Тоқтасын Шұғыла, 305-топ



Дата08.03.2022
өлшемі20,6 Kb.
#27251
түріҚұрамы
Байланысты:
Синтаксис2


Тоқтасын Шұғыла, 305-топ

Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі, сөз тіркесіне қатысты еңбектерге талдау жасау

Синтаксис грамматикалық ілім ретінле мынадай екі салаға бөлінеді:

1.Сөз тіркесінің синтаксисі.(Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі,тіркесу тәсілдері мен формалары,сөз тіркестерінің құрамы т.б.)

2.Сөйлемнің синтаксисі.(Сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түрлері.)

Қазақ тілінің синтаксисінің негізін А.Байтұрсынов , Қ.Жұбанов , С.Аманжолов , Н.Сауранбаевтар қалаған болса , кейіннен М.Балақаев , Т.Қордабаев , Қ.Есенов , Ә.Аблақов , О.Төлегенов , Т.Сайрамбаев , Р.Әміров , М.Серғалиев , Ж.Садуақасов , Е.Ағманов , Б.Шалабаев , Ж.Жақыпов сынды ғалымдар оны әр қырынан зерттеп , аталған ғылым саласын дамытуға зор үлес қосты . Сөз тіркесінің қарастыратын мәселелері :

- Сөз тіркесіне тән белгілер .

-Сөз тіркесінң өзіне ұқсас тұлғалардан ерекшелгі .

-Сөз тіркесі мен номинативті тіркестер .

-Сөз тіркесі мен күрделі сөздер .

-Сөз тіркесі мен күрделі сөздер .

-Сөз тіркесі мен сөйлем .

- Сөз тіркесі және сөздерің тіркесімділігі .

- Сөздердің тіркесу тәсілдері .

- Аналитикалық тәсіл .

- Синтетикалық тәсіл .

- Аналитика - синтетикалық тәсіл .

- Сөздердің байланысу формалары .

Сөз тіркесін топтастыру принциптері . Сөз тіркесі өз алдына арнайы сала ретінде 1950жылдардан бастап сөйлем синтаксисінен бөлініп зерттеле бастады . Алдымен , сөз тіркесі деген не , оған кандай қасиеттер тән деген мәселенің басын ашып алу міндеті тұрды . Сөз тіркесі болу үшін толық лексикалық мағынаға ие кемінде екі сөз бір-бірімен сабактаса байланысуы керек. Ал толық мағыналы сөздерге тән болып есептелетiн номинативтілік қасиеті сөз тiркесiне тән бе ? Міне , осы тұста ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас қалыптасты . Ғалымдардың бір тобы ( В.В.Виноградов , А.С.Смирницкий , В.В.Бабайцева , К.Аханов , А.Н.Баскаков ) сөз тіркесіне номинативтілік қасиет тән десе , ғалымдардың екінші тобы ( Ю.В.Фоменко , Л.И.Мойсеев , М.Б.Балақаев , Ә.Аблақов ) сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады . Расында да екі номинативтілік мәні бар сөздер тіркесіне үшінші бір номинативтілік мән пайда болмайды , олардың арасында жаңа грамматикалық қатынас - анықтауыштық , толықтауыштық , пысықтауыштық қатынастар пайда болады . Мысалы : жаңа сындық мәнді , кітап заттың атын білдіретін сөз , екеуінің тіркесінен жаңа лексикалық мән пайда болмайды , екі сөздің арасында анықтауыштық қатынас пайда болады . Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білу қажет . Ең алдымен , номинативті тіркестерден айырмашылығына келер болсақ , номинативті ( атаулы ) тіркестер де басында еркін тіркестерден қалыптасқан .

Кейіннен сөйлеу процесінде тұрақталып , лексикалық единицаға ауысқан . Мысалы , тіліміздегі темір жол , аяқ киім , еңбек кітапшасы , қант қызылшасы сияқты тіркестер бір кездегі анықтауыштық қатынастағы еркін сөз тіркестері . Кейіннен тіл дамуы барысында бұл тіркестер әдеттегі сөз сияқты бір ғана ұғымның атауын білдіру дәрежесіне жеткен . Сөз тіркесі мен күрделі сөздер құрамындағы сөздердің қатысы жағынан ұқсас болғанымен , айырмашылықтары бар . Біріншіден , күрделі сөздердің бір тобының құрамындағы сөздердің біреуінің ғана лексикалық мәні толық болса сөз тіркесі құрамындағы сөздердің кемінде екеуінің толық мағынасы болуы керек . Күрделі сөздер сөз тіркесі сияқты екі сөздің қатысынан жасалса да , көбінесе бір ғана ұғымның атауы болып , бір ғана сөз мәнінде қолданылады . Сөз тіркесі - сөйлем құраудың материалды негізі , ал сөйлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы . Синтаксис сөздерді , сөз тіркестерін сөйлемнің бөлшектері ретінде , ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық , синтаксистік категория ретінде қарастырады.

