Today каналына сұхбат берген,суицид ойынан бас тартқан Дженнифер Притс. “Егер мен кетсем,біреулерге қызық болатынына сенбедім.Біреулер байқайды деп те ойламадым. Суицидтан бас тарту.Бұл қалай? Менің есімім Дженнифер Притс,мен 36 жастамын.Мен Портландта,Орегона штатында тұрамын.Менің бес жасар Эдвин ұлым бар. Менің балалық шағым кереметтей болмады.Маған ауырлық тигізген көптеген жағдайлар болды.Менің жас кезімде,мен 18-ге толып колледжге оқуға түсіп кеткеніме дейін ештеңе рұқсат етілмейтін.Және де маған биополярлы ауытқу диагнозын қойды.Менің бұрынғы жігітім,менімен қарым-қатынасымызды үзіп,хат тастап кетті.Онда сенің көз жұмғаның жақсы деп айтылған.Менің естігенім тек:менің көз жұмғаным жақсы,менің көз жұмғаным жақсы .Мен викодинның жарты бөтелкесін алып, алкогольмен ішіп,ұйықтауға кеттім.Мен алғаш оянған кезде тұманды сездім.Мен тұрған кезде,бүгін қандай күн екенің түсіне алмадым.Менің таңғалатыным:неге ешкім келмеді және мені іздемеді.Себебі бір жарым күндей болды.Осы сәтте мен ойладым:Мен біреуді шақырғанды жек көремін.Сонда мен:”Эбби,маған терапевтың кабинетіне оралуым керек,себебі дұрыс болу керек нәрсе дұрыс болмады. Білесіздер ме?Танымал адамдар өздеріне қол жұмсағанда,адамдар ойлайды:Ол адамда бәрі бар ғой,бұлай неге жасады. Сендегі бар заттардың маңызды еместігін және бұл жәй ғана сенің миынның саған шабуыл жасап жатқаның адамдар түсінбейді. Мен өзімді аман қалғанмын деп есептеймін.Мен өзіме қол жұмсауға оқталдым.Қандай-да бір ғажайыппен аман қалдым.Мен өзімнің оқиғамды басқа адамдар,істің екінші жағында бәрі жақсы болатының білсін деп айтып жатырмын”,-деді Дженнифер Притс. Осы оқиғаны бөлісіп,жазу мақсатымыз айқын.Біз адамдардың асығыс шешім қабылдағаның қаламаймыз.Әрбір адам бақытты өмір сүру үшін жаралған.Өміріміз біз ойлағандай болмаса,неге өз ойымыздағыдай қылып сүрмеске?!Ешбір адамның үмітсіз қадамға баруын қаламаймыз,тіптен суицид жайлы ойдың келгенің қаламаймыз.Және де біздің ойымызша:Адамдар бір біріне айыптау көзқарасымен қарамай,бір-біріне жылулықтары мен мейірімділігін көрсетсе екен дейміз.Себебі:адамдар бір-біріне өтірік айтып,қатал болып бара жатыр.Осындай қарапайым бірақ маңызды қадамға бірге қадам басайық.Біз әлемде ешкімнің суицид жасағаның қаламаймыз. Біз суицид жағдайын төмендету үшін бірнеше ұсыныс ұсынғымыз келеді: 1.Бір ай немесе екі ай сайын балаларға,жасөспірімдерге және ересектерге психологиялық тренингтер өткізу.Суицидтің жасалуының дұрыс еместігін балаларға,жасөспірімдерге және ересектерге түсінікті етіп жеткізу. Себебі:тренингке қатысқан адамдарда суицидтің дұрыс еместігі жайоы ой қалыптасады. 2.Мектептегі медициналық пунктте кәсіби психологтардың болуы және оқушылардың айтқанына құлақ асуы.Өз жұмысын жоғары сапада жасау. Себебі:барлық медицина қызметкерлері өз ісінің маманы болып,әр оқушыға арнайы тәсілмен сөйлесетін болса,оқушыларда ештеңе жасырмастан барлығың айтады. 3.Осы үшінші ұсынысымызда,қарапайым ғана ұсыныс айтқымыз келеді.Ол қолдау.Не болсада,ештеңеге қарамастан өз досымызды,баламызды,жақын жандарымызды қолдау. Себебі:Біз жақындарымыздың әр шешімін қабылдап,қолдайтынымызды білдіру.Әрқашанда жаңынан табылатынымызды сезіндіру.