Тұлғаның іскерлік қарым-қатынас жасауында мәнді қасиеттердің тізімі
Адалдық – бұл іскер адам үшін ең маңызды қасиет. Егер сізде бұл қасиет болмаса, іскери серіктеспен қалыпты қарым-қатынас орнату мүмкін болмайды.
Өнегелілік – бұл іскер адамның өз іс-әрекеттерінің барлық объективті салдарын және оларды басқа адамдардың субъективті қабылдауын болжай білуін көрсететін қасиет.
Әділеттілік іскер адамның қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынасында үнемі болуы керек.
Төзімділік – бұл іскер адамның қарым-қатынасындағы міндетті қасиеті. Бұл қасиет басқа адамдардың мүдделеріне, нанымдарына, сенімдеріне, әдеттеріне құрметпен қарауды сипаттайтын адамгершілік қасиет.
Ұстамдылық – бұл іскер адамның жеке басының қасиеттері, онсыз оның кәсіби қызметі мүмкін болмайды. Егер іскер серіктес ашуланса және жағымсыз эмоцияларын көрсетсе де, ортақ іс үшін тура солай жауап қайтаруға болмайды.
Зейін іскер адамға күнделікті практикалық іс-әрекетте қажет. Іскери серіктеспен жұмыс жасағанда, ұсақ егжей-тегжейлерге назар аударып отыру керек.
Оптимизм. Кәсіпкерлік – бұл ең күрделі салалардың бірі, өйткені іскер адам белгісіздік жағдайында, бизнеске байланысты тұрақты тәуекелдерге, барлық түрдегі серіктестер мен әріптестерге болашаққа деген сенімділікті көрсетуі керек.
Эмпатия. Аяушылық және жанашырлық түріндегі эмпатия қабілеті іскер адамның қажетті тұлғалық қасиеті болып табылады және көбінесе өзін іскер серіктестің орнына қою қабілетімен анықталады.