Түйсік адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы



Дата10.12.2023
өлшемі6,15 Kb.
#136785

Түйсік - адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр- түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жумысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен турады. Біріншісі - сезім мүшесі (рецептор), екіншісі - миға* баратын жүйке талшықтары, үшіншісі - мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Қудайбердіулы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мурын - иіс, тіл -дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет