Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау



Pdf көрінісі
Дата05.04.2023
өлшемі40,67 Kb.
#79607


Ия 21-5 Нурманова Айнур
ОБӨЖ-5
Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау
жəне талдау.
Педагогика ғылымында тұлғаны тəрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру,
əлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен
ұғымдары болып табылатыны белгілі.
Тəрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тəрбиелеу», «қалыптастыру»,
«əлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең
алдымен адам ағзасындағы физиологиялық жəне психологиялық сапалық өзгерістер.
Бұл өзгерістер белгілі бір əлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат
ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде əлеуметтік қызметтерді (өмірге,
адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып
қалыптасады.
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.
Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен əртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол
сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген əлеуметтік – тұрмыстық жəне
рухани ептіліктер мен еңбектік дағды жəне əдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам
болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан
түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады,
сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық
ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез –
құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық —
əрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бəрінен
адамның анатомиялық – физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен
психикасының жəне танымдық мен шығармашылық іс — əрекетінің жетілуіндегі,
дүниетанымдық,имандылық, қоғамдық – саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір
– біріне кіріс байланысқан сандық жəне сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз
тағдырына өзі үкім ете білуі жəне өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін
меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың
шартты түрдегі жетістіктері жатады.
Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара əрекеті барысындағы өзгеріске
түсу үдерісі жəне оның дене құрылысы мен əлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы
өзгерістердің пайда болуы.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тəрбие ортадан дамуына қажетті
материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының
мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тəрбиесі көптеген идеяларға негізделеді:
— адамды қабілетіне жəне дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту;
— ересек адамдар мен балалардың бірлесу ісəрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім
мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы,
ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзінөзі
тəрбиелеу т.б.
Тəрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін
арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.


Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нəтижесі ретінде оның
кемелденуін жəне тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тəн сөйлеу мəдениеті жəне жеке өз
басына байланысты əртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік
мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы
басталады.Табиғи мүмкіншіліктер адамның əлеуметтік өмір əрекеттерінің барысында
дамиды.Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың,
қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тəрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның
саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет,
мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тəрбие жеткіліксіз, əлсіз болса,
баланың қалыптасуына кері əсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екі топқа бөлінеді:
ішкі жəне сыртқы. Қоршаған орта, тəрбие – сыртқы əсерлер. Сыртқы əсерлерінен пайда
болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі əсерлерге жатады. Жеке
тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаның қалыптасуында отбасы маңызды рөл атқарады.Ол - бала тұлғасын
əлеуметтендірудің факторы жəне белсенді субъектісі болып табылады. Отбасы
тəрбиесі - көзделген нəтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің
тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Əлеуметтік, отбасы жəне
мектеп тəрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істердің ауқымын құрайды.
Отбасы-лық тəрбиенің мектеп тəрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы
педагогикада қарастырылады да, ал сол мəселенің əлеуметтік жағдайлары əлеуметтік
педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тəрбиеленіп жатқан адамның тəн-дене жəне
рухани дамуына əсер етуші ықпалдар мəні мен мағынасының терендігіне тəуелді
келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан -
тəрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар
мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу
деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да,
еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл əдеп пен өнер кілті де. Осыдан,
педагогтар нақты да дəл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нəтижелілігі ең
алдымен отбасыға тəуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тəрбиелік ықпалы
ұнамды келсе, тұлғаның тəн-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тəрбиесінің өнімі де
жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, əр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі
заңдылыққа тəуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет