«Алматы облысы білім басқарамасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі «Тұйық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
Бұйрық № 231/1
Тұйық орта мектебі 01.09.2023 жыл
2023-2024 оқу жылын
бастау туралы.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2023-2024 оқу жылында 25 сәуірдегі № 3 хаттама,«Қазақстан Республикасының Орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1.20223-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарына арналған 25 сәуірдегі № 3 хаттама,«Қазақстан Республикасының Орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып оқу тәрбие процесін ұйымдастырылсын.
2.Оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру , оны жүзеге асыру мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Жанайдароваға міндеттелінсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын
Мектеп директоыр М.Аувакир
Таныстым Т.Жанайдарова
«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» «Тұйық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бұйрық №233 / 1
Тұйық орта мектебі 01.09.2023 жыл
«Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
жұмысын ұйымдастыру,
қызметін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің төрағалығымен өткен кеңестің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №28 хаттамасының 2\4 тармағын, «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттын «Адамның үйлесімді дамуын ұлттық институты» КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғамы) ғылыми әдістемелік кеңесінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №3 бекітілген шешімін басшылыққа ала отырып
БҰЙЫРАМЫН:
2023-2024 оқу жылында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» мектептің өзара іс қимылын күшейту, ата аналар арасында оң мәдениетті дамыту ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылсын.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын жүргізу мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Т.Жанайдарова, әлеуметтік педагог Д.Раматова, психолог Д.Кожаеваға,педагог - ұйымдастырушы Н.Керімбековаға тапсырылсын.
Шаруашылық меңгерушісі – Б.Абдибеков: Орталық қызметін ұйымдастыруда оқу кабинеттерін педагогтерге бекіту, ата-аналармен сабақ өтуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, сабақ өтуі барысында санитарлық-гигиеналық талаптар мен мектепке бөгде адамдардың кірмеуін қамтамасыз ету жүктелсін;
Мектеп кітапханашысы Бәзілжан Ұлбосынға : педагогтер мен сынып жетекшілерге ата-аналармен сабақ өтуге қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жүктелсін.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен және шығармашыл педагогтер арасынан Орталық қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобы құрылып, құрамы 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5.Орталықтың жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, ата-аналар жиналыстарында Орталық жұмысының тәжірибесімен таныстыру сынып жетекшілерге жүктелсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры М.Аувакир
Таныстырылды: Т.Жанайдарова
Д.Кожаева
Д.Раматова
Б.Абдибеков
Н.Бекмолдаева
А.Астемесова
С.Іңкарбаева
Ұ.Бәзілжан
Достарыңызбен бөлісу: |