Қазақша ет асу үшін жылқы еті немесе, қой еті, сиыр еті болса да, жуылып салқын су құйылған қазанға тұтас салынады және отты аздап басыңқырап қойып, бабымен қайнатады. Бір қайнаған соң көбігі алынып, одан әрі араластырылып қойылады.
To make Kazakh meat, whether it is horse meat or mutton or beef, it is washed and put whole in a pot filled with cold water and the fire is turned down a little and boiled. After boiling, the foam is removed and further mixed.
Ет қайнап жатқан кезде оған салынатын қамыр дайындалады. Ол үшін алдымен еленген ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып, қамыр иленеді. Содан кейін дөңгелектеп күлше қалпына келтіреді де әлгі табақ 30 – 40 минут төңкеріліп қойылады. Сонда қамыр көтеріледі.
While the meat is boiling, the dough is prepared. First, sifted flour is placed in a deep bowl, a little water is poured, raw eggs are cracked, and the dough is kneaded. After that, the ash is rounded and the plate is placed upside down for 30-40 minutes. Then the dough will rise.
Еттің пісуіне аз қалғанда қабығы аршылып, жуылған картоп салынады. Картоп та, ет те піскеннен кейін бөлек ыдысқа түсіріліп алынады.
Shortly before the meat is cooked, peel and add washed potatoes. After cooking, both potatoes and meat are taken out in a separate bowl.
Тұздыққа қазаннан кесеге сорпа құйылып алынады да,сақиналап туралған пияз саламыз
Pour the soup from the pot into a bowl and add the chopped onion to the sauce.
Сөйтіп, қазанның астындағы от күшейтіліп, сорпаға манағы дайындалған қамыр салынып пісіріледі. Қамыр қазанға түсісімен бірден қайнап кетуі тиіс. Сонан соң ғана отын басып қояды.
So, the fire under the cauldron is intensified, and the dough made of mana is added to the soup and cooked. The dough should boil immediately after entering the pot. Only then does he turn on the fire.
Нан піскен соң жайпақ табаққа түсіріп алынады да, үстіне ет салынып, дастарқанға әкелінеді.
After the bread is cooked, it is taken out on a flat plate, meat is put on it and brought to the table.
Ет дастарқан басында қиялай туралып, үстіне әлгі кесеге бұқтырылған тұздық қойылады. Картоп бітеу күйінде табақтың жиектеріне қойылады.
The meat is spread on the table and the stewed sauce is placed on top of it. Potatoes are placed on the edges of the plate.
Сорпа шұңғыл табақпен әкелініп, ет желініп болған кезде, кесеге құйып беріледі.
The soup is brought in a deep plate, and when the meat is cooked, it is poured into a cup.
Етті үйдің ең кішісі турайды да, үлкендерге сүйек тартылады.
The youngest of the family cuts the meat, and bones are pulled for the elders.
Қазіргі кезде қала жағдайында ет ас үйде туралып, дастарқанға дайын күйінде әкеледі.
Nowadays, in urban conditions, meat is prepared in the kitchen and brought to the table.