Электрлік машина жасау XIX ғ. ортасында дами бастады. Сол уақыттағы оқымыстылармен жүргізілген электрмагниттік өрісті зерттеулер практикалық қолданысқа ие модельдерді құрастыруға мүмкіндік берді.
Белгілі мағыналы жұмыстарға француз физигі А. Ампер, ағылшын физигі М. Фарадей және орыс ғалымдары Э. Ленц, Б. Якоби және М.О. Доливо-Добровольский ие болды, олардың жұмыстары айнымалы токты пайдалануда қуатты серпіліс берді. XX ғ. басында электр энергиясын халық шаруашылығында пайдаланудың айрықша артықшылықтары және кең мүмкіншіліктері болды. Электр энергиясының, яғни өндірудің қарапайымдылығы, түрлендіруі, трансформациялануы, таратуы және алыс арақашықтыққа тасымалдануы сияқты тамаша қасиеттері дәлелденіп және практика жүзіне енгізілді.
Электр генераторы және электр қозғалтқышы ұзақ уақыт бойы бір-біріне тәуелсіз дамыды, тек XIX ғ. 70 ғ. жылдары олардың даму жолдары бірікті.
Тұрақты токтағы электрлік машиналардың дамуы төрт кезеңді өткерді:
а) тұрақты магниттегі магнитэлектрлік машиналар;
б) тәуелсіз қоздырылатын электрмагниттік машина;
в) қарапайым зәкірлердегі және өзі қоздырылатын электрмагнитті машина;
г) зәкірлері және көп полюсті жүйелері жетілдірілген.
Электр машиналардың бастапқы даму кезеңі тұрақты токпен байланысты. Бұның түсіндірілуі, яғни электр энергиясының тұтынушылары ретінде тек тұрақты токта жұмыс істейтін құрылғылар (доғалы шамдар, гальванопластикалық құрылғылар және т.б.) болды.
Электр темір жолдарының дамуынан электр қозғалтқыштарына және генераторларға деген сұранысты ерекше арттырды. XVIII ғ. 80 жылдары электр энергиясын арақашықтыққа тасымалдаудың қажеттілігі туды. Бірақ та тұрақты токтағы генераторлардағы жоғарғы кернеу коллектордың жұмысын нашарлатты, апатқа жиі ұшыратты.
Айнымалы токты дамытуда елеулі еңбек сіңірген орыс ғалымы П.Н. Яблочковка 1876 жылы өзі ойлап тапқан электр шамдарын қоректендіру үшін трансформаторларды пайдаланды.
Қазіргі уақытта қолданылатын тұйықталған магнит өткізгіші бар трансформаторлар 1884 ж. пайда болды. Трансформаторлар ойлап-құрастырылғаннан кейін, оған дейін қолданысқа ие болмаған айнымалы токқа деген техникалық қызығушылық пайда болды.
Орыстың белгілі электртехнигі М.О. Доливо-Добровольский 1889 ж. айнымалы токтағы үш фазалы жүйені ұсынды, бірінші болып үш фазалы асинхронды қозғалтқышты және бірінші болып үш фазалы трансформаторды құрастырды. 1981 ж. Франкфурт-на-Майнадағы электротехникалық көрмеде М.Д. Доливо-Добровольский тәжірибелік 175 шақырым арақашықтыққа (Франкфурт-на-Майнадағы Лауфен жерінде) айнымалы токтағы жоғары вольтті электр тасымалдауды көрсетті. Үш фазалы генератор 95 В кернеуінде 230 кВА қуатқа ие болды. Үш фазалы трансформаторлардың көмегімен Лауфендегі генератордың кернеуін 15 кВ-қа дейін жоғарлатылды және Франкфурт-на-Майндегі 65 В-қа дейін төмендетіліп қуаты 75 кВт сораптық құрылғының үш фазалы асинхронды қозғалтқышы қоректендіріледі. Жүргізілген тәжірибелерде екі трансформатордың жоғарғы кернеудегі екі орамасын тізбектей жалғау арқылы электр тасымалдау желісіндегі кернеу 28 кВ-қа дейін жоғарлатылды. Электр тасымалдаудың пайдалы әсер коэффициенті 77,4% болды және ол кезде жоғары саналды.
Одан әрі май трансформаторлары пайдалана бастады, яғни май жақсы оқшаулама және жақсы салқындату ортасы екені анықталды. Соңғы жүз жылдық электрлендірудің негізінде өндірістің және транспорттың тез өсуімен сипатталды. Трансформаторларға және электрлік машиналарға үнемділіктерін жоғарлату, массаларын және габариттерін азайту сияқты жоғары талаптар қойылды. Трансформаторлардың және электрлік машиналардың жұмысы кезінде өтетін электрмагниттік және жылулық үрдістерін зерттеулерде, жаңа оқшауламалық материалдарды іздеулерде және электротехникалық болаттың қасиеттерін жақсартуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Электрлік машиналар және трансформаторлар туралы жалпы мағлұматтар
Электр машинасының әрекеті электрмагниттік құбылысын пайдалануға негізделген, механикалық энергияны электрге немесе электр энергиясын механикалыққа немесе электр энергиясын басқа түрдегі токтың электр энергиясына, басқа кернеуге, басқа жиілікке түрлендіруге арналған.
Механикалық энергияны электрге түрлендіретін электр машинасы генератор деп аталады. Барлық электрлік энергия электрстансыларда орнатылған айнымалы токтағы (синхронды) генераторлармен өндіріледі. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру қозғалтқыштармен іске асырылады. Кез келген электрлік машинаны генератор негізінде және электрлік қозғалтқыш негізінде пайдалануға болады. Электрлік машиналардың түрлендіретін энергияның бағытын өзгерту қасиеті қайтымдылық деп аталады.