1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев бірігіп жазған оқулықтары шықты және 1940 жылы Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы деген атпен С.Аманжоловтың кітабы шықты . Бұл кітап 1950 жылы және 1994 Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы деген атпен қайта басылып шықты . Онда С.Аманжолов сөйлемдегі сөздердің қарым қатынасын субъектінің басқа мүшелерге түсірген әсерінен болатын түрліше құбылыс деп түсіндіріледі . Бұл тілдік тұрғыдан қарағанда сөздердің бір- біріне жалғастырушы элементтерін тексеру болып шығады .

Алайда , синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем кұрылысын гана зерттеумен шектелмейтінін уакыт көрсетіп отыр . Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес , сол нысандарға катысты арнайы проблемалар мен зерттеу эдiстерi тұрғысынан да кеңейткен . Мысалы , орыс ғалымы Н.Ю.Шведова казіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды : сөз тұлгасы , сөз тіркесі , жай сөйлем , кұрмалас сөйлем , мэтін . Бұлар қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып , күрделі бір синтаксистік тұтастыкты кұрайды деп есептейді.

Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін басыңқы сыңардың мағыналық қасиеттеріне қарай топтастыруда кейбір ерекшеліктердің байқалатыны анық. Мәселен, ғалым К. Аханов пен профессор М. Серғалиев есімді, етістікті сөз тіркестеріне «үстеулі сөз тіркестерін» қосқанды жөн санаса, ал профессор Т. Сайрамбаев ғалым М. Балақаевтың «Ортақ меңгеру» деген пікірін негізге алып, есімді, етістікті сөз тіркестерінің қатарына «Ортақ басыңқы сөз тіркестерін» қосқанды құптайды.

Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде жасалып, коммуникативтік қызмет атқарады. Еркін сөз тіркестерінің сөйлеу кезінде жасалатыны жөнінде ғылымда айтылған тұжырымдар өте көп. Соның негізгі түйіндісі профессор Р.С. Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» атты оқулығында қарастырылған деп есептейміз. Автор былай деп жазады: «Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді». Демек, сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінісі еркін сөз тіркестері десек, олардың сөйлеуде пайда болатыны, сөйтіп негізінен коммуникативтік қызметте жұмсалатыны түсінікті болады. «Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз», – деп жазады Р. Әмір аталған зерттеуінде.



Сөз тіркесі синтаксисінде сөздердің сөйлемдегі тіркесе алу қабілеттігі, олардың байланысу тәсілдері мен тұлғалары, сөз тіркесінің құрамы мен мағынасы, сөз тіркесінің типтері қарастырылады. Осылардың әрқайсысының дәстүрлі жұмсалу дағдысы, берілу жүйесі мен амалдары бар. Сөздердің сөйлемдегі тіркесу ережелері, заңдылықтары, амалы болады.

Тілдің синтаксистік құрылысындағы құбылыс, ең алдымен оның құрамына енетін жеке сөздер тіркесінен айқын көрінеді. Сөйлемдегі болатын құрылымдық өзгерістер мен жаңалықтар сөздердің сөйлем мүшелік қызметіндегі өзгерістерге, олардың бір – бірімен қарым – қатынас түрлеріне тікелей байланысты. Сөз тіркесі мен сөйлемнің лексикалық-грамматикалық элементі сөз. Олардың өзгеруі, басқа сөзбен байланысқа түсіп жұмсалуы сөйлемде (мәнмәтінде) ғана анықталады. Синтаксистік сөз тіркесі де сөйлем арқылы көрініп, оны құраудың материалы болады. Сондықтан сөз тіркесі жүйесіндегі өзгерісқұбылыстардың орнымен болуын, синтаксистік нормаға, синтаксистік қатынасқа қатысты өзгерісті, қала берді оның тіл дамуындағы мәнін ашу орынды болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет