Термодинамиканың екінші заңы — атом, молекулала 
секілді статистикалық нысандардың, үлкен санынан тұратын 
жүйелердің өз бетінше ықтималдығы аздау күйден ықтималдығы 
молырақ күйге ауысу процесін сипаттайтын табиғаттың түбегейлі 
заңы.

Термодинамиканың екінші заңында жүйе термодинамикалық
процестен өткен сайын жүйе бұрынғыдай дәл сол күйге 
ешқашан толықтай оралмайды. Бұл уақыттың көрсеткіші үшін 
қолданылған бір анықтама, өйткені ғаламның энтропиясы 
термодинамиканың екінші заңына сәйкес уақыт бойынша 
әрдайым артады. 


Термодинамиканың үшінші заңы 

Термодинамиканың үшінші бастамасы — абсолюттік нөлге жуық
температура маңында, реакцияның жылу эффектісі мен 
максимал жұмысты сипаттайтын қисық сызықтар өзара бірігіп 
кетеді, ал олардың ортақ жанамасы температуа осіне 
параллель болады дейтін, химиялық реакцияларға тән 
эксперименттік нәтижелерді қорытындылаудан туатын постулат.


Изопроцестер 

Изопроцестер деп үш параметрдің (Р - қысым, V - көлем, Т -
температура) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр 
өзгеретін процесті айтады.
Изопроцестер үшеу: изотермалық, изобаралық, изохоралық.

Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру 
процесі Изотермалық процесс ( көне грекше: ἴσος - бірдей 
және көне грекше: θέρμη - жылу) деп атайды.

Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру 
процесі Изобаралық процесс (грек. көне грекше: ἴσος -
бірдей, көне грекше: βάρος - ауырлық салмақ) деп аталады.

Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ 
қысымының өзгеру процесін Изохоралық процесс (грек. көне 
грекше: ἴσος - бірдей және көне грекше: χώρος - көлем) деп атайды.


Изотермалық процесс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет