Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
ТРЕНИНГ
«Тұлға» атты психологиялық тренинг Орындаған Халбаева Зарина Топ Тп 22 13к3 Қабылдаған Ауелова Қ.Е
Шымкент 2024
«Тұлға» атты психологиялық тренинг
Мақсаты: Өзін-өзі тану. Өзін ашуға ықпал жасау.
Қажетті құралдар: нақыл сөздер, ақ парақ, маркер.
Тренинг барысы: Психологиялық бағыт беру (көңілді әуен ойнап тұрады).
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар. Қош келіпсіздер.
Әрбір адам — өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде» адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?!
1- жаттығу. «Бір күні»
Жайлы әуен ойнап тұрады. Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, өзімізді еркін сезінеміз әр күнді қалай өткізгенімізді көз алдымызға елестетеміз (2 секунд)
Көзімізді ашып, бір күнімізді қорытып шығарамыз.
Талдау.
2- жаттығу. «Уақыт».
Әр күндегі әр тапсырмаға қанша уақыт кететінін жазыңыз. Бірнеше оқушы бір күнін қалай өткізетінін айтып өтеді.
Талдау. Оқушылармен пікірлесу.
Талдау сұрақтары: 1. Әр күніңізді осылай өткізу сізге ұнай ма?
2. Әр күніңізді өткізу осылай өткізу дұрыс деп ойлайсыз ба?
3. Бір күнде өзін ұнайтын жұмыстарға қанша уақыт бөлесіз?
3- жаттығу. «Ойыңды айтуды ұмытпа»
1. Қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынас ол адамдардың бір-бірімен білім, еңбек, жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі, қарым-қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.
2. Өзін-өзі тану дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Өзін ашуға қандай жаттығуларды жасайсыңдар?
«Эмоция» ойыны (шармен).
Үш топқа шар беріп, үрлеуін сұраймын. Бірінші топ шарды үрлеп, аузын байлап, жарады. Екінші топ шарды үрлеп, желін жаймен шығарады.
Қай шардың жарылуы ұнады.
Талдау: Біздің эмоцияларымызда осы шар сияқты ашу- ызаңды толық шығарып жіберсең басқа адамдармен қарым-қатынасыңа зияны тиеді. Белгіленген мақсатқа жету үшін сабырлық қажет.
Ой жинақтау.
Өзіңді келешекте «Қандай боп көресің?» атты сурет салу.
Суреттерді талдау.
Қорытындылай келе әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі.