Оңтүстік Мемлекеттік педагогикалық
Университеті
Глоссарий
Орындаған:Тұрдалы.Д.Ө
Тобы:1701-51
Қпбылдаған:Бердыбекова.А.Л
Шымкент 2023жыл
Өндіріс шығындары- материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының жиынтығы. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны.
Өнімнің өзіндік құны- өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер шығындарының ақшалай сомасы
Өндіргіш күштер — бұл өндіріс құрал - жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.
Өнеркәсібі дамыған елдер– озық технологиялы негізгі капиталдың үлкен көлемін жинақтауға негізделген және біліктілігі жоғары жұмыс күшін иемденген нарықтық экономикасы дамыған АҚШ, Канада, Жапония және Батыс Еуропа елдері сияқты мемлекеттер.
Өспелі балама шығындары– өнім өндірісін ұлғайтқан сайын сол өнімнің әрбір жаңа бірлігін өндіруге кететін балама шығындардың және шекті шығындардың өсіп отыру үрдісі.
Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.
Таза пайда- кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен қалған қалдық пайда
Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім
Трансферт төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. 2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.)
Төлем балансы - шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлем сомасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сомалар арасындағы айырмашылық. Төлемдер мен түсімдерге алтын,тауарлар мен қызметтердің қүны, туристердің шығындары, капиталдың қозғалысы, пайыздар мен несиелердің негізгі сомасы кіреді.
Трансұлттық корпорация - штаб пәтері бір елде орналасқан және көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан халықаралық корпорация.
Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.
Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.
Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.
Дифференциалды рентаll-ші - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.
Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.
Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |