Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (ары қарай – КТЖ) 7 сыныптың «Информатика» пәніне арналған.
КТЖ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) және аталған үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар негізінде әзірленді.
КТЖ әзірлеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдары» және 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулары ескерілді.
КТЖ 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу дербес анықталды.
Сабақ кестесіне байланысты тоқсандық сағаттар санында өзгерістер болған жағдайда КТЖ-да «Ескерту» бөлімінде түсіндірме жазба қалдырылады.
2.«ИНФОРМАТИКА» ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Информатика» оқу пәні бойынша 7–сыныпта оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылына 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген) негізінде бекітілген «2022-2023 оқу жылына арналған мектептің оқу жұмыс жоспарына» сай анықталды.
«Информатика» оқу пәні бойынша 7–сыныптың базалық білім мазмұны төмендегідей:
«Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кешжады)»;
«Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»;
«Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»;
«Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»;
«Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері», «Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»;
«Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау»;
«Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау».
Негізгі міндеттері:
білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;
ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту;
білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету;
талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту;
білім алушылардың бойынша жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;
білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру;
білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.