Тәуелсіз елім Қазақстан!



Дата12.02.2022
өлшемі14,36 Kb.
#25325

Тәуелсіз елім - Қазақстан!

«Отан дейміз от жаққан жерімізді ,

Отан дейміз өсірген елімізді .

Отан дейміз туған жер , атамекен,

Биік тау, орман , тоғай ,көлімізді »-деп ақындарымыз жырлағандай менде бүгін өз Отаным Қазақстан туралы жазбақпын. Мен өзге ұлт өкілі болсамда осы қазақ елің құрмет тұтамын. Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені.

«Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші ,әр адамның Отаны өзі үшін ыстық.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Тәуелсіз Республикасы.Мен орыс сыныбында оқысамда қазақ тілін жақсы көремін. Себебі осы пән арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін және тарихи тұлғаларын танып білдім.

Ертеңгі тойланғалы отырған Тәуелсіздік мерекесіне де қалай қол жеткізгенімізді сүйікті пәнім қазақ тілі және ұстазым Махпузаханым Мәкенқызы арқылы түсіндім. Тәуелсіздік алу жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев,Ләззат Асанова сияқты аға-әпкелеріміздің құрбан болғанын естідім. Енді қазақ елі ешқандай азапты өмір кешпей тек бейбітшілікте өмір сүрсін деп тілеймін.Мен барлық Қазақстан елің Тәуелсіздік күнімен құттықтап әрі қарай дамып, өзге елдің алдында жүрсін дегім келеді. Көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз аспанымызда шырқала берсін!

«Мичурин жалпы білім беретін мектебінің»КММ

8 «А»сынып оқушысы Попова Елена





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет