Тілдердің құрылымдық жағынан топтастырылуы



Дата27.04.2023
өлшемі12,83 Kb.
#87486
Байланысты:
9 нұсқа


9-нұсқа
Тілдердің құрылымдық жағынан топтастырылуы
Құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да бола беруі мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық болады. Тілдер құрылымдық жағынан қарай мынандай төрт типке бөлінеді:
1. Жалғамалы (агглютинативті) тип. Бұл типке: түркі, моңғол тілдері, угоро-фин, венгр тілдері кіреді. Бұл тілдердің қасиеттері:
1) грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) қосылуы арқылы беріледі;
2) қосымшалардың көбісі көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіп тұрады.
3) Осы қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана берсе болады.
4) Қанша қосымша қосылмасын, бәрі бір сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермей тұрады.
2. Даралаушы (аморфты) тип. Бұл тип-сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбайды және түбір түрінде қолданылатын тілдердің бірі. Бұны кейде түбір тілдер деп атайды. Даралаушы типке тибет, въетнам, тай, бирма, қытай, малайя-полинезей тілдері кіреді.
3. Қопарылмалы (флективті) тип. Бұл типке: неміс, араб, орыс, грек т.б, тілдер кіреді. Бұл тілдердің қасиеттері:
1) грамматикалық мағына жағынан ішкі флексия арқылы беріліп тұрады. Мысалы: Он играл, она играет; Я бегу, ты бежишь, он бежит.
2) Сонымен қатар, грамматикалық мағыналар сыртқы флексия арқылы да беріле береді.
3) Жалғамалы тілдерде қосымшалар көп жағдайда дара мағыналы болып тұрып, бір қызмет атқарса, қопарылмалы тілдерде бір қосымша бір немесе одан да көп грамматикалық мағына білдіріп, ол әр түрлі қызмет атқара алады.
4) Флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне кіріп кетеді де, түбірлер аффикссіз дербес түрде қолданыла алмайды.
4. Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. Бұл типке палеоазиат, яғни коряк, чукот, ительмен, эскимос, юкагир, нивх, кет, алеут тілдері мен американдық үндістердің тілдері кіреді.Бұл құрылымдық тип бойынша, бір сөз (негіз) екінші бір сөздің негізі мен қосымшасының (немесе префикс пен негіздің) арасына сыналанып, қыстырылып кіреді де, синтаксистік топты құрайды.
Осы типтің ерекшелігі: жоғарыда аталған үш түрлі типтегі тілдерде сөйлем арқылы белгілі болатын синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет