Тілдің ҚҰрылымдық, ЖҮйелік сипаттары. Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары



бет1/2
Дата24.02.2022
өлшемі17,82 Kb.
#26261
  1   2
Байланысты:
№ 4 дәріс мәтіні


ТІЛДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, ЖҮЙЕЛІК СИПАТТАРЫ. ФОНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ, САЛАЛАРЫ
Тіл – белгілі құрылымы және қызметі бар, бір тұтас жүйелі құбылыс. Яғни тілге құрылымдық, жүйелілік және қызмет деген үш түрлі қасиет тән. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән, нақтылы мазмұны болады.

Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастардың схемасын айтады. Ол бүтіннің әр тектес элементтерінің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер мыналар: 1. дыбыс (фонема), 2. морфема, 3. сөз, 4. сөз тіркесі, 5. сөйлем.

Дыбыстар (фонемалар) – есту мүшелері арқылы қабылданады, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажыратады. Мысалы, т,қ дыбыстары тал, қал деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр.

Морфема – дыбыстар мен мағынанның бірлігінен тұратын ең кіші тілдік элемент. Морфеманың түбір морфема (красн+ый, бүл+ін), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық; ағаш+тың бұтағ+ы) деген түрлері бар.

Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметін – номинативті (атау болу) қызмет деп атайды.

Сөйлем ойды, байымдауды білдіреді, бір нәрсені хабарлау қызметін атқарады. Сөз номинативтік қызмет атқарса, сөйлем коммуникативтік (пікір алысу, сөйлесу) қызмет атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін сөйлемдер арқылы іске асырады.

Ал жүйе дегеніміз – өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни жүйе – рет-ретімен ұйымдаса орналасқан бір тұтас құбылыс. Жүйе материя мен құрылымның бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады.

Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық саласынан (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстардың жүйесі», «дауыссыз дыбыстардың жүйесі» деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы қойылып топтасуы тілдің дыбыстық жағында берлгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі.

Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші элементтің болуын аңғартады. Мысалы, септеудің жүйесі кемінде екі септеудің, жіктелудің жүйесі кемінде екі жақтың (1-жақ, 2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден болса, онда олар жүйе құрай алмаған болар еді.

Жүйелілік қасиет тілдің ситаксис саласынан да айқын көрінеді. Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер (формалар) арқылы іске асады. Тіл-тілде сөздердің тіркесуінің қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу деп аталатын тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес, тіркесуші сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды. Сөйтіп, сөздердің байланысу тәсілдерінің жүйесін құрайды.

Тіл өзіндік құрылымы мен жүйесі бар күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады.

Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.

Фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.

Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.

«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді.»

Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.

Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді. :
Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. М. Қазақ – орыс, қазақ – ағылшын т.б.

Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.

Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіеу үшін, дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығу кезінде ауа жолына орналақан дыбыстау мүшелерінің белілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне, яғни қимыл – әрекетіне негізделген.Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозгалыс жасайды. Олар: тіл,ерін, жұмсақ таңдай, бқбешік, дауыс шымылдығы т.т. Бұлардың ішінде тілдің орны ерекше.

Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, келіп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда, мүлдем болмайды.оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады.Салдыр фонациялық ауаның ауыз қуысыеда тосқауылға ұшырауынан пайда болады.

Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.



Сингармонизм (грек. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді.

Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Сингармонизм түрлері. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады.



Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу) морфемалар жиігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.

Дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.

Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет