Тор көздер санын



Дата26.09.2022
өлшемі16,76 Kb.
#40259
Байланысты:
аудан есеп


  1. Тор көздер санын есептеу.

Суреттегі фигураның ауданын табыңыз.

Шешуі. Тор көздер санын санаймыз. Берілген фигура барлығы 42 торкөзді қамтиды, сондықтан берілген фигураның ауданы 42 квадраттық бірлікке тең.


  1. Планиметрия формулаларын қолдану.


Суреттегі фигураның ауданын табыңыз.

Шешуі. Планиметрия формуласын қолданамыз. Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі өлшемінің көбейтіндісіне тең Берілген тіктөртбұрыштың ұзындығы 9 бірлік, ені 5 бірлік, сондықтан оның ауданы S=9*5=45 квадраттық бірлік.


  1. Көпбұрышты қарапайым фигураларға бөліп қарастыру.


Суреттегі фигураның ауданын табыңыз.



Шешуі. Суреттегідей қосымша сызық (кесінді) жүргізу арқылы берілген фигураны екі тіктөртбұрышқа бөлеміз. Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі өлшемінің көбейтіндісіне тең. Сондықтан берілген фигураның ауданын екі тіктөртбұрыштың аудандарының қосындысы ретінде анықтай аламыз: S=3*6+6*4=18+24=42 квадраттық бірлік.


  1. Берілген көпбұрышты толықтыру арқылы тікбұрышты фигура құрастыру.


Суреттегі фигураның ауданын табыңыз.

Шешуі. Суреттегідей қосымша сызықтар (кесінділер) жүргізу арқылы берілген фигураны тіктөртбұрышқа толықтырамыз. Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі өлшемінің көбейтіндісіне тең. Сондықтан берілген фигураның ауданын екі тіктөртбұрыштың (толықтыру нәтижесінде пайда болған үлкен тіктөртбұрыш пен қосылған кішкене тіктөртбұрыш) аудандарының айырмасы ретінде анықтай аламыз: S=9*6-6*2=54-12=42 квадраттық бірлік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет