Түзету психологиясы туралы түсінік
Эссе
Орындаған: Тулеуова С.
Топ: ДБОТ 21-02
Түзету психологиясы– заң психологиясының саласы; құқық бұзушыларды көбіне еңбекпен түзеу мен қайта тәрбиелеудің жағдайлары мен ерекшеліктерін (бұл адамдардың зиятттылық және тұлғалық қасиеттерін, олардың түзеу мекемелеріне бейімделу процесін, бостандығынан айырылудан болған психикалық күйін, еңбекке дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеу әдістерін, түзелуге ден қоюшылықтың қалыптасуын) зерттейді. Т.п. жекелеген құқық бұзушылардың психологиясын, сондай-ақ қамау орындарындағы ресми және бейресми топтардың құрылымын, олардың құралу және қарекет механизмдерін зерделейді. Т.п. бойынша ғылыми зрттеулердің нәтижелері құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендіруге, олардың бостандықтағы қалыпты өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыруға, сондай-ақ қылмыскерліктің қайталануына жол бермеуге бағытталған практикалық психологиялық- педогогикалық ұсыныстар белгілеуде пайдаланылады.
Заң психологиясы — заң нормаларының жолын қабылдауға қатысушы адамдардың күйін, психикалық үрдістері мен құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының бір саласы.
Бұл сала:
сот психологиясы,
қылмыс психологиясы,
еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады.
Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады.
Түзету психологиясы тұтқындагы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